Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
:
|
1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын
(ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы:
Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті сақтайды.
Мәтінің мазмұнын қимылдың, ым-ишараның көмегімен жеткізеді.
Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін қолданады.
|
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жиренше шешен мен бала Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып, алдынан қарсы кездескен екі баладан:
Дүниеде бәрінен не тәтті, балам?- деп сұрапты.
Бал тәтті, - деген екен бала.
Ал жұмсақта не жұмсақ?
Мамық жұмсақ.
Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:
Осы сұрақтарға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз, - деп өтінеді.
Айта ғой, балам, не тәтті? - дейді Жиренше.
Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.
Не жұмсақ?
Ананың алақаны.
Жиренше екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті. Топтық жұмыс.
Мәтіннің мазмұны бойынша Жиренше мен балалардың арасындағы диалогті сахналап көрсетіңіздер.
Дескриптор: Білім алушы
кейіпкерлердің атынан диалогке түседі;
диалогке қатысу барысында дауысты, қимыл, ым-ишараны қолданады.
Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
: 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі: Бағалау
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мәтінге қатысты пікірін айтады. Өз көзқарасын түсіндіреді. Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жазғы демалыс кезінде достарымызбен ауыл маңындағы орманға саяхатқа бардық. Орманның іші салқын. Ауасы таза. Біз күні бойы таза ауада ойнап, жақсы демалдық.
Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір қызықты байқадық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бірнеше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп тұрды да қалды. Аспаннан бір нәрсе күткендей орындарынан жылжымай тұр.
Бір кезде ағаштың басынан тиіндердің жинап қойған саңырауқұлақтары түсе бастады. Кірпілер дайын саңырауқұлақтарды тікендеріне шаншып алып, індеріне қарай жорғалай жөнелді. Біз олардың қылықтарына таңдана қарадық және мәз болдық.
Оқиға қай кезде болды?
Балалар нені байқады?
Кірпілер қандай әрекет жасады?
Олар саңырауқұлақтарды не үшін жинап алды деп ойлайсыз?
Осы мәтіннен не түйдіңіз?
Дескриптор: Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; - мәтінге қатысты ойын айтады.
Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
:
|
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Бағалау критерийі:
Тапсырма
|
Білім алушы
Сюжетті суреттерді сипаттайды. Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады..
|
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңдаңыз. Тірек сөздерді қолдана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Жұпта әңгімелеп беріңіз.
Арманның түсі
Тірек сөздер: түс көру, ғарыш, саяхат, зымыран, басқа ғаламшарлық, дос, ғажайып, ояну, сабаққа кешігу.
Дескриптор: Білім алушы
тірек сөздерді қолданып, суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады;
әңгімелеу барысында өз ойын толық, жүйелі жеткізеді.
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты:
|
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Бағалау критерийі:
Тапсырма
|
Білім алушы
Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.
Дыбыстарды дұрыс айтады.
|
Суреттегі заттарды атаңыз. Дауысты дыбыстан басталатын сөздерді тауып, бос торкөзге сөздің алғашқы әрпін жазыңыз. Суретті бояңыз.
Дескриптор: Білім алушы
суреттегі заттардың атауын айтады;
дауысты дыбыстан басталатын сөздерді белгілейді және сәйкес әріпті жазады;
дауысты дыбыстарды түріне ажыратады.
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты:
|
1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды.
Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын түсіндіреді.
|
Тапсырма
Суреттегі заттардың атауын оқыңыз және өлеңді мұқият тыңдаңыз.
Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
-
Аттары ғой бұл әлі, Бұрыс болса, ұрыспа, Ал осылар туралы Әлде былай дұрыс па? Былай десем дұрыс па,
Әлде мұным бұрыс па? Жонда қуам қалпақты,
Күнде жеймін қармақты, Көлге салам қалпақты, Басқа кием қаңбақты, Басқа кием қармақты, Көлге салам қаймақты. Күнде жеймін қаңбақты,
Жонда қуам қаймақты.
|
Бұрыс болса, ұрыспа, Әлде былай дұрыс па?
Күнде жеймін қалпақты, Жонда қуам қармақты. Көлге салам қаңбақты, Басқа кием қаймақты.
Бұным-дағы бұрыс па,
Әлде былай дұрыс па?
|
Өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып жазыңыз.
Басқа кием ______________
Көлге салам ______________
Жонда қуам ______________
Күнде жеймін ______________
Өлеңдегі ұқсас сөздерді атаңыз. Қай әріптер өзгерген? Олар сөзге қалай әсер етеді? Түсіндіріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
суреттегі заттардың атауын оқиды;
өлең жолдарына сәйкес келетін сөзді тауып жазады;
сөздегі өзгерген дыбыстарды анықтайды;
олардың сөздің мағынасына тигізген әсерін түсіндіреді.
Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты:
|
1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Бағалау критерийі:
Тапсырма
|
Білім алушы
Буындардан сөз құрастырады.
Сөздегі буын санын анықтайды.
|
Берілген буындардан сөз құрастырып айтыңыз. Әр сөзде неше буын бар?
Дескриптор: Білім алушы
буындардан сөз құрап айтады;
әр сөздің буын санын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |