геометрия
7 класс
«Үшбұрыштар» бөлім бойынша жиынтық бағалау
Тақырыбы
Оқу мақсатары
Бағалау критерийлері
Орындау уақыты
Үшбұрыштың медиана, биссектриса, биіктік және үшбұрыштың орта сызығы. Үшбұрыштардың теңдік белгілері.
Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері.
7.1.1.12. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры және орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу.
7.1.1.21. үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу. 7.1.1.22. үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару
мен дәлелдеулерде қолдану.
7.1.1.23. Тең бүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін
қолдану.
Сызбадан үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктігін анықтайды.
Фигуралардың тең элементтерін және үшбұрыштар теңдігінің нешінші белгісі екенін анықтайды.
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады.
Есепті шығарғанда, дәлелдегенде үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданады.
25 минут
1 нұсқа
1. Сызбаны қолданып, дұрыс тұжырымдарды көрсет:
1) МОК үшбұрышының ON - медианасы
2) МОК үшбұрышының ON – биссектрисасы
3) CDE үшбұрышының EH - биіктігі
4) CDE үшбұрышының EH – биссектрисасы
5) ABD үшбұрышының BP - биссектрисасы
6) ABD үшбұрышының BP - медианасы (3 балл)
2. ∆ 𝑀С𝐷 = ∆ 𝐸𝐾𝐹теңдігі орындалу үшін EKF үшбұрышына қандай элемент қосу керек. Бұл үшбұрыштар теңдігінің қай белгісі бойынша тең болады?
(2 балл) 3. POR – теңбүйірлі үшбұрыш, табаны PR =22 .
а) егер үшбұрыштың периметрі 72-ге тең болса, РО қабырғасын табыңдар;
б) Егер 2= 42 болса, онда 1 бұрышты табыңдар.
(4 балл)
4. NBK теңбүйірлі үшбұрышының NK табанынан NA= KC тең кесінділер өлшеп алынды. NBA = KBC екенін дәлелдеңдер.
(4 балл)
Достарыңызбен бөлісу: |