Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата09.12.2019
өлшемі1,5 Mb.
#53249
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-ҚБ Әдебиеттік оқу 3-сын


 

Оқу мақсаты  

3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана 

отырып жеткізу 

 

Бағалау критерийі 



Білім алушы 

• 

Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді 



Ойлау дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 



 

Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұнын айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолдан. 



 

                                                                

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Данияр гүлдерді неліктен өзіне ұқсатты деп ойлайсың?  



 

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды; 



сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады; 

мәтіннің кейіпкеріне қатысты ойын айтады.  



 

 

 



 

 

Ертеде  Данияр  деген  бала  болыпты.  Қалалы  жерде  өмірге  келген  оның 



денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы 

ол  өзінің  аурушаңдығына  онша  қынжыла  қоймапты.  «Бала  болғаннан  кейін, 



осылай науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әртүрлі ем алуға, 

дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті. 

Даниярдың  көзін  аша  салып  көргені  —  қабат-қабат  биік  үйлер,  асфальт 

төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың машина. 

Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. 

Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне 

ұқсатты.  

 

23 



Бөлім: Оқылым 

 

Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану 



 

Оқу мақсаты  

3.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ 

теріп оқу 

 

Бағалау критерийі  

 

 

Білім алушы 

• 

Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды  



Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтінді дауыстап оқы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Сұрақтарға жауап бер. 



 

Кейіпкердің ата-анасы қандай адамдар? 

 

Олар қалай тұратын? 



 

Кейіпкердің 3 жасар кезінде қандай оқиға болды? Сол оқиғаны баяндап бер. 

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

мәтінді қатесіз оқиды; 



мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; 

мәтіннің үзіндісін жүйелі мазмұндайды.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Балалық шақ 

Менің  туған  отбасым  –  кәдімгі  отбасыларының  бірі.  Әкемнің  аздаған  білімі 

болатын.  Қолы  өнерлі  еді.  Сондықтан  ол  ағаш  ұстасы,  шешем  сауыншы  болды. 

Тұрмыс  жақсарып,  жұрт  дәулетті  тұрды.  Біздің  үйіміз  ауылдың  шетінде  тұратын. 

Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар 

асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке 

ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол 

шапалақтады.  Содан  былай  мен  мектепке  баруды  арман  еттім.  Ағам  мен  апамдай 

сабақ  оқығым  келді.  Құрбыларыммен  бірге  мектептің  терезесінен  сығалап, 

шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.  

 

24 



Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану 

 

Оқу мақсаты 

 

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ 



шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі 

қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 

 

Бағалау критерийі 

 

Білім алушы 

• 

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

Қолдану 


 

 

Тапсырма 



 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



• 

Астана қаласының әр жылдардағы атауларын тауып, кестеге түсір. 

 

1961 


жылы 

1993 


жылы 

1998 жылы 

 

 

 



 

• 

Мәтіннен суретте бейнеленген ғимараттардың атауын тауып жаз. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



            ______________                          _______________                     ___

 

____________ 



 

• 

Соңғы сөйлемді қалай түсінесің? Ойыңды айт.  



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

Астана қаласының атауларын анықтайды; 



суретте бейнеленген ғимараттардың атауын жазады; 

мәтіннің қорытынды бөліміне қатысты ойын айтады..  



 

 

Астана қаласының тарихына үңілсек, бұрынғы Ақмола қаласы 1961 жылдан 



бастап  Қазақстан  жерінде  тыңның  көтерілуіне  байланысты  Целиноград  деп 

аталған  еді.  1993  жылдан  бастап,  Ақмола  атын  қайтып  алды.  1998  жылдың 

жазынан  бастап  Қазақстан  Президентінің  жарлығымен  Астана  деген  атқа  ие 

болды.  


Жаңа  Астанада  Парламент  ғимараты,  Бейбітшілік  пен  келісім  сарайы, 

«

Думан» ойын-сауық орталығы, Ұлттық опера және балет театры т.б көркіне көз 



тоймас ғажайып ғимараттар көп. 

Болашақта Астана нағыз ғылымның, мәдениеттің қаласы болады. 

 

25 


Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 

 

Оқу мақсаты  

3.2.2.1 


Шығарма мазмұны бойынша қолдануға 

(практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою 

және жауап беру 

 

 



Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

•   


Мәтін мазмұны бойынша бағалауға негізделген 

сұрақтар қояды және жауап береді 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

Қолдану 


 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Мәтін  бойынша  кейіпкердің  іс-әрекетін/мінез-құлқын  бағалауға  арналған  сұрақтар 



құрастыр. 

• 

Сыныптастарыңның сұрағына жауап бер. 



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін бойынша бағалауға негізделген сұрақтар құрастырады; 



мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.  

 

 

Бір минут 



Отбасы мүшелерінің барлығы жинақылықты, нақтылықты жақсы көреді.  Тек 

Талғат қана ылғи кешігіп жүреді. Әке-шешесі дастарқанға шақырған кезде: 

Қазір, бір минуттан кейін барамын, -деп Талғат кітабын оқи беретін.  



Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Үнемі осылай болатын:  Оны шақырғанда немесе 

бір  нәрсені  істеуді  өтінген  кезде  ол:  «Бір  минут  күте  тұрыңызшы»  деп    тостырып 

қоятын.  

Әкесі оған:  

Сен  уақытты қадірлеуді қашан үйренесің? –дейтін.  



Бір минут деген көп уақыт па?- деп жауап беретін Талғат.  

Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғыны жақсы тебетін. Ол өзінің 

бірінші  болып  келетініне  сенімді  еді.  Бірақ  бұл  жолы  жеңімпаз  бола  алмады. 

Сыныптасы  одан  бір  минутқа  озып  келді.  Екінші  орын  алған  Талғат  үйге  көңілсіз 

қайтты. Жеңіліп қалғанын айтқан кезде, әкесі жымиып: 

Қалай, балам, бір минут деген көп уақыт па екен?, - деді. 



Бір минуттың  қаншалықты маңызды екенін Талғат сонда ғана түсінді.  

26 


Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау   

 

Оқу мақсаты  

3.2.3.1 


Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды 

білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу 

 

Бағалау критерийі  

Білім алушы 

• 

Мәтінге тақырып қояды 



• 

Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі  

 

Қолдану 


Тапсырма 

Өлеңнің үзіндісін түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Уақытты бағалау» дегенді сен қалай түсінесің? 

 

Өз уақытыңның көбін неге арнап жүрсің? 



 

 

Өлең арқылы автордың  не айтқысы келді? Өлеңнен автордың негізгі ойын білдіретін 



сөйлемдерді тауып, қоршап сыз.  

 

Өлеңге тақырып қой. 



  

Дескриптор  

 

Білім алушы 

сұрақтарға қатысты ойын айтады;  



автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды; 

өлең мазмұнына сәйкес тақырып қояды. 



 

 

 



 

 

Уақыт-ай, уақыт, зырлайды, 



Артына мойын бұрмайды. 

Кешіксең бітті, ол сені 

Бір секунд күтіп тұрмайды.  

 

Біреудің күні өтпейді, 



Біреуге уақыт жетпейді.  

Есептеп үйрен уақытты, 

Еңбегің зая кетпейді. 

 

Бұл уақыт деген шынымен, 



Өлшенбес сағат тілімен. 

Өлшенер уақыт –  іспенен, 

Не істедің бүгін күнімен?! 

 

Дүбірін сезіп алыстан, 



Заманмен мынау жарысқан. 

Уақытын дұрыс жұмсайтын 

Адамдар нағыз данышпан!  

 

Өмірін ойлап талайдың, 



Тарихын зерттеп қараймын. 

Бір күні босқа өтпепті, 

Яссауи, Шоқан, Абайдың. 

 

Өмірдің мәнін ұғып ал, 



Білім ал, бәрін біліп ал. 

Қадірін білген уақыттың, 

Қазақтан шыққан ұлылар.  

 

Ойлама бәрін білем деп, 



Шалқып та тасып жүрем деп. 

Уақытың – алтын қазынаң, 

Жұмсауың керек үнемдеп. 

 

Қайтарылмайды бұл уақыт, 



Қайталанбайды бұл уақыт. 

Таппайсың ертең іздесең, 

Қайта оралмайды бұл уақыт. 

27 


Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау 

 

Оқу мақсаты  

3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің 

жанрлық ерекшеліктерін анықтау 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Мысалдың жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды 



 

Ойлау дағдыларының       

деңгейі 

 

Қолдану 


Тапсырма 

Өлеңді  түсініп оқы. Шығарма қай жанрда жазылған? Шығармаға тән ерекшеліктерді 

сипаттап айт.  

 

 



Аққу, шортан һәм шаян 

 

         



Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, 

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. 

Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, 

Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. 

          

Бұлардың машақаты аз болмады, 

Жұмысы орнына кеп мәз болмады. 

Тартса да бар күштерін аямай-ақ, 

Аслан жүк орнынан қозғалмады. 

          

Оншама ол жүк артық ауыр емес, 

Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. 

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, 

Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. 

          

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас

Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас. 

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, 

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. 

                                                  

А. Байтұрсынұлы 

 

 



Дескриптор  

 

Білім алушы 

көркем шығарманың жанрын анықтайды; 



мысал жанрына тән ерекшеліктерді атайды. 

  

 

28 



Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау 

 

Оқу мақсаты  

3.2.5.1 Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын 

және аяқталуын анықтау 

 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



  

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой. 



 

           

 

 

Дескриптор  



 

Білім алушы 

мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; 



мәтіннің әр бөлігіне  сәйкес ат қояды.  

 

 

Басы 



Негізгі бөлімі 

 

Соңы 



Еңбекпен тапқан тиын 

Ертеде біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, 

асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты: 

Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан 



келмейді.  

Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық ақша береді де: Қараңғы түскенге дейін бір 

жерде бола тұр. Үйге келген соң «Мынаны еңбегіме алған едім» деп әкеңе бер, -дейді. 

Баласы анасының айтқан сөзін бұлжытпай орындайды. Кешке ақшаны әкесіне әкеп 

береді. Әкесі оны лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: 

— 

Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, - депті. 



Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: 

Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да өзің жұмыс істеп, ақша тап, - деп 



ақыл айтыпты. 

Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. 

Қария ақшаны тағы да отқа лақтырып жібереді. Ұлы бұған шыдай алмай, ақшаны 

жалаңаш қолымен оттан суырып алады да: 

Әке! Мен бұл ақшаны апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – 



деп жылап жіберіпті. 

Сонда әкесі тұрып: 

Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті 



ұлына.  

29 


Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.6.



1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, 

мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,  

бағалау 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Мәтін кейіпкерінің портретін сипаттайды 



 

Ойлау дағдыларының       

деңгейі 

 

Қолдану 



 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

• 

Бала әкесінің өсиетін қалай түсінді? 



• 

Баланың әкесі айтқан өсиетті орындауына не себеп болды?  

• 

Сенің ойыңша ол қандай бала? Балаға мінездеме бер. 



 

 

Бала 



 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; 



кейіпкерге сәйкес мінездеме береді.  

 

 

 



Байлық 

 

Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі қайтыс боларының алдында жалғыз қалып 



бара  жатқан  баласына:  «Шырағым,  жер  астына  көмген  көп  қазынам  бар,  соны  қазып 

алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың» – депті.  

Әкесі қайтыс болған соң, жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді-кеш 

қазып, көп машақаттанады.  Бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды. 

Ол шаршап, шалдығып, ақырында көпті көрген бір данышпан қарияға келеді. 

Әкесінің айтқан өсиетін айтып, өзінің көп әуре болғанын баяндайды.  Енді не қылсам 

екен дейді: 

–  


Балам, сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің. Әкең саған мирасқа жер қалдырыпты. 

Сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, еңбек етсең, өнімін төкпей-шашпай 

уақытында жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың.  Аш та, жалаңаш та 

болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті қария. 

Бала әкесінің айтқан өсиетін енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен. 

 

30 



Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау     

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.7.1 



Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби 

көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 

 

Бағалау критерийі  

 

 

Білім алушы 

• 

Мәтіндегі көркем сөздерді анықтайды 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Ән тыңдаушыға қалай әсер етті?  



• 

Автор әннің әсерін қалай сипаттаған? Мәтіннен әннің әсерін, құдіретін сипаттайтын 

көркем сөздерді теріп жаз.  

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін бойынша сұраққа жауап береді;  



мәтіннен әнді сипаттайтын көркем сөздерді анықтайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ән құдіреті 

Балапанның  нәзік  қанатындай  дірілдеп,  нәзік  көтерілген  ән  ырғағы  бірте-бірте 

ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен 

көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі дауысты бұрын естіген емес-ті. Жүрегі езілердей 

болып,  елти,  елжірей  тыңдады.  Мына  дүниені  ұмытып,  өзге  бір  сырлы  әлемге  еніп 

кеткендей, өң мен түстей күйде еді. Егіліп, әлденеге ағыл-тегіл жылағысы келеді. Біресе 

кеудесіне шым-шымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа 

толып,  қуанышқа  бөленгендей.  Бар  ықыласы  сағыныш  сазды  әнге

 

ауып,  ән  айтып 



отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді.  

 

 



31 

Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру   

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін 



басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ 

мультфильм) нұсқасымен салыстыру  

  

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра 



сипаттайды 

 

Ойлау дағдыларының 



деңгейі  

 

Қолдану 



 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

• 



Берілген сілтеме арқылы (

youtube.com/watch?v=ZjX4A57DIrc

)  

«Ай мен тігінші» 



мультфильмін мұқият тамашала. Мультфильм мен мәтінді салыстыр. Қандай 

ұқсастығы мен айырмашылығы бар?  

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннің мультфильммен ұқсастығын анықтайды; 



мәтіннің мультфильм түріндегі нұсқасынан айырмашылығын  

  

сипаттайды. 



 

 

 



 

 

Ай неге жалаңаш қалды? 



 

Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп 

алады да, көйлекті тігуге кіріседі. Уәделескен күні Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі 

тар, әрі қысқа болып шығыпты.

 

  - 


Иә, мен қателескен екенмін, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге 

бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

 

Бұл жолы да Айға көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.



 

Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екенмін ғой, - деп ойлапты Айдың толыса 



 

беретінін  түсінбеген  тігінші.  Сонымен  қайта  өлшеп,  қайта  пішіп,  қайтадан  тігуге 

кіріседі.

 

Бірде  Ай  тағы  да  көйлегін  алуға  келе  жатады.  Тігінші  киіз  үйдің  түндігінен 



аспанда келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Ол не 

істерін білмей, басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай тігіншіні ары іздеп, бері іздеп, таба 

алмай қалады. Содан бері Ай көйлексіз, жалаңаш қалыпты.

 

32 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет