Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Математика 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Математика»



бет39/42
Дата21.11.2019
өлшемі8,45 Mb.
#52173
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
математика кб 1-сын
ҚБ сауат ашу (1), ҚБ сауат ашу (1)

Бөлімше 5.2 «Математикалық тіл»


Оқу мақсаты:

1.5.2.2 ** «+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

 Өрнектерді жазу мен салыстыруда «+», «-»,



«=», «>», «<» таңбаларын орынды қолданады.

Тапсырма


Бос торкөздің орнына >, <, =, +, – таңбаларының тиістісін жазыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

  • айырманың мәнін табады және берілген санмен салыстыра отырып, тиісті таңбаны қояды;

  • қосындының мәнін табады және берілген санмен салыстыра отырып, тиісті таңбаны қояды;

  • берілген сандар мен салыстыру таңбасын қарастыра отырып, тиісті амал таңбаларын жазады.

Бөлімше 1.2. «Сандармен амалдарды орындау»


Оқу мақсаты:

1.2.1.6 Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

 Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтайды және мәнін табады.


Тапсырма


Берілген өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтаңыз. Көк дөңгелекшенің ішіне амалдардың орындалу ретін жазып көрсетіңіз. Өрнектердің мәнін табыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

  • екі амалды жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін жазып көрсетеді;

  • екі амалды жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін жазып көрсетеді;

  • екі амалды жақшалы өрнектердің мәнін табады;

  • екі амалды жақшасыз өрнектердің мәнін табады.

Бөлімше 1.2 «Сандармен амалдарды орындау»


Оқу мақсаты:

1.1.2.2 Қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

  • Қосудың орын ауыстырымдылық қасиетінің негізінде өрнек құрастырады.

  • Компоненттерінің байланысы негізінде қосуға кері амалдар орындайды.

Сурет бойынша қосу амалына өрнек жазыңыз және оған кері өрнек құрастырыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

2-тапсырма


Cуреттегі фигураларды санаңыз. Берілген өрнектің мәнін табыңыз. Суретті пайдаланып, берілген өрнекке кері өрнектер құрастырып жазыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

  • қосындының мәнін дұрыс табады;

  • қосу және азайту амалдарының компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланыс бойынша айырмалар жазады және мәнін табады.

Бөлімше 1.2 «Сандармен амалдарды орындау»

Оқу мақсаты:

1.1.2.3 Қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Қосудың орын ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін шығарады.

  • Есептеуде 0 және 1 сандарының қасиеттерін пайдаланады.

1-тапсырма


Әр қолғаптың сыңарын тауып, байланыстырып сызыңыз. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, өрнек жазыңыз. Өрнектің мәнін табыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

- қолғаптардың сыңарын тауып, қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, өрнек құрастырып жазады; - өрнектердің мәнін дұрыс табады.


2-тапсырма


Өрнектердің мәнін табыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

  • санға 0-ді қосу/ азайтуды дұрыс орындайды.

  • санға 1-ді қосу/ азайтуды дұрыс орындайды.

70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет