Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Информатика 5-сынып Құрметті мұғалім!


Тақырып «Қалай компьютерде зиянсыз жұмыс істеу кажет?»



бет2/9
Дата12.10.2022
өлшемі6,12 Mb.
#152696
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
!6-ОШ ҚБ Информатика 5-сын қаз (1)

Тақырып «Қалай компьютерде зиянсыз жұмыс істеу кажет?»



Оқу мақсаты

5.4.1.1 Қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу туралы ой қорыту



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзудың себеп-салдарын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Тапсырма

1. Суреттегі жағдайлар неге қауіпті екендігін түсіндіріңіз.





Жағдай

Түсініктеме

Жағдай

Түсініктеме






















Дескриптор

Білім алушы

  • компьютер алдында тамақтанудың салдарларын түсіндіреді;

  • компьютер алдында дұрыс отырмау салдарларын түсіндіреді;

  • компьютердің электр өткізгіш құралдарын ұстау салдарларын түсінідіреді;

  • компьютерде жұмыс істеу уақытын сақтамау салдарларын түсіндіреді.




Тақырып «Қандай маңызды құрылғылар компьютерде бар?»



Оқу мақсаты

5.1.1.1 Процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Процессор және қатты дискінің қызметін анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну





Тапсырма

1. Құрылғылардың атауын жазыңыз.















1.1. Көрсетілген құрылғыларды қызметімен сәйкестендіріңіз.





Құрылғы атауы




Қызметі

Процессор

Ақпаратты енгізу

Берілгендерді өңдеу

Қатты диск

Үлкен көлемді ақпараттарды ұзақ мерзімді сақтау

Ақпаратты шығару


Дескриптор

Білім алушы

  • құрылғылардың атауын жазады;

  • процессордың және қатты дискінің қызметін көрсетеді.




Бөлім «Интернеттегі қауіпсіздік»



Тақырып «Интернетті пайдаланылған барысында қандай қауіп бар?»



Оқу мақсаты

5.4.2.1 Біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Заңсыз көшірудің салдарын бағалайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

1. Жағдаят берілген.





«Өмірді өзгерткен жаңалық» тақырыбындағы жобалар байқауы жарияланды. Байқау шарты бойынша үлкен 3 жаңалық туралы жоба дайындау қажет.


Азамат интернеттен екі жаңалық туралы ақпарат алып, өз жобасына қосты. Ал тағы бір жаңалық туралы ақпаратты рұқсат сұрамай-ақ сыныптасынан алып, оны да өз жобасына қосты. Дайын жобаны Азамат әділқазылар алқасына жіберді.



Азаматтың әрекетінің заңдылығын анықтаңыз.


Азамат _______________________________, себебі_________________________________


_____________________________________________________________________________

Дескриптор

Білім алушы

  • көшірудің заңсыздығын анықтайды;

  • көшірудің заңсыздығына қорытынды жасайды.


Тақырып «Қалай компьютердегі деректеріңізді қорғау керек?»



Оқу мақсаты

5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құпия сөздің қолданылу себебін түсіндіреді

  • Құжатқа құпия сөзді орнату әдісін сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма



  1. Құжатқа құпия сөз орнатудың себебін түсіндіріңіз.

1.1 Құжатқа құпия сөз орнату ретін көрсетіңіз.


1.___________
2.___________
3.___________
4.___________
5.___________
6.___________





A



B



C



D



E



F


Дескриптор

Білім алушы

  • құжатқа құпия сөз орнатудың себебін жазады;

  • құжатқа құпия сөз орнату әрекеттерінің ретін анықтайды.




Тақырып «Қалай компьютердегі деректеріңізді қорғау керек?»



Оқу мақсаты

5.1.3.1 Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлдармен жұмыс жасау дағдыларын көрсетеді




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Тапсырма


1. Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бума белгісін көрсетіңіз.



А)

В)

С)






1.1 Файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер ретін көрсетіңіз.



Тышқанның оң жақ батырмасын шерту →
«Қою»
командасын таңдау

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу

Файлды белгілеу →
«Көшіру» командасын таңдау

Менің компьютерім нысанын ашу→ Желі нысанын таңдау














Дескриптор

Білім алушы

  • «жалпы қолданысқа рұқсат етілген бума» белгісін анықтайды;

  • файлды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер тізбегін демонстрациялайды.







Тақырып " Әлемді өзгерткен жаңалықтар" мини-жоба



Оқу мақсаты

5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құжатқа құпия сөз қою үдерісін көрсетеді




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Сипаттамасы берілген мәтін құжатын құрыңыз




Құпия сөз


Құпия сөз - компьютермен немесе құжаттармен жұмыс істеу кезінде жеке басын немесе өкілеттігін растауға арналған шартты сөз немесе таңбалар жиынтығы.
Қауіпсіз құпия сөз жасау үшін арналған негізгі ережелер:
1) құпия сөзде таңбалар саны көбейген сайын соншалықты сенімді болады;
2) құпия сөзде @, #, ... символдарын қолдану қажет;
3) құпия сөзді жиі ауыстыру қажет;
4) Құпия сөзіңді басқа адамдармен бөліспе.

2. Құпия сөз орнату ретінің. Установите пароль на данный документ.


1. 1 Мәтін құжатына құпия сөз орнатыңыз. Опишите последовательность установки пароля.



Дескриптор

Білім алушы
- мәтін құжатын құрайды;
- құпия сөз орнату ретін сипаттайды;
- құжатқа құпия сөз орнатады.


Тақырып " Әлемді өзгерткен жаңалықтар " мини-жоба



Оқу мақсаты

5.1.3.1 Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды өзгертеді

  • Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды жүктейді

  • Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды орналастырады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Сәйкестікті орнатыңыз.





Жағдаят




Операция

Біз сыныптастарымызбен жобаға суреттер қоямыз және мәтінді реттейміз.




Жалпы қолданысқа рұқсат ету үшін файлды орнату.

Мен сыныптастарымның құжаттарындағы ақпаратты қолданамын.




Жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлды өзгерту.

Сыныптастарым менің топтамамдағы суреттерді қолдана алады.




Жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлды жүктеп алу.


1. 1 Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға файлдарды орналастырудың әрекеттер тізбегін көрсетіңіз.



Тышқанның оң жақ батырмасын басу→
«Қою»
командасын таңдау

Жалпы компьютерді ашу
→ жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу

Менің компьютерімді ашу → Желі белгісін таңдау

Компьютеріңдегі файл белгісін белгілеу→
«Көшіру» командасын таңдау













1.2 Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлды өзгертудің әрекеттер тізбегін көрсетіңіз.



Файлды өзгерту → Файлды сақтау

Жалпы компьютерді ашу
→ жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу

Менің компьютерімді ашу → Желі белгісін таңдау

Өзгерту үшін файл белгішесін ерекшелеу
Ашу командасын таңдау













1.3 Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлды жүктеп алу әрекеттерін таңдаңыз және орындалу ретін көрсетіңіз.



Бумада тышқанның оң жақ батырмасын басу→
«Қою»
командасын таңдау



Жалпы компьютерді ашу
→ Қажетті жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу

Файлға өзгерістер енгізу

Менің компьютерімді ашу → Желі белгісін таңдау

Компьютеріңдегі файл белгісін белгілеу→
«Көшіру» командасын таңдау

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлды белгілеу

«Көшіру» командасын таңдау






















Дескриптор

Білім алушы

  • файлдарға жүргізілетін операциялар мен жағдаяттар арасындағы сәйкестікті анықтайды;

  • жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадан файлды жүктеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегін демонстрациялайды;

  • жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлды өзгерту үшін орындалатын әрекеттер тізбегін демонстрациялайды;

  • жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға файлды орналастыру үшін орындалатын әрекеттерді анықтайды;

  • орындалу ретін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет