Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата09.12.2019
өлшемі1,5 Mb.
#53249
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-ҚБ Әдебиеттік оқу 3-сын


Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау 

 

Оқу мақсаты  

3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің 

жанрлық ерекшеліктерін анықтау 

 

Бағалау критерийі  



Білім алушы 

 

• 

Әдеби шығармалардың жанрын анықтайды 



  

Ойлау дағдыларының 

 

деңгейі  

 

Білу және түсіну 

 

Тапсырма 

Мәтіндердің жанрын анықтап, сәйкестендір.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Өлең жанрына тән ерекшеліктерді сипаттап айт.  



                                                                                                                                        

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіндердің жанрын анықтайды; 



өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.  

  

 

Ақыл көпке жеткізер, 



Өнер көкке жеткізер. 

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: 

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, 

жылы жүрек.                  

 

Гүлге толсын өңірің,             



Көңілді өтсін өмірің. 

Асқа толсын табағың, 

Ашық болсын қабағың. 

 

Көтерілді көк байрақ,                  



Танып елді жер жаһан. 

Шықты рингке серт байлап 

Бекзат пенен Ермахан. 

 

нақыл сөз



 

мақал


 

өлең


 

бата


 

44 


Бөлімше  2.5 Шығарманың композициясын анықтау 

 

Оқу мақсаты  

3.2.5.1 Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын 

және аяқталуын анықтау 

 

Бағалау критерийі  



Білім алушы 

• 

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы)  



ажыратады 

  

Ойлау дағдыларының 



деңгейі: 

 

Қолдану 


  

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Мәтін кім туралы?  



• 

Мәтіннің басын, ортасын, соңғы бөліктерін тауып, қоршап сыз.  

• 

Әр бөлікке ат қой.  



                                                             

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; 



мәтін бөліктеріне ат қояды.  

 

  

 



 

Тоған басында ойнап жүр едiк.

 

– 

Бауыржан  келiптi!  Бауыржанды  көрейiк,  –  дегендi  естiп  қалдық.  Аты  аңызға 



айналған,  кiтаптан  оқыған  батырды  көргенше  асықтық.  Асығып  келсек  те  үйге  кiре 

алмадық. Үлкендер жол бермейдi, Қарақұл ата сыртқа шықты. Жүзi жайдары.

 

– 

Батыр ағаңа сәлем бер, – дедi Қарақұл ата баласына. Өзi батырдың оң жағында 



отыр. Ол кiсi Бауыржанның батырлығын жыр қылып айтатын. Батырдың қарамағында 

әскерi болдым дегенде, аузымызды ашып қалатынбыз. Батырды жақсы көретiнi сонша, 

кенже ұлының атын Бауыржан деп қойған. Ендi, мiне, ол батырдың қасында тұр.

 

– 



Қарақтарым-ау, бiздiң Бауыржанды көрдiңдер ме? Тез ертiп келе қойыңдаршы.  

Қарақұл  атаның  Бауыржаны  төменгi  ескi  сарайда  шымшық  ұяларынан  балапан 

алып  жүр  екен.  Ойынды  қимай,  әзер  келдi.  Оған  iлесiп  iшке  зып  бердiм.  Төрде 

қырандай қомданып, тон жамылған бiр кiсi отыр. Айбатты, түсi суық.

 

 

 



45 

Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті



мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,  

бағалау 


 

Бағалау критерийі  

Білім алушы 

• 

Мәтін кейіпкеріне мінездеме береді 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


 

Тапсырма 

 

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырманы орында. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



            

   


 

 

 



 

• 

Мәтінде қандай кейіпкерлер бар? 



• 

Мәтіннің әр кейіпкеріне мінездеме бер. 

 

   

Дескриптор  

         

 

Білім алушы 

мәтіннің кейіпкерлерін анықтайды; 



мәтін кейіпкерлеріне мінездеме береді.  

 

 

 



Хан баласына көп қазына беріп, өзіне дос жинауын өтінеді. Баласы сапарға 

шығып келген соң әкесіне: 

– 

100 дос тауып келдім,- депті.  



– 

Қырық жыл хан болған менің өзімнің бір жарым ғана досым бар. Сен 

қалай бір жолғы сапардан 100 дос таптың, - дейді хан.  

Ханның баласы бұл сөздің мағынасын түсінбей әкесіне қарап қалыпты. Сонда хан бір 

жарым досының тарихын айтады. 

Ханның бірі бай , бірі кедей тұратын екі досы болған екен. Бірде хан сол екі досын 

сынамақ болыпты. Ол өтірік ауырып, достарына: мен үшін жаныңды қисаң, мен тірі 

қаламын,-депті. Сонда бай тұратын досы. 

– 

Менің жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді, - депті. Хан кедей 



досын шақыртып, оған да соны айтыпты.   

– 

Мен жанымды қидым,-депті сонда кедей досы.  



– 

Неге?-деп сұрапты таңданған хан.  

Егер менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, маған одан 



артықтың керегі не, - депті кедей досы.  

Содан бері хан кедейді бүтін, ал байды жарты досым деп есептейді екен. 

 

46 


Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау     

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.7.1 



Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби 

көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) 

табу 

 

Бағалау критерийі  



Білім алушы 

• 

Шығармадан көркем сөздерді (кейіптеу) табады 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


Тапсырма 

Өлеңді түсініп оқы.  

 

                                                



Аппақ қыс 

 

     



Ақ қолғаппен құшақтап 

Сақылдайды қыс аппақ, 

Өзен, теңіз, тау төбе, 

Киген аппақ сәукеле. 

Жатыр іздер жосылған,  

Рояльдің басылған 

Ақ тіліне ұқсап қап... 

     


Ақ қыс-сұлу ақ өлең 

Табанымның астында 

Таңғажайып ақ әлем. 

    


Сырласады сырлассаң, 

Қырға асады, қырға ассаң 

 

Аппақ әлем сықырлап, 



Жырлағалы тұр бассаң. 

     


Жанарынан жас бітіп, 

Тұр қыз күні сүйкімді. 

Оянбасаң мәжбүр қып, 

Ашатұғын ұйқыңды. 

Құлақ күйін оң бұрып, 

Төнеді аспан төбемнен. 

Аппақ қардан омбылап, 

Көктем іздеп келем мен. 

 

                     



Т. Айбергенов 

 

• 



Ақын қыс мезгілін кімге/неге ұқсатады? Қысты қалай сипаттайды? Өлең мазмұнын өз 

сөзіңмен әңгімеле. 

 

 

Дескриптор  



 

Білім алушы 

мәтіндегі көркем сөздерді (кейіптеу)анықтайды; 



өлең мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді. 

 

 

 



47 

Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру   

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.8.1 



Эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы 

өзгерістерді анықтау 

  

Бағалау критерийі  

Білім алушы 

• 

Оқиға барысында болған өзгерістерді анықтайды 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



• 

Сұрақтарға жауап бер.  

 

Мәтіндегі оқиғада қандай өзгеріс болды?  



 

Оқиғаның басында Жұмаш үшін күннің қысқа болу себебі неде деп ойлайсың? 

 

Оқиғаның соңында Жұмашқа күн неліктен ұзақ болып көрінді? 



 

Жұмаштың сөзімен келісесің бе? 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіндегі оқиғада болған өзгерістерді атайды; 



кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін түсіндіреді; 

кейіпкердің ойына қатысты пікір білдіреді. 



 

 

 



Жұмаш  пен  Құрмаш  жазда  жайлауға  барды.  Құрмаш  атасына  көмектесiп,  қозы 

бақты. Ал Жұмаш кешке дейiн асық ойнап, тайға мiнiп мәз болды. Оған күн тез батып 

кететiн  сияқты  болып  көрінді.  «Жайлаудағы  күннiң  қысқасы-ай!»  –  деп  налыды  ол. 

Құрмаш  болса  кешке  дейiн  мал  соңында  жүрiп,  күндi  батыра  алмайды.  Бiрде  Жұмаш 

ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа: 

– 

Жайлау  жақсы  екен,  тек  күнi  қысқа,  ойын  енді  қызып  келе    жатқанда  батып 



кетедi, – дедi. Құрмаш: 

– 

Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық шығар, – десе де болмады. Екеуi жат та 



кеп таласты. Ақыры Құрмаш:  

– 

Онда ертең менiң орныма бiр күн қозы бақ, – дедi. 



Жұмаш келiстi. Ертеңiне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыларды өрiске шығарды. 

Қозылар төскейде мамырлай жайылып жатты. Ауыл жаққа көз тастап едi, балалар ойнап 

жүр екен. «Мен де барып ойнасам» деп асықты. Бiрақ күн асықпады. Бір орнында тұрды 

да  қойды.  Көзiн  жұмып  бiраз  отырып,  күн  жылжымады  ма  екен  деп  қайта  ашса  да 

болмады.  Тiптi  бiр  орнынан  қозғалмай  тұрғандай  көрiндi.  «Бұл  қалай,  күнде  мұндай 

емес едi ғой, – деп таңданды Жұмаш. 

– 

Қой, мынау бүгiн бататын күн емес», – деп, шыдамсызданып, түс болмай қозыны 



қораға айдап келдi. Келген бетте Құрмашқа: 

 – 


Жайлаудың  күнi  әртүрлі  болады  екен.  Кейбiр  күндерi  қысқа,  кей  күнi  ұзақ. 

Әсiресе бүгiн ең ұзақ күн болды, – деп, қозыны тастап, жүгіре жөнелдi.  

48 


Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.9.1 



Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі 

дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, 

мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты 

сызба түрінде беру 

 

Бағалау критерийі  

Білім алушы 

• 

Мәтіннің мазмұнына сәйкес мәліметтерді анықтап, 



сызбамен көрсетеді 

 

Ойлау дағдыларының 



деңгейі  

 

Қолдану 


Тапсырма 

 

Мәтінді түсініп оқы. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

• 

Сұрақтарға жауап бер.  



 

Мұхтар Әуезов кім?  

 

Мұхтар деген сөз қандай мағынаны береді? 



 

Мұхтар Әуезов кімнің шығармаларымен сусындап өскен? 

 

М. Әуезов туралы тағы қандай шығармалар оқыдың? 



 

• 

Түрлі дереккөздерден М.Әуезов туралы ақпараттар жинақтап, кестеге түсір. 



Сыныптастарыңмен бөліс.  

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; 



мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды. 

Мұхтардың ата-анасы Абай ауылымен іргелес араласып тұратын, көңілі жақын 

адамдар екен. Ал Мұхтар әжесі мен атасының бауырында өскен. Атасы Әуез үлкен 

ұлы  Омархан  мен  келіні  Нұржамалдан  туған  тұңғыш  немересіне  Мұхтар  деп  ат 

қойған. Себебі «Мұхтар» деген сөздің «азат», «білімді», «таңдаулы» деген мағынаны 

білдіретінін  көкірегіне  түйген.  Әуез  қарт  өзінің  немересіне  Абайдың  өлеңдерін 

оқытып,  жаттататын  болған.  Мұхтар  сауатын  әліппемен  емес,  Абай  өлеңдерімен 

ашты. Оның бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері де осының арқасында болар. 

49 


Бөлім: Жазылым 

 

Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру 

 

Оқу мақсаты  

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық 

бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру 

 

Бағалау критерийі  



Білім алушы 

• 

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды 



• 

Мәтін бөліктеріне тақырып қояды 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Баяғыда бір патша халқын сынап көру үшін «Ешкім өз басына пайда қылмасын!» 

деген бұйрық таратыпты да, оны тексеру үшін үстіне ескі киім киіп, елді аралапты. Бір 

күні түнде шам жанып тұрған үйге қайыр сұраған кісі болып кірсе, етікші етік тігіп отыр 

екен. Етікші қайыршыға бір үзім нан береді. Сонда қайыршы:  

Сен неге патшаның бұйрығын орындамайсың? «Ешкім өз басына пайда 



 

қылмасын!» дегені қайда? - дейді.  

Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда табамын да, төрт  



теңге зиян қыламын. Осылай күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», 

дейді етікші.  



Патша жауап қайтармастан үйіне келеді де, уәзірлерін шақырып алып:  

Менің бір сауалым бар. Күніне төрт теңге пайда, төрт теңге зиян 



қыламын. Сол пайдам мен зияным не? Үш күннің ішінде жауабын табыңдар. Өздерің 

білмесеңдер, білетін кісіні табыңдар- депті.  

Уәзірлер шешуін таба алмай жүргенде баяғы етікші келіп: 

Мен патшаның сұрағына жауап тапсам, не бересіңдер? - дейді.  



Уәзірлер көп ақша бермекші болады. Сонда етікші патшаға барады да:  

Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт теңге пайда, төрт теңге зиян  



қыламын. Ол былай: бір теңгені қарызға беремін, бір теңгені ескі қарызымды төлеуге 

беремін, бір теңгені құдыққа тастаймын, бір теңгені әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - 

депті.  

Сонда патша:  

Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақша түсінікті, қалған үш теңгенің жұмсалған 



орнын анықтап түсіндір, - депті.  

Бұл сөзге етікші былай депті: 

«Бір теңгені қарызға беремін» дегенім, «Қартайғанда өзімді асырар»  



деп балама беремін. «Бір теңгені ескі қарызыма беремін» дегенім, оны өзімді асыраған 

кәрі әке-шешеме беремін. «Біртеңгені құдыққа тастаймын» дегенім, қызым бар, соған 

беремін дегенім, - депті.  

Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір сайлапты. 

 

50 


• 

Сұрақтардың көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңғы бөлігін тауып, қоршап 

сыз. Әр бөлікке ат қой. 

 

Сұрақтар 



Тақырыптар 

Оқиға неден басталды? 

Патша қандай бұйрық шығарды? 

 

Түнге қарай патша не істеді? 



Ол етікшімен не туралы сөйлесті? 

Уәзірлеріне қандай сауал қойды? 

Әрі қарай не болды? 

 

Етікші сұрақтың жауабын қалай 



түсіндірді?  

Оқиға қалай аяқталды? 

 

 

 



Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады; 



әр бөлікке сәйкес тақырып қояды. 

 

 

 



51 

Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу 

 

Оқу мақсаты  

 

3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, 



соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме 

(оқығаны, көргені бойынша) жазу 

 

Бағалау критерийі  

Білім алушы 

• 

Оқығаны бойынша әңгіме құрап жазады 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


 

Тапсырма 

 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

• 



Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Оқиғаға тағы басқа кейіпкерлер немесе оқиға 

қосып, мәтінді жалғастырып жаз.  

 

 

Дескриптор                                                         



 

Білім алушы 

мәтінді оқиғаның мазмұнына сай жалғастырып жазады; 



өз ойын жүйелі жеткізеді; 

сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады. 



 

 

Бiр қалада ағаштан неше түрлі сыбызғы, керней жасайтын шебер тұрыпты. Қала 



жұрты  бұл  адамның  аты-жөнiн  білмегендіктен,  оны  «Шебер»  деп  атап  кетіпті. Шебер 

өзiнiң жасаған заттарын сатпай, тегін таратады екен.  

 – 

Егер мен ақшаға сатсам, сыбызғы мен кернейлерiм өздерiнiң әдемi үндерiнен жұрдай 



болады. Сыбызғы да, керней де емес, кәдімгі ағаш қалпына түсiп, қу таяқ болып қалады. 

Сондықтан  да  бұл  аспаптар  сатылмайды,  таңдағандарыңызды,  қалағандарыңызды  ала 

берiңiздер! – деп жар салып, жасаған аспаптарын тегiн үлестiредi екен.  

 

 



52 

Бөлімше 3.4 Қатені табу және түзету  

 

Оқу мақсаты 

3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың  құрылымын, 

стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, 

пунктуациялық қателерді табу және түзету 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

• 

Мәтіндегі стильдік қателерді анықтайды және  



түзетеді 

 

Ойлау дағдыларының 



деңгейі 

 

Қолдану 


Тапсырма 

Хат  қалай  құрылған?  Дұрыс  жазылған  ба?  Қай  бөлімдері  жетіспейді?  Хаттың  мазмұнын 

дұрыстап, қайта жазып көр.  

 

 



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

хаттың құрылымын сақтайды; 



хаттың мазмұнын, стилін жетілдіреді; 

орфографиялық, пунктуациялық қателер жібермей жазады; 



каллиграфиялық нормаларды сақтайды.     

 

 

 



53 

4-

ТОҚСАН 

Бөлім: Тыңдалым және айтылым 

 

Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау 



 

Оқу мақсаты  

 

3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар 



бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай 

мазмұндау/ сахналау 

 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтады 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

Қолдану 


Тапсырма 

 

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұнын айт. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Дескриптор                                               

 

    



Білім алушы 

шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды; 



сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 

 

 

 



 

Жайықта 


Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан ұшып келеді. Талқайраңдағы көк 

шалғынға киіз үй тіккенбіз.  

Таңертең  ерте  оянып,  тысқа  шықтым.  Шығыс  жақ  -  қызыл  шақпақ.    Сыртта 

тұрып    сыбызғының  үніндей  сұлқылдаған  аққулардың  даусын  тыңдадым.  Тобымен 

орман  ішінде  қонды.  Су  сабалап  сыңсыған  аққудың  үнін  естідім.  Сүрлеумен  өзенге 

қарай жүгірдім.   

Жалма-жан  көйлегімді  шешіп  тастап,  аққудың  қасына  жүзіп  жеттім.  Аузын 

ашып,  айбат  шекті.  Аяғына  қармақ  кіріп  кетіпті.  Аяғынан  ұстадым  да,  қармақтан 

босаттым.  

Рақмет айтқандай, бір сұңқ етті де, арғы беттегі жасыл құрақ ішінде қиқу салып, 

мұны  тосып  жүрген  тобына  барып  қосылды.  Өзен  жағасын  әнге  бөлеп,  аққулар 

аспанға көтерілді.  

  

 

 



54 

Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 

 

Оқу мақсаты 

 

3.1.3.1 



Шығармадағы  кейіпкерлердің  мінез-құлқы  мен  іс-

әрекетіне,  ондағы  оқиғаларға  сүйеніп,  сюжеттің 

дамуын болжау 

 

Бағалау критерийі 



 

Білім алушы 

• 

Оқиғаға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Жоғары деңгей дағдылары 

Тапсырма 

Берілген үзіндіні мұқият тыңда.    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



            

• 

Сұрақтарға жауап бер. 



 

Ерік пен балықтың айқасы қалай жалғасты деп ойлайсың?  

 

Әрі қарай не болуы мүмкін? 



 

Оқиға қалай аяқталады? Мәтінді жалғастырып айт. 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіндегі оқиғаны жүйелі жалғастырады; 



сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 

 

 

 



 

Тымық  күнгі  теңіз  суы  мөп-мөлдір,  түбі  көрінеді.  Майда  шабақтардың  қыр 

арқалары көкпеңбек, қабыршақтары күмістей жылтырайды. Ерік тор құрып отырған. 

Торға түскен бір дәу балық  атылып шығып, суға түсті. Жоны көгілдір, бауыры аппақ. 

Ерік оған қызығып кетіп, балықты бас сала құлады. Екеуі де тайдай тулап жүр. Балық 

әлсірегендей болды....

 

55 


Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту 

 

Оқу мақсаты  

 

3.1.



4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл 

сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 

 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді 



қолданады 

 

Ойлау дағдыларының  



деңгейі 

Қолдану 


 

  

Тапсырма 

Өлеңді түсініп оқы. Өлеңге сүйеніп, жаңбырдың пайдасы туралы әңгімеле. Ойыңды мақал-

мәтелдермен, нақыл сөздермен тұжырымдап айт. 



 

    


Жаңғырсын  

Баулар бір, 

Жау, жаңбыр,  

Жау, жаңбыр! 

   

Төгілсін 



Таудан нұр, 

Жау, жаңбыр,  

Жау, жаңбыр! 

    


Салсын құс 

Сайран бір, 

Жау, жаңбыр,  

Жау, жаңбыр! 

    

Самғасын таңда жыр, 



Қауласын бауда гүл, 

Жау, жаңбыр,  

Жау, жаңбыр! 

 

 



 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады; 



өз ойын жүйелі жеткізеді;  

сөйлеуде мақал-мәтелдерді/нақыл сөздерді орынды қолданады. 



 

 

    



 

56 


Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту 

 

Оқу мақсаты  

 

3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ 



фото/ суреттер қолдану 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Сөйлеу барысында суреттер/иллюстрациялар 



қолданады 

 

Ойлау дағдыларының  



деңгейі 

Қолдану 


 

  

Тапсырма 

Берілген ережелер  мен суреттерді пайдаланып, «Судағы қауіпсіздік» тақырыбына сөйле.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

тақырыпқа сәйкес ой қорытып айтады; 



сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады. 

 

 

 



 

 

Судағы қауіпсіздік ережелері 



 

• 

Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз! 



• 

Тыйым салынған жерде шомылмаңыз! 

• 

Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз! 



• 

Өтіп бара жатқан кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз! 

• 

Таныс емес жерден суға секірмеңіз!



  

57 


Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру   

 

Оқу мақсаты  

3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана 

отырып жеткізу 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Өз ойын көркем-бейнелі сөздер арқылы жеткізеді 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану  



Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда.  Мәтіннен еліміздің көрікті жерлерінің атауын теріп жаз. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



• 

Мәтінге  сүйеніп,  көрікті  жерлердің  бірі  туралы  әңгімеле.  Мәтіндегі  көркем  сөздерді 

пайдалан.  

  

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннен қажетті ақпаратты теріп жазады; 



еліміздің көрікті жерлерін көркем сөздерді қолданып сипаттайды. 

 

 

 



Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер 

жаннаты Жетісу,  асқар шыңды Алтай, емдік  қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң 

қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы...  

Біздің  елдегі  осы  іспетті  көрікті  жерлерді  айтып  тауыса  алмайтындайсың! 

Қарасаң көзің тоймайды! 

Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында 

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы 

ең танымал демалыс орындарының бірі. Биік таулар мен қылқан жапырақты орман, 

айдынды  көл  және  таза  ауа.  Табиғаттың  шипалы  қуаты  жақсы  демалуға  және 

денсаулықты  қалпына  келтіруге  мүмкіндік  тудырады.  Бурабайдың  балшығы  мен 

минералды суы емдік қасиетке бай. 

 

 



 

58 


Бөлім: Оқылым 

 

Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану 



 

Оқу мақсаты  

 

3.2.1.2 



Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз 

жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты 

тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу  

  

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Мәтінді түсініп, қатесіз оқиды 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

 

Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

• 



Бастапқы кезде көлдің айналасы қандай еді? Көркем сөздерді қолдана отырып, 

сипаттап айт.  

• 

Аққулар көлге неге қайтып  келмеді?   



• 

Балалардың іс-әрекетіне қандай баға берер едің? Неліктен?  

• 

Бұл әңгімеден қандай ой түйдің?                                                                                    



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

көлді сипаттауда көркем сөздерді орынды қолданады; 



мәтіннің мазмұнына қатысты ой қорытып айтады; 

кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты көзқарасын білдіреді; 



мәтіннің негізгі ойын анықтайды.  

 

 

Ауылдың шетінде айдын көл бар. Көлдің суы мөлдір, айналасы тап-таза.   Әдемі 



гүлдер,  қалың  шөп,  биік  ағаштар  өсіп  тұратын.  Көктемде  көлге  әдемі  аққулар  ұшып 

келетін.  Адамдар  сұлу  құстарды  тамашалайтын.  Жазда  көлге  шомылып,  балық 

аулайтын.  

Бірақ  адамдар  көлдің  тазалығына  мүлдем  қарамайтын.  Шомылып  болған  соң 

жеген  тамақ  қалдықтарын,  қоқыстарды  тастап  кететін.  Осылайша  көлдің  айналасы  

қоқысқа  толып,  суы  ластана  бастады.  Күз  келіп,  көлдің  суы  салқындады.  Күздің 

артынан қыс келіп, көл беті мұз боп қатты. 

Күн жылынып, тағы да көктем келді. Бірақ көктеммен бірге ұшып келетін әдемі 

аққулар  көрінбеді.  Адамдар  қанша  күткенмен,  аққулар  қайтып  келген  жоқ.  Әдемі 

аққулары жоқ, айналасы қоқысқа толы көл қатты мұңайды.  

 

Бірде Мақсаттың атасы: «Аққу - тазалықты жақсы көретін құс.  Аққулар көліміз 



қоқысқа толып, ластанып кеткендіктен ұшып келмеді»,- деді. Мұны естіген Мақсат 

достарымен бірге көлдің айналасын тазалауға кірісті. Оған ауыл адамдары да көмек 

берді. Көлдің айналасы тап-таза болды.  

 

Келесі көктемде  аққулар көгілдір көлге қайта ұшып келді. Әдемі құстар жүзіп 



жүрген көлдің сәні кіріп, ажарлана түсті.  

 

 



59 

Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.2.1 



Қолдануға (практикалық), бағалауға және 

шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және 

жауап беру 

 

 



Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Бағалауға және қолдануға негізделген сұрақтар қояды 



• 

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



 

 

Тапсырма 

Мәтінді  түсініп  оқы.  Мәтін  бойынша  сұрақтар  құрастыр.  Сұрақ  құрастыруда  берілген 

тіркестерді пайдалан: Қалай ойлайсың?, Сенің ойыңша..., Неліктен?, Не  себепті?, Қайсысы 

дұрыс?, Сен не істер едің? т.б 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



• 

Сыныптастарыңның сұрақтарына жауап бер. 



Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады; 



бағалауға негізделген тіркестерді орынды қолданады; 

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға  жауап береді. 



 

 

 



Ержігіт тыным таппай, есік алдына сырғанақ соқты. Оған шелекпен су тасып 

құйды. Әбден титықтап шаршаса да, үйіне көңілді оралған. 

Ертеңіне тұра сала, сырғанаққа қарай жүгірді. Міне, қызық! Көршінің 

балалары сырғанақта асыр салып ойнап жүр. Ержігіттің іші күйіп кетті.  

Бәрің де кетіңдер!  Бұл менің сырғанағым! - деп төмпешіктің қасына  



келіп, бар даусымен айқай салды. Ойнап жүрген балалар состиып тұрып қалды.  

Қанеки, табандарыңды жалтыратыңдар, - деді ол тіпті қаһарланып. 



Сырғанағыңды аяйсың ба? 

Бір көшеде тұрамыз ғой. 



Кеше айтсаң, көмектесер едік, - деді балалар жан-жақтан шуылдап.  

Жоқ, -  Ержігіт балалардың жалынып- жалбарынғанына да қарайтын емес.- 



Кетіңдер дедім ғой, бітті. 

Балалар онымен тәжікелесіп жатпай, үйді үйлеріне тарап кетті.  

 

60 


Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау   

 

Оқу мақсаты  

3.2.3.1 


Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды 

білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау 

 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Мәтінге тақырып қояды 



• 

Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

      

 

• 



Ауыл қалай аталады?  

• 

Бұл жерде қандай өсімдіктер өседі? 



• 

Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, көшіріп жаз.   

• 

Мәтінге ат қой.   



 

 

 



Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;  



мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды; 

мәтінге сәйкес тақырып қояды. 



 

 

 



 

Біздің ауылды Қызылкесек деп атайды. Ауылды қақ жарып Боғас өзені өтеді. 

Лақтарын шұбыртқан еліктер мен арқарлар өзеннен су ішуге келетін. Оны көріп, біз 

де мәз-мейрам болушы едік. 

 

Ал тау етегінде неше түрлі гүлдер өсетін. Әсіресе сасыр айрықша еді. Кәдімгі 



Африкада  өсетін  пальмаға  ұқсас.  Қолшатыр  сияқты  басымызды  күн  сәулесінен, 

жаңбырдан  қорғайтын.  Бұл  жерде  түйетабан  да  бар.  Түйетабанның  тамырының 

ұзындығы  18  метрге  жетеді.  Мөлшермен  айтқанда  есік  алдындағы  кұдықтың 

тереңдігінен  үш  есе  артық.  Ал  мұндай  тереңдікте  тіпті  шөлді  алқапта  да  жер  асты 

сулары бар. 

Кіп-кішкентай ауылдың осындай табиғат байлығы жыл өткен сайын жұтаңдап 

барады. Сол өкінішті. 

  

61 



Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау 

 

Оқу мақсаты  

3.2.5.1 Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын 

және аяқталуын анықтау 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, 



соңы) ажыратады 

 

Ойлау дағдыларының 



деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтінді  түсініп  оқы.  Әңгіменің  басында,  ортасында,  соңында  болған  оқиғаларды  есіңе 

түсіріп, «Әңгіме тауына» қысқаша жаз. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

оқиғаның бастапқы бөлімін сипаттайды; 



-

оқиғаның негізгі бөлімін анықтайды; 

-

оқиғаның соңғы бөлімін сипаттайды. 



 

 

 



 

Нағыз дос 

  

Ерте, ерте, ертеде, үлкен теңізде кішкентай дельфин өмір сүріпті. Ол күні бойы 



жүзуді  жақсы  көретін.  Біресе  теңіздің  түбіне  сүңгіп,  біресе  бетіне  шығып,  алға  және 

артқа секіріп ойнайтын. Сегізаяқтармен, балықтармен,теңіз жұлдыздарымен жақсы дос 

болатын. 

-

Тек қана акуладан сақ бол! – дейді анасы. 



Бірде дельфин ұсақ шабақтарды қуып жүріп, адасып кетті. Қараса айналасында 

ешкім  жоқ.  Кішкентай  дельфин  қатты  қорықты.  Ол  үйге  қайтар  жолды  іздеп,  көп 

жүзді.  Күтпеген  жерден  өзіне  қарай  жүзіп  келе  жатқан  акуланы  көрді.  Оның  жүрегі 

тоқтап қала жаздады. Қорыққанынан көзін жұмып алды.  

Кенеттен  тыныштық  орнады.  Біреудің  бүйірінен  итергенін  сезді.  Ақырындап 

көзін ашып қарап еді, сегізаяқ досы екен. Айналасындағы су лай болып кетіпті. 

Тездетіп жүзіп кетуіміз керек, - деді сегізаяқ. 



Суды лайлаған сегізаяқ екен. Ол қауіпті жағдайда денесінен қара сиясын бөліп 

шығарады екен. Олар акуладан қара сияның арқасында құтылып кетті. 

Кішкентай дельфин осындай достары бар болғанына қуанды.  

 

 



 

62 


Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, 



мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен  тауып,  

бағалау 


 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Мәтін кейіпкерінің портретін сипаттайды 



• 

Кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтап, 

бағалайды 

 

Ойлау дағдыларының 



деңгейі  

 

Қолдану 



Жоғары деңгей дағдылары 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Кейіпкердің кері қайтуына не себеп болды? Мәтіннен тауып оқы.  



• 

Оның бұл әрекетін қалай бағалайсың? Неліктен? 

• 

Кейіпкерге мінездеме бер. 



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

кейіпкердің іс-әрекетін өзгерту себебін анықтайды; 



кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады; 

кейіпкерді сипаттап, мінездеме береді. 



 

 

 



 

 

Алакөлдің  тұнып  тұрған  табиғатына  қоса  оны  сағынар  тағы  бір  жөнім  бар. 



Өткен  жылы  жазғы  демалыс  кезінде  ауылда,  әкеме  шөп  шабуға  көмектесе  жүріп, 

сонау  жалғыз  жартас  тұсындағы  шатқалдан  ала  қанат  жабайы  үйрек  көрген  едім. 

Кешкісін  ымырт  жабылып  бара  жатқан  кезде  ескекті  қайықпен  жақындап 

барғанымда,  қараңғылыққа  қарамастан  әлгі  үйрек  қамыс  арасынан  ұша  жөнелді. 

Сыртқы  сымбаты  өзгелерге  көп  ұқсай  бермейтін  құсты  текке  шошыттым-ау  дедім 

де,  кері  қайттым.  Бірақ  ала  қанат  үйрек  сол  маңнан  кетпеді.  Ертелі-кеш  қол 

босағанда сол жерге жем қалдырып жүрдім. Ақыры екеуміз достастық. 

 

 



63 

Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.8.1 



Эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы 

            

өзгерістерді анықтау   

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Оқиғаның даму барысындағы өзгерістерді анықтайды 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану  



 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

• 

Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, кестені толтыр.  



 

 

1-

жолаушы 



2-

жолаушы 


3-

жолаушы 


Жолаушының іс-әрекеті   

 

 

Қарияның жауабы 



 

 

 

 

• 

Кестеге сүйеніп, оқиғаның бөліктері арасындағы өзгерістерді сипаттап айт. 



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннің негізінде кейіпкерлердің іс-әрекеттерін анықтайды; 



оқиға бөліктерінің арасындағы өзгерістерді сипаттайды. 

 

 

Нағыз адам 



 

         

Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады. 

Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар. Әрі - бері өткен жолаушылар  құдықтан су 

ішеді, атайға алғыс айтады. 

          

Бірде арқан үзіліп , шелек құдықтың түбіне түсіп кетті. Атайдың одан басқа шелегі жоқ 

еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады. 

          

Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында 

шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, 

атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті. 

          - 

Бұл не қылған адам?- деп сұрады немересі атасынан. 

          - 

Бұл адам емес, - деді атасы. 

            

Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Ол арбадағы 

сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, 

атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін 

қайтадан арбасына салып алып, жүріп кетті. 

           - 

Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан. 

           - 

Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы. 

           

Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, 

арқанға байлады.  Су тартып, сусынын қандырды. Сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал 

шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді. 

           - 

Бұл қандай адам? - деп сұрады немересі. 

           - 

Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы.  

В. Сухомлинский 

64 


Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру   

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін 



басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ 

мультфильм) нұсқасымен салыстыру 

  

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Көркем шығарманы суретпен салыстыра сипаттайды 



 

Ойлау дағдыларының          

деңгейі 

 

Қолдану



 

Тапсырма 

 

Суретке мұқият қара. Мәтінді түсініп оқы. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

• 

Суретте әңгіменің қай сәті бейнеленген? Мәтінмен салыстыра әңгімеле.  



• 

Мәтінге тақырып қой. 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннен суретке сәйкес үзіндіні анықтайды; 



суреттегі оқиғаны мәтінмен салыстыра сипаттайды;  

мәтінге сәйкес тақырып қояды; 



сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.  

 

 

 



 

Ауылдың  шығыс  жағында  көл  бар.  Ержан  мен  Нұржан  көлге  балық  аулауға 

барды. Олар оңаша жерге келіп орналасты. Таңертеңнен түс ауғанша қармақ салды. 

Екеуі  бір  шелектей  балық  аулады.  Үйден  ала  шыққан  тамақтарын  жеді.  Сусын  ала 

келуді ұмытып кетіпті. Көлдің суы ішуге жарамайды. Олар үйлеріне қайтты. 

 

65 



Бөлім: Жазылым 

 

Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру 

 

Оқу мақсаты  

 

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық 



бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру 

 

Бағалау критерийі 



Білім алушы 

• 

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды 



• 

Мәтін бөліктеріне тақырып қояды 

 

Ойлау 

дағдыларының 

деңгейі          

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

        



 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

• 



Мәтінді мазмұнына қарай бөліктерге бөліп, жоспар құр. 

• 

Әр бөлікке тақырып ойлап тап.  



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; 



әр бөлікке сәйкес тақырып қояды. 

 

 

 



 

 

 



Атаның ақылы 

Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматының орталық саябағы жайқалып тұр. 

Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақ қайыңдар, жұпар иісті 

аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңырсалқын самалмен тербеледі.  

Бес жасар Бекжан атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппемен секіріп 

ойнады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, атасына: 

Ата, шөлдедім, -деді. 



Атасы алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын шырынды құшырлана 

жұтып алды да: 

Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп ентіге сөйледі.  



Ақжарқын атасы балмұздақ сатып әперді де:  

Ботам, балмұздақты көп жеме, тамағың ауырып қалады,- деп ескертті.  



Бекжан атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да:  

Ата, шоколад жегім келеді, -деді.  



Жарығым, әр нәрсенің қалпы бар. Қанағат керек. 

Ата, қанағат деген не? - деп сұрады Бекжан. 



Қанағат деген  әр нәрсенің қалпын біліп, соған риза болу. Тамақ ішудің де  

шегін, ретін білу керек. Қанағат жасамай, не болса соны талғамай іше берсең, ауырып 

қаласың, -деп атасы ақыл айтты.  

Бекжан ойланып қалды. Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта 

сергек сейілдеп, жақсы демалды.   

66 


Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу 

 

Оқу мақсаты  

 

3.3.2.1 



Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, 

соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме 

(оқығаны, көргені бойынша) жазу  

 

 



Бағалау критерийі  

 

Білім алушы   

• 

Мәтін кейіпкеріне хат жазады 



 

Ойлау дағдыларының                      

деңгейі  

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. 



  

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



• 

Назерке кінәсін неге мойындамады? Белгіле (). 



 

 

 

 

 

• 

Мәтіннің кейіпкеріне хат жаз. 



 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін кейіпкерінің іс-әрекетін бағалайды; 



кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады; 

хаттың құрылымын  сақтайды; 



сөздерді/сөйлемдерді қатесіз жазады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Назерке ұйқысынан кештеу тұрды. Жуынып-шайынып, құрбысы Гүлжанның 



үйіне  бет  алды.  Жолда  бірге  оқитын  Маржанның  ауласына  көзі  түсті.  Сап-сары 

гүлдер  көздің  жауын  алады.  Көңілін  қызғаныш  биледі.  Жақында  екеуі  ұрсысып 

қалған еді. Қақпадан ішке еніп, гүлдерді аяусыз үзе бастады.   

Гүлжанның  үйіне  келді.  Оған  Маржанның  ауласынан  жинап  алған  бір  шоқ 

гүлін ұсынды. 

 

Арада екі-үш күн өтті. Бүгін Назеркенің туған күні. Достары жинала бастады. 



Маржан  да  келді.  Қолында  –  бір  шоқ  гүл.  Гүлдерімді  бұзық  балалар  үзіп,  таптап 

кетіпті, – деді ол. 

    

Назеркенің  іші удай ашыды. Қанша оқталса да, досына «мен кінәлімін» деп 



айта алмады. Бірақ іштей енді қайталамауға ант етті. 

 

қорықты 



қуанды     

ұялды 


мұңайды 

67 


Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету 

 

Оқу мақсаты  

 

3.3.4



.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, 

стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, 

пунктуациялық қателерді табу және түзету 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы   

• 

Мәтіндегі стильдік қателерді анықтайды және  



түзетеді 

 

Ойлау дағдыларының                      



деңгейі  

Қолдану 


Тапсырма 

Мәтінді  мұқият  оқып  шық.  Мәтіннің  мазмұнына  сай  келмейтін  сөйлемдерді  алып  тастап, 

көшіріп жаз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемдерді анықтайды; 



мәтінді қатесіз көшіреді; 

каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Кеше Думанның туған күні болды. Туған күнге оның достары жиналды. Анасы 

неше түрлі тәтті тағамдар пісіріп, дастарқанды жайнатып тастады. Жеміс-жидектің де 

түр-түрі салынды. Жемістерді базардан сатып алып келді. Әсіресе, мәшиненің үлгісімен 

жасалған торт ерекше дәмді болды. Думанның анасы тамақты ылғи да дәмді пісіретін. 

Балалар ойындар ойнап, көңілді тарқасты. Думанға түрлі сыйлықтар тарту етті. Олар 

сыйлықтарды дүкеннен сатып алды.  



68 

Document Outline

  • 1-ТОҚСАН
    • Бөлім: Тыңдалым және айтылым
    • Бөлім: Оқылым
    • Бөлім: Жазылым
  • 2-ТОҚСАН
    • Бөлім: Тыңдалым және айтылым
    • Бөлім: Оқылым
    • Бөлім: Жазылым
  • 3-ТОҚСАН
  • Бөлім: Тыңдалым және айтылым
    • Бөлім: Оқылым
    • Бөлім: Жазылым
  • 4-ТОҚСАН Бөлім: Тыңдалым және айтылым
    • Бөлім: Оқылым
    • Бөлім: Жазылым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет