Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата09.12.2019
өлшемі1,5 Mb.
#53249
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-ҚБ Әдебиеттік оқу 3-сын


Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.9.1 



Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: 

иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты 

ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Мәтіннің мазмұнына сәйкес мәліметтер тауып, кестеге 



түсіреді 

 

Ойлау дағдыларының       



деңгейі 

 

Қолдану



 

Тапсырма 

Мәтіндерді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

• 

Мәтінді және басқа да дереккөздерді пайдаланып, көне қалалардың бірі туралы 



мәлімет жинастыр. Ақпараттарды кестеге түсір.  

• 

Кестеге сүйеніп, сипаттап айт. 



 

Тараз 

Түркістан 

Отырар 

 

 



 

 

 



 

Дескриптор  

 

 



Білім алушы 

тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді; 



ақпаратқа сүйеніп, көне қаланы сипаттайды. 



 

 

Қазақ жерінде тамырын тереңге тартқан қалалар өте көп. Соның бірі өзінің 

2000  жылдығын  атап  өткен  -  Тараз  қаласы.  Орта  ғасырларда  Тараз  Ұлы  Жібек 

жолының  бойында  орналасқан  қалаларының  бірі  болған.  Ескерткіштердің 

түгелдей  жойылғанына  қарамастан  көп  жылғы  археологиялық  жұмыстардың 

нәтижесінде  Тараз  өмірінің  әртүрлі  кезеңдерін  сипаттайтын  елеулі  материалдар 

жинақталған. 

 

 



Түркістан  қаласының  іргетасы  V-VІ  ғасырларда  қаланған.  Есім  ханнан 

бастау  алып,  XІV-ХVIIІ  ғасырларда  Қазақ  хандығының  астанасы  болған. 

Археологтар  қаланың  тарихы  тереңде  жатқанын  дәлелдеп  отыр.  Түркістан 

қаласының айналасындағы ескерткіштер бұл өңірде адамдардың кем дегенде 550 

мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. 

Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған. Қала ІХ 

ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол 

кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.  

1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға 

ұшырайды. Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді. 

 

33 


Бөлім: Жазылым 

 

Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру 



 

Оқу мақсаты  

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық 

бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру 

 

Бағалау критерийі 



Білім алушы 

• 

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды 



• 

Мәтін бөліктеріне тақырып қояды 

 

Ойлау дағдыларының      

деңгейі  

 

Қолдану 



 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің бастапқы, ортаңғы және соңғы бөлімдерін тауып, қоршап сыз.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



• 

Әр бөлікке ат қой.  

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады; 



мәтіннің әр бөлігіне сәйкес тақырып қояды. 

 

 

 



Шахтада 

Менің  шахтаны  көргім  келді.  Оның  қайда  екенін  білуші  едім.  Тау  етегінде 

үлкен  үй  тұр.  Шахтаға  кірер  ауыз  сол  жерде.  Ақыры  шыдамадым.  Көкем  сыйлаған 

қолшамымды    алдым  да,  шахтаға  тарттым.  Өйткені  шахта  жер  астында.  Ал  жер 

астында  күн  болмайтынын  көкем  айтқан.Үйге  кірсем,  іші  толған  шахтерлер  екен. 

Ерсілі-  қарсылы  ағылып  жатыр.  Бір  ағайдың  соңынан  ере  бердім.  Көп  есіктен  өтіп, 

үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау 

шылдырлады.  Мұртты  ағай  жүгіріп  барды  да,  тордың  есігін  жапты.  Міне,  қызық! 

Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда мұртты 

ағай екеуміз ғана қалдық.  

  

34 


Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу 

 

Оқу мақсаты  

 

3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, 



соңын өзгерту.)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, 

көргені бойынша) жазу 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

• 

Шығарманың кейіпкеріне хат жазады 



 

Ойлау дағдыларының         

деңгейі 

 

Қолдану 



 

Тапсырма 

Мәтінді түсініп оқы.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

• 



Сәуле кірпішті қайдан алды? 

• 

Ол кірпішті неліктен құрылысқа алып келді деп ойлайсың?  



• 

Соңғы сөйлемдегі «Сәуленің кірпіші өз орнын тапты»дегенді қалай түсіндің? 

• 

Сен Сәуленің іс-әрекетіне қалай қарайсың? Сәулеге арнап хат жаз. 



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

сұрақтардың негізінде ой бөліседі;  



кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады; 

хаттың құрылымын  сақтайды; 



сөздерді/сөйлемдерді қатесіз жазады. 

 

 

 



Сәуленің кірпіші 

 

Қаланың  күнгей  жақ  шеті  бос  жатушы  еді.  Ол  тұста  жазда  мал  жайылатын. 



Балалар доп ойнайтын. Қыста аппақ қар басып жататын. Сол жерде балалар шаңғы 

тебетін. 

Өткен  жазда  бұл  жерге  құрылысшылар  келді.  Жүк  көтеретін  крандар  пайда 

болды. Көп ұзамай биік үйлер салына бастады. 

Сәуленің  үйі  осы  жерге  жақын  болатын.  Ол  бұл  өзгерісті  күнде  терезеден 

көріп  жүрді.  Әкесінен  ол  үйлердің  кімдікі  екенін  сұрады.  Үйлер  осындағы  ескі, 

кішкене  үйде  тұратындарға  арнап  салынып  жатыр  екен.  Мұны  естіген  Сәуле 

үйлердің салынып бітуін асыға күтті. 

Бір  күні  Сәуле  есік  алдында  ойнап  жүр  еді.  Үстіне  кірпіш  тиеген  жүк 

мәшинесі  өтіп  бара  жатқан.  Арықтан  өте  бергенде

 

бір  кірпіші  жерге  түсіп  қалды. 



Мұны көрген Сәуле қол бұлғап, айқай салды. Жүргізуші естімеді. 

Сәуле  түсіп  қалған  кірпішті  көтеріп  алды  да,  мәшиненің  соңынан  жүгіріп, 

құрылыс басына келді. Арада бір сағаттай уақыт өткенде Сәуленің кірпіші жылдам 

биіктеп бара жатқан үйдің қабырғасынан өз орнын тапты.  

 

35 


Бөлімше 3.4 Қатені табу және түзету  

 

Оқу мақсаты 

3.3.4.1. 

Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, 

стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, 

пунктуациялық қателерді табу және түзету 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

• 

Жіберілген қателерді анықтап, түзетеді 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 


Тапсырма 

Өлеңді түсініп оқы және жатқа жаз. Қатесін тексер және түзет.  

 

 

            



 

Адамдық – борышың 

 

Адамдық – борышың 



Халқыңа еңбек қыл. 

Ақ жолдан айнымай 

Ар сақта, оны біл.  

Талаптан да, білім мен өнер үйрен, 

Білімсіз, өнерсіз,  

Болады ақыл тұл. 

 

Ш. Құдайбердіұлы 



 

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

өлең мазмұнын жатқа жазады; 



жіберілген грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;  

жіберілген пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.  



  

 

 



36 

3-

ТОҚСАН 

Бөлім: Тыңдалым және айтылым 

 

Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау 



 

Оқу мақсаты 

 

3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар 



бойынша  немесе  өз  сөзімен  толық/таңдауына  қарай 

мазмұндау/ сахналау 

 

Бағалау критерийі 

 

Білім алушы 

• 

Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



 

Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

• 



Мәтін бөліктерінің ретін анықтап, цифрмен белгіле.  

 

 



 

 

 



 

 

• 



Құраған жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.  

 

Дескриптор 

 

Білім алушы 

мәтін бөліктерінің ретін анықтайды; 



мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес баяндайды. 

 

 

 



 

 

Көктем кезі. Шоқан ауылына жер картасын жасайтын Сотников деген кісі 



келді. Шоқан да сол кісімен бірге даланы жиі аралады. Сотников салған суреттерге 

еліктеп, тауды, көлді бейнеледі.  

Бір күні оған Мысықтың балшықтан жасаған күймесін көрсетті. 

Мынаны кім жасаған? - деп сұрады Сотников.  



Менің жолдасым - Мысық. 

Ол қайда? 



Ауылда. 


Оқыған ба? 

Жоқ, оқымаған.  



Бұл өнерпаз бала екен. Оған білім керек. Білім беру үшін мектеп ашу  

қажет. Сенің қалаға барып оқығаның жөн. Оқып, білімдіболған соң Мысық 

сияқтыларды үйретесің, - деді Сотников.  

Шоқан алыс қырға қарап, ойланып тұрып қалды.  

Балшықтан жасалған күйме 

 

Шоқанның арманы 



 

Сотниковтың кеңесі 

 

Карта жасайтын кісі 



 

37 


Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 

 

Оқу мақсаты  

 

3.1.3.1 



Шығармадағы  кейіпкерлердің  мінез-құлқы  мен  іс-

әрекетіне,  ондағы  оқиғаларға  сүйеніп,  сюжеттің 

дамуын болжау 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды  



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Жоғары деңгей дағдылары 

Тапсырма 

Мәтінді  мұқият  тыңда.  Әрі  қарай  не  болады  деп  ойлайсың?  Мәтінге  сүйеніп,  суреттегі 

кейіпкерлер арасында диалог құрастыр.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

                

                                                 

       


                                                                              

 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; 



мәтіндегі оқиғаны жүйелі жалғастырады; 

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 



 

 

Бозторғай  өзінің  туысы  қараторғаймен  көрші  тұрады.  Ертелі-кеш  ән  салып, 



көңілін  көтеретін.  Қараторғайдың  да  шықылдап  бірсыдырғы  ыңылдайтын  «әндері» 

болатын. Бозторғайдың әнінен кейін, оның шиқылы аяқ асты болып ескерусіз қалды. 

Өзін  әншілердің  санатына  қосып  жүрген  қараторғайды  күншілдік  жеңді. 

Бозторғай әндете бастаса, қабағын түйіп, ашуын шақырып: 

— 

Сен-ақ шиқылдаудан жалықпайды екенсің? Не дауыс, не әуен жоқ, сенің әніңді кім 



тыңдасын,- деп жақтырмайтын... 

Сен-ақ шиқылдаудан 

жалықпайды екенсің? Не 

дауыс, не әуен жоқ, сенің 

әніңді кім тыңдасын. 

 

..... 



38 

Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту 

 

Оқу мақсаты  

 

3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, 



вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 

 

Бағалау критерийі  

 

 

Білім алушы 

• 

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

• 

Әл-Фараби кім?



 

• 

Мәтіннен Әл-Фарабидің қарапайым адам екенін көрсететін тұсты тауып оқы. 



 

• 

Әл-Фарабидің тартқан күйлері көпшілікке қалай әсер етті?



 

• 

Халықты өнерімен таңдандырған тағы қандай адамдарды білесің? 



• 

«Өнер» дегенді қалай түсінесің? Өнер туралы ой қорытып айт. Мақал

-

мәтелдерді 



қолданып сөйле.  

 

 



Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; 



мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды; 

берілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтады; 



сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді орынды қолданады. 

 

 

 



Бірде  әл-Фараби  Бағдат  қаласы  әмірінің  сарайына  барыпты.  Ол  жерде 

ғалымдар,  әкімдер,  өнерпаздар  көп  жиналған  екен.  Әл-Фараби  елеусіз  бір  шетке 

барып отыра қалады да, өзі жасаған домбырасымен бір көңілді күй тартады. Күйді 

естіген адамдар мәз-мейрам болады. Әл-Фараби басқа бір қайғылы күй тартса, әлгі 

адамдар  қамығып  жылай  бастайды.  Осыдан  кейін  ол  бір  баяу  күйді  тартқанда 

сарайда отырғандар түгел ұйықтап қалыпты.  

Фараби  «Бұл  күйлерді  тартқан  қыпшақ  әл-Фараби»  деп  хат  жазыпты  да,  өзі 

сарайдан шығып кетіпті. Әмірші оны қанша іздесе де таба алмапты.  

39 


Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру   

 

Оқу мақсаты  

3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана 

          

отырып жеткізу 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

• 

Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді 



  

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңда.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

• 

Мәтіннен табиғатты суреттеген көркем сөздерді теріп жаз.  



• 

Көркем сөздерді қолдана отырып, еліміздің табиғатын сипаттап айт.

 

 

 



Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтіннен табиғатты суреттеген көркем сөздерді анықтайды; 



табиғатты сипаттауда көркем сөздерді қолданады.  

 

 

 



Алматыда 

 

Алда  сенбі,  жексенбі  –  екі  күн  демалыс.  Батырхан  туысқандарын  Медеуге, 



Көктөбеге  апарып,  Алматыны  армансыз  аралатты.  Алатаудың  мал  аяғы  тимеген  бұл 

бөктері Байбол ағасына қатты ұнады. Жасыл желек жамылған қалың шыршасы мен қаз-

қатар тізілген қайыңдарды, желкілдеп тұрған көк шалғынды көргенде, көзі тұнып кетті. 

Па,  шіркін,  жерім-ақ  екен!  «Жер  жаннаты  –  Жетісу»  деп  тегін  айтпаған  ғой.  Сай-



сайында  күркіреп  ағып  жатқан  көк  қасқа  бұлақтары  қандай!  Шөбі  кеуіп,  жасықтау 

болғанымен,  төрт  түлік  қанша  жайылса  да,  таусылып  бермес-ау,  жердің  түгі,  -  деді 

айналасына жіті көз жіберіп. 

40 


Бөлім: Оқылым 

 

Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ 



шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі 

қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 

 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтіннен Барлас ақынның бала Абайдың зеректігін сипаттаған тұсты тауып, мәнерлеп оқы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

• 



Мәтіндегі деректерді қолданып, бала Абайға мінездеме бер.  

Дескриптор  

Білім алушы 

мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды; 



үзіндіні мәнерлеп, қатесіз оқиды; 

кейіпкерге мінездеме береді.  



 

 

 



 

Ертеңіне жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан 

жібермеді. 

– 

Асықпай, әлі біраз күн қонақ болып, жатып кетіңдер,– деді. 



Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай 

әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай 

жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, 

жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз 

барынша күтеді. Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйсінген 

Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап:  

– 

Шырағым, ер жетерсің, 



Ер жетсең, сірә, не етерсің. 

Алысқа шырқап кетерсің, 

Шындасаң, шыңға жетерсің,– деп еді. 

Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ 

байқаған болатын. 

41 


Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.2.1 



Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген 

сұрақтар қою және жауап беру 

 

 

Бағалау критерийі  



 

Білім алушы 

• 

Бағалауға және қолдануға негізделген сұрақтар қояды 



• 

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



 

 

Тапсырма 

Мәтінді  түсініп  оқы.  Сыныптасыңның  әңгіме  мазмұнын  түсінгенін  қалай  тексерер  едің? 

Сұрақтар құрастыр. Сыныптастарыңның сұрақтарына жауап бер. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Дескриптор  

 

Білім алушы 

мәтін мазмұны бойынша қолдануға/бағалауға  бағытталған сұрақтар  



  

қояды; 


мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. 

 

 

 



Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жыл он екі ай бойы жинап жүретін. 

Оның  ішінде  киіктің,  арқардың,  сиырдың,  серкенің  мүйіздері  де  болатын.  Ол  соның 

бәрін күн тимейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Көктем шығып, ел жайлауға 

көшерде  Қасым  қыстау  қасынан  ағатын  бұлақтың  табанындағы  қара  қорыс,  көкала 

сазды белшесінен қазып, мүйіздерді көміп кететін. 

Жаз  өтіп,  ел  қыстауға  оралғаннан  бір,  бір  жарым  айдан  кейін  Қасым  ұста 

көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйізді үйге алып келеді. Оларды үйге әкелісімен жылы 

суға салып, саз-топырағын жуып тастайды. Ұста оларды барынша әрлеп, әсемдеп ожау, 

қамшы сап, құты-сауыт, тарақ, көзілдірік жасап шығаратын.    

42 


Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды  

анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 

 

Оқу мақсаты  

 

3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды 



білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу 

Бағалау критерийі  

 

Білім алушы 

• 

Мәтінге тақырып қояды 



• 

Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Қолдану 



Тапсырма 

Мәтінді  түсініп  оқы.  Мәтінге  ат  қой.  Мәтіннің  негізгі  ойын  білдіріп  тұрған  бөлікті  тауып, 

көшіріп жаз.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Дескриптор  



Білім алушы 

мәтінге сәйкес тақырып қояды; 



мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті анықтайды.  

 

 

 



Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы: 

Менің  мына  кітаптарымды  сақтап  қой, қайтып  келген  соң  алармын,-  деп,  бір  бума 



кітапты қолына ұстатады. 

 

Әбунасыр  оны  үйіне  апарып,  сақтап  қояды.  Қолы  босаған  сәтте  ол  әлгі 



кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына 

дейін  оқып  шығады.  Бірақ  онша  түсіне  қоймайды.  Қайта  оқиды.  Сонда  да  ұғымы 

жетіңкіремейді.  Үшінші  мәрте  оқиды.  Тағы  да  қанағаттанбайды.  Төртінші  мәрте 

оқиды.  Көңілі көншімейді.  Ақыры  кітаптағы  ойды  толық  ұғып  алғанша,  қайта-қайта 

оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді.  

Осы  табандылығының  арқасында  Әбунасыр  ғылымға  бой  ұрып,  асқан  білікті 

философ болып жетілген екен деседі. «Табандылық кез келген кедергіне жеңеді» деген 

осы.  


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет