Жарас қағаздан қайық жасады. Оны арықтағы суға жіберді. Қайық судың ағысымен тез жүзіп кетті. Жарас қайықты ұстай алмай қалды. Мойнақ қайықты тістеп алып келді.
Жарайсың, Мойнақ! – деп, Жарас күшігінің басынан сипады.
Күшік еркеледі. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтін не туралы?
Жарас қайықты неден жасады?
Қайық неге тез жүзіп кетті?
Мойнақ не істеді?
Жарас күшігін неліктен еркелетті?
Мәтіннің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жазыңыз.
Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көл бар екен. Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.
Бұл ертегі ме, әңгіме ме? Неліктен?
Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіннен әр суреттің мазмұнына сәйкес сөйлемді тауып оқыңыз.