Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Математика 5-сынып Құрметті мұғалім!



бет7/24
Дата26.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#164526
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
fo matematika 5-kl kaz

деңгейі


1-тапсырма
Амалды орындамай-ақ, көбейтіндінің берілген санға бөлінетіндігін анықтаңыз:



  1. 35 ·18 көбейтіндісін 7-ге

  2. 48 ·13 көбейтіндісін 12-ге

  3. 99 ·14 көбейтіндісін 11-ге

  4. 35 ·10 көбейтіндісін 8-ге



Дескриптор: Білім алушы
- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі туралы қорытынды жасайды.
2-тапсырма
Көбейтінді 5-ке бөлінетіндей бос торкөздерге ең үлкен екі таңбалы санды жазыңыз:


Дескриптор: Білім алушы

  • 5 – бөлінгіштік белгісін қолданады;

  • екі таңбалы санды таңдайды.

27


5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»


Оқу мақсаты 5.1.2.11 қосындының және айырымның берілген натурал
санға бөлінгіштігін талдау


Бағалау критерийі Білім алушы
 Қосындының берілген натурал санға бөлінгіштігін
анықтайды
 Айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін
анықтайды


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары


деңгейі


1-тапсырма
Арифметикалық амал қолданбай-ақ,



  1. 27 + 54 қосындысының 9-ға;

  2. 28 + 49 қосындысының 7-ге;

  3. 72 – 24 айырмасының 8-ге;

  4. 65 – 26 айырмасының 13-ке бөлінгіштігін анықтаңыз.



Дескриптор: Білім алушы

  • қосындының берілген санға бөлінгіштігін анықтайды;

  • айырманың берілген санға бөлінгіштігін анықтайды.



2-тапсырма
Төмендегі шарт орындалатындай х-тің орнына екі таңбалы натурал санды қойыңыз:

a) қосындысы 3-ке бөлінеді;


b) айырмасы 5-ке бөлінеді.




Дескриптор: Білім алушы

  • 3-ке бөлінгіштік белгілерін қолданады;

  • 5-ке бөлінгіштік белгілерін қолданады;

  • айнымалының сәйкес мәнін табады.

28




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет