4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау» Бөлім «Тыңдалым және айтылым» Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты:
|
1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Бағалау критерийі:
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
|
Білім алушы
Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. .
Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.
|
Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі. Бұл, әсіресе, дене шынықтыру сабағында аңғарылатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Бейбіт оған қатты намыстанатын. Ол тез өсіп, үлкен болуды армандайтын.
Бір күні ағасы ауланың бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды. Спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды.
Екінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.
Мәтінде неше сөйлем бар?
Бірінші сөйлемде неше сөз бар?
Жұптық жұмыс.
Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды; - бірінші сөйлемдегі сөз санын дұрыс анықтайды; - мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
:
|
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы айтылғанын анықтау.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Бағалау критерийі:
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз.
|
Білім алушы
Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.
|
Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің, бауырсақ?- Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан, - Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
|
Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Диірменге келдің қай жақтан?
Даладан келдім кең жатқан. Жер-анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген.
Арғы тегім – ақ бидай, Тәттімін жеп көр, бақшимай! Жесең өзің байқарсың, Рақметіңді айтарсың.
(Ө. Тұрманжанов)
|
Өлең не туралы?
Нан дастарқанға қалай келеді? Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, суреттен ретін белгілеп көрсетіңіз. Жұпта әңгімелеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
өлеңнің не туралы екенін анықтайды;
өлеңнің мазмұнына сүйеніп, оқиғаның ретін анықтайды; - нанның дастарқанға жету жолын әңгімелейді.
Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.
Ойлау Қолдану дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Оқиғаның ретін анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңдаңыз.
Ертеде қияр мен орамжапырақ дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Қияр тез шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе жөнеліпті.
Орамжапырақ қабат-қабат «көйлегін» бір-бірлеп шешкенше күн батып, қас қарайыпты. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабығындағы бүршіктер содан пайда болыпты деседі.
Суреттерді оқиғаның реті бойынша нөмірлеңіз.
Суреттерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
суреттерді ретімен белгілейді;
мәтіннің мазмұнын жүйелі айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |