«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Әдебиеттік оқу
3-
сынып
Астана, 2018
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек
құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау
критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты
жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты
сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала
отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік
және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар,
т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта
құрастырылған.
2
Мазмұны
1-
ТОҚСАН ....................................................................................................................................................... 4
Бөлім: Тыңдалым және айтылым .................................................................................................. 4
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................... 9
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 17
2-
ТОҚСАН ..................................................................................................................................................... 20
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ................................................................................................ 20
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 24
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 34
3-
ТОҚСАН ..................................................................................................................................................... 37
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ............................................................................................................ 37
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 41
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 50
4-
ТОҚСАН ..................................................................................................................................................... 54
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ................................................................................................ 54
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 59
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 66
3
1-
ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды және жауап
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
•
Мәтінге сүйеніп кестені толтыр.
Күз
Күзгі табиғат
Жан-жануарлардың
күзгі тіршілігі
Күзгі еңбек
•
Жұптық жұмыс
Кестеге сүйеніп, мәтін бойынша жұбыңа ашық сұрақтар қой.
Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтіннен кестеге сәйкес ақпараттарды анықтайды;
-
мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады;
-
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Жаз өтіп, күз түсті. Ауа райы бұзыла бастады. Күн салқындап, жиі-жиі жаңбыр
жауады. Ағаштың жапырақтары сарғайды. Қырдағы жайқалған көк майса сары далаға
айналды. Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Құстардың соңғы легі жылы жаққа ұшып
барады. Жәндіктер де көрінбейді. Астықтар да сап-сары болып пісіп тұр.Адамдар
еккен егіндерін жинап алып жатыр.
Сондықтан да бұл мезгілді халық «алтын күз» деп атайды.
4
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар
бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай
мазмұндау/ сахналау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда және мазмұнын айт.
•
Ертегінің кейіпкерлерін ата.
•
Мысықтың сөзін қалай түсіндің?
•
Ертегіден қандай ой түйдің?
Дескриптор
Білім алушы
-
ертегінің мазмұнын жүйелі баяндайды;
-
сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
-
сұрақтардың негізінде ой қорытады.
Арыстан күшігін асыраған мысық
Бір мысық қаңғырып жүріп, өліп жатқан арыстанға тап болады. Оның жетім
қалған күшігін емізіп асырайды. Арыстанның күшігі өсіп, азулы аң болады. Өз тамағын
өзі тауып жейтін халге жетеді.
Бірде ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық ағаштың
басына өрмелеп шығып кетеді. Сонда арыстан:
−
О, менің ақ сүтін беріп, өсірген асыраушым! Бар ақылыңды үйреткенде,
ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - депті.
Сонда мысық:
−
О, қайырымды балам! Сені кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім.
Білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ ашқарақтығыңнан қорқып, бір өнерімді
айтпап едім. Соны бүгіп қалғаным ақыл болған екен,- депті.
5
-
Егер мені тастап
кетсең, келесі жылы ....
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты
3.1.3.1
Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-
әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің
дамуын болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мысалды мұқият тыңда. Құмырсқа қандай әрекет жасайды деп ойлайсың? Оқиғаны әрі қарай
жалғастырып көр.
Жұптық жұмыс
•
Құмырсқа мен бидай дәнінің арасындағы диалогті тыңда. Диалогті жалғастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
-
оқиғаның соңын болжап айтады;
-
тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.
-
Мен сені тастап кетсем, қыста
азықсыз қаламын ғой. Біз көппіз.
Осылай әрқайсымыз бір-бірден дән
апарсақ, қысқа көп азық жинап
аламыз.
Құмырсқа және бидай дәні
Егінді түгел жинап алғаннан кейін бидайдың жалғыз дәні жерде қалып қойған еді.
Қыс түспей тұрып, өзіне топырақ астынан пана іздеуді ойлады. Осы кезде қасынан
өтіп бара жатқан құмырсқа бидайдың дәнін көрді де, қуанғаннан бұл олжасын илеуіне
қарай домалатып ала жөнелді. Қабырғасы қайысып, көп азапқа түскен құмырсқаға
бидай дәні:
-
Әй, құмырсқа, сен бұлай бейнетке бата бермесең қайтеді. Мені таста да кете
бер, - деді.
6
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаты
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/
фото / суреттер қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•
Мәтіннің мазмұны бойынша сурет сал немесе сәйкес суреттер таңдап ал. Суреттерді
қолданып, мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтінді жүйелі мазмұндайды;
-
сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.
Кішкентай құс
Мұқаш таңертең күшігімен үйдің сыртындағы бақша ішін аралап келе жатты.
Ол топ гүлдің ығында бұғып отырған балапанды көріп, тоқтай қалды.
Жақында ғана ұшуға жараған бозторғайдың балапаны екен. Әбден жаңбыр
өткен, екі қанаты салбырап, дір-дір етеді. Ала күшік балапанның қасына жүгіріп
барды. Балапан өзіне жетіп келген үлкен аңнан қорқып кетті. Салбыраған қанатын
сүйрете, топ гүлді сырт айнала берді. Бірақ ол кәдімгі бозторғайдай жүгіріп кете
алмай, жығылып қалды.
Мұқаш балапанды жерден көтеріп алды.
7
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
Оқу мақсаты
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана
отырып жеткізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
•
Бұл қай кезде болады? Белгіле ().
•
Өлеңге сүйеніп, берілген сөздердің мағынасын түсіндір.
•
Көркем сөздерді қолдана отырып, күз мезгілін сипаттап айт.
Дескриптор
Білім алушы
-
өлеңде сипатталған жыл мезгілін анықтайды;
-
берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
-
күз мезгілін сипаттауда көркем сөздерді орынды қолданады.
Көлдің беті кілегей,
Жер сап-сары бірегей.
Тырау- тырау тырналар
Түстікке бетті бұрды олар.
Қара суық жел есті,
Күннің көзі көмескі.
Бастап егін орады,
Бұл қай кезде болады?
қыста
көктемде
жазда
күзде
кілегейлену
бірегей
түстік
көмескі
8
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты
3.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп
оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Өз рөлін сақтай отырып, түсініп оқиды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтін мазмұнын түсініп, рөлге бөліп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
•
Мәтіннің кейіпкерлерін ата.
•
Олар не істеді?
•
Жәлелді тапқыр деуге бола ма? Неліктен?
•
Өзенбай атай балаларды көрмей қалды деп ойлайсың ба?
•
Кейіпкердің орнында болсаң сен не істер едің?
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;
-
рөлмен оқуда дауыс мәнерін сақтайды;
-
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады.
–
Анау қарбызды ала кетейік, – деді Жәлел. Үйге келе жатып көргенбіз, үлкен!
Соны айтады.
–
Әлі көк қой, – дедім. – Әрі көріп қойса ұят болады.
–
Көрмейді.
–
Өзенбай атай осы жаққа қарап тұр ғой.
–
Жақындағанда белгі беремін. Түсіріп алған болып шелекті тастап жібер. Сонан
соң жерге түсесің де, қарбызды шелекке салып, әпере қоясың...
–
Көк болса ше? – деймін.
Жәлелдің тапқырлығына қайран қалдым. Қалай ойлап таба қояды?! Лажсыз келістім.
Қонақты ренжітуге болмайды. Атам солай деген.
Жәлел белгі берді. Мен шелекті тастап жібердім. Қалтырап есектен түсе
алмадым. Жәлелдің өзі секіріп түсіп, қарбызды әп сәтте шелекке салды да, маған
әперді. Ештеңе болмағандай тізгінді қайта ұстады. Бақша күзетшісі Өзенбай атай
қолын көлегейлеп қарап тұрған. Көрген жоқ шығар, байқаса, дауыстар еді ғой.
9
Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты
3.2.2.1
Шығарма мазмұны бойынша қолдануға
(практикалық), бағалауға және шығармашылыққа
негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды және
жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
•
Мәтіннің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыр.
•
Сыныптастарыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
-
мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Диқан атызға бір түп гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған гүл
күннен-күнге тамыр жайып, өсе берді. Бәріне де ынтық: мөп-мөлдір суға да, тап-таза
ауаға да, күннің нұрына да. Бәріне де еркелей, құмарлана қараудан жалықпайды. Өзін
әкеліп отырғызған адамға да разы. Бір күні:
–
Әй, сен көп асқақтама. Әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек
дауысқа жалт қараса, төменде ұсқынсыз тырбық шөп басын қылтитып тұр екен.
Гүлдің көңілі ортайып, жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері
жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғая бастады. Амалсыз жанындағы өзінен жасы
үлкен гүлге басын сүйеді.
–
Жабырқама! Сабыр ет!- деп жұбатты ол. – Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Ол
өз басынан басқа ешнәрсе ойламайды. Одан әлі-ақ құтыламыз. Жамандардың өмірі
әманда қысқа.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Жас гүлдің көңілі біраз көтеріліп қалды.
Үлкен гүлдің айтқаны рас болды. Ертеңіне адам келді де, арам шөпті тамырымен
жұлып тастады.
Гүл қайтадан құлпырды. Көп сырды ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар
екен.
10
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты
3.2.3.1
Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды
білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтінге тақырып қояды
•
Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Менің атым Қожа» әңгімесінен берілген үзіндіні түсініп оқы.
•
Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді тауып, дәптеріңе көшіріп жаз.
•
Мәтінге ат қой.
Дескриптор
Білім алушы
-
негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
-
мәтін мазмұнына сәйкес тақырып қояды.
–
Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-
қайсысының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен
сумкаға Майқанова апай талып қалсын деп, оның соншалық шошымал адам
екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, мұның ақыры не болады деп ойлап та
жатпадым, салғым келді - салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша
бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды тістейсің.
Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап, бір ауыз сөз айтпадым.
Ақталудың тіпті қисыны бар ма?
11
Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Оқу мақсаты
3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің
жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |