Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Химия 8-сынып



бет8/10
Дата12.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#60023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ХИМИЯ КАЛЫПТАСТЫРУШЫ


Дескриптор Білім алушы


  • сурет бойынша кристалл торлардың түрлерін ажыратады;

  • кристалл тор түйіндерінің ерекшелігін көрсетеді;

  • кристалдық тор типтеріне байланысты заттар қасиеттерін жазады;




  • кристалл торына сәйкес затқа мысал келтіреді.




30


Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.1 Заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суда ерігіштігіне байланысты заттарды жіктейді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі
Тапсырма
Заттарды суда ерігіштігі бойынша жіктеңіз және әр топқа бір мысалдан келтіріңіз.



Заттар


Дескриптор Білім алушы


  • заттарды суда ерігіштігіне байланысты топтарға жіктеп жазады;




  • әр топқа бір мысалдан келтіреді.

31


Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.3 Заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың ерігіштігіне температураның әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Мыс сульфатының 100 г судағы әр түрлі температурадағы ерігіштік кестесі берілген.


Температура 0С

20 0С

40 0С

60 0С

80 0С

100 0С

Грамм тұз (г)

20

30

40

58

65

(а) Кестедегі мәндерді қолдана отырып, ерігіштіктің температураға тәуелділік графигін құрыңыз. (Y осіне ерігіштікті, X осіне температураны белгілеңіз)



(b) Қатты заттардың ерігіштігі температура артқан сайын қалай өзгереді?




  1. 100 г суда 50 г мыс сульфатын ерітуге 45 0С температура жеткілікті ме? График бойынша анықтаңыз. Жауабыңызды есептеп, дәлелдеңіз.



Дескриптор Білім алушы


  • кестеде берілген мәндерді қолданып, ерігіштіктің температураға тәуелділік графигін құрады;

  • қатты заттардың ерігіштігіне температура әсерін жазады;

  • график бойынша берілген температурада еритін тұз массасын есептеп, дәлелдемесін жазады.

32

Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.5 Еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі

массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу


Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерітіндідегі еріген заттың массасын есептейді
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
(а) 30 % -ды 250 г ас тұзы ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұзды, неше грамм суда ерітеді.



Еріген заттың


массасы ?
Еріген заттың
массалық
үлесі 30 %

250 г ас тұзы

ерітіндісі



  1. 5 % -ды, 300 г кальций хлориді ерітіндісін дайындау үшін қажет тұздың массасын есептеңіз.

Дескриптор Білім алушы





  • еріген заттың массасын есептейді;

  • еріткіштің массасын есептейді.

33


Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.6 Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын

есептейді


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма

(а) 2000 мл ерітіндіде 65 г никель хлориді ерітілген. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз.




  1. 500 см3 ерітіндіде 1,4 моль тұз қышқылы ерітілген. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз.



Дескриптор Білім алушы


  • ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын табудың формуласын жазады;

  • ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді.

34


4- тоқсан

Бөлім 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

Генетикалық байланыс
Оқу мақсаты 8.3.4.7 Оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың

химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру


Бағалау критерийі Білім алушы
• Оксидтерді жіктейді
• Оксидтердің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция

теңдеулерін құрастырады


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма


  1. Оксидтертердің жіктелуін жазыңыз және берілген оксидтерді төмендегі кестеге бөліп орналастырыңыз: Al2O3, CaO, K2O, P2O5, CO2, SO3, FeO, ZnO, NO2, BaO, SO3, CuO, BeO



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет