Бөлімше 1.3 «Шамалар және олардың өлшем бірліктері»
:
|
1.1.3.2** Өлшем бірліктерді (см, дм/ кг/л) қолданып өлшеу.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
Ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады.
Заттың салмағын (массасын) анықтайды.
Сұйықтықтың көлемін анықтайды және нәтижесін сәйкес өлшем бірлігімен жазады.
| 1-тапсырма
Сынық сызықтың ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
әр кесіндінің ұзындығын анықтайды;
сынық сызықтың ұзындығын табады және сәйкес өлшем бірлігімен жазады.
2-тапсырма
Сурет бойынша асқабақтың массасын анықтаңыз. Өрнек құрастырып жазыңыз және мәнін есептеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- сурет бойынша өрнек құрастырып, мәнін табады және сәйкес өлшем бірлігін жазады.
3-тапсырма
Шәйнекте үш литр су бар. Шәйнектегі судың көлемін анықтау үшін неше ыдыс керек? Белгілеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- шәйнектің сыйымдылығына сәйкес ыдыстардың санын анықтайды және белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |