Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіндерді жанры бойынша ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндердің жанрын анықтап, меңзермен байланыстырып көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
-
мақал-мәтелдерді ажыратады;
-
нақыл сөзді анықтайды;
-
батаны ажыратады.
12
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты
3.2.6.1
Кейіпкердің портретін сипаттау,оның іс-әрекеті,
мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме береді
•
Кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтап,
бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Cұрақтарға жауап бер.
•
Назым үйіне неге көңілсіз кірді?
•
Назымның Шынарды іздеуіне не себеп болды?
•
Шынар неліктен кетіп қалды?
•
Назымның қылығы дұрыс па? Өз ойыңды айт.
•
Назымға мінездеме бер.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтайды;
-
кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
-
кейіпкерге сәйкес мінездеме береді.
Қызғаныштың кесірі
Назымға анасы секіретін жіп алып берген еді. Ол күні бойы аулада жіпті
айналдырды. Біресе бір аяқпен, біресе екі аяқпен секірген ол өзін цирктің әртісіндей
сезінді.
Жанына көрші тұратын досы Шынар келіп, біраз қызықтап қарап тұрды да:
–
Екеуміз кезек-кезек секірейік. Жібіңді маған да бере тұр,-деді.
–
Бұл менің жібім, өзіңдікін әкел де секіре бер,- деді Назым тыржиып.
Досына ренжіген Шынар әрірек барып, орындықта біраз отырды.
Назым жалғыз өзі секіре-секіре әбден шаршады. Біраз уақыттан кейін жібін жинап
алды да, қабағын түйіп үйіне келді.
Бағанадан бері ашық терезеден апасы қызының қимылын бағып тұрған болатын:
–
Қызым, саған не болды?-деп сұрады.
–
Ойын қызық емес - деді Назым.
–
Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді, - деді апасы жай ғана.
Бұл сөзден кейін Назым есік алдына жүгіріп шықты. Бірақ маңайда досы көрінбеді.
13
Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
Оқу мақсаты
3.2.7.1
Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби
көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу)
табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Шығармадағы теңеу сөздерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңге сай ырғақты таңдап, мәнерлеп оқы.
Торы құлын
Жағы қалақтай,
Мойны садақтай.
Төбелі жұлдыздай,
Жүні құндыздай,
Жалы жібектей,
Саны білектей.
Көзі моншақтай
Өзі жұп-жұмыр,
Құйрығы шашақтай,
Ерні жып-жымыр.
Жұтынып жүруші еді,
Бұлтиып тұрушы еді.
Далаға шығып ап,
Құйрығын тігіп ап,
Айнала шабар еді,
Асырды салар еді.
•
Өлеңнен теңеу сөздерді тауып, теріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
-
өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
-
өлеңнен теңеу сөздерді анықтайды.
14
Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
Оқу мақсаты
3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін
басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/
мультфильм) нұсқасымен салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
•
«Ақсақ құлан» ертегісінің мультфильм түріндегі нұсқасын тамашала.
(
https://www.youtube.com/watch?v=7lDWtxLMh2g).
Мәтін мен мультфильмнің қандай ұқсастығы бар?
Олардың бір- бірінен айырмашылығы неде?
Дескриптор
Білім алушы
-
шығармалардың ұқсастығын анықтайды;
-
шығармалардың айырмашылығын сипаттайды.
.
Ерте
заманда Жошы ханның ұлы құлан аулауға шығып, үйірді бастап жүрген
басшы құланды жаралайды. Ызалы құлан аңшыға тап беріп, оны таптап өлтіреді.
Жошы хан бір сұмдықтың болғанын сезіп, баласы туралы жаман хабар әкелген
адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Ханға баласының өлімі туралы айтуға
ешкімнің батылы бармайды. Сол кезде бір домбырашы жігіт ханға келіп, күй тарта
бастайды. Хан осы күй арқылы баласының қазаға ұшырағанын түсінеді. Хан жігітке
не айтарын білмей, сертін бұзбас үшін домбыраның көмейіне қорғасын құйғызған
екен
.
15
Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты
3.2.9.1
Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі
дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар,
мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты
сызба түрінде беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқы.
•
Ақынның төрт ана дегені не? Сызбаға түсір.
Дескриптор
Білім алушы
-
өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
-
мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды.
Төрт
ана
Төрт ана
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқадан,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Жан байлығы – салт-дәстүрі – тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.
16
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық
бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
•
Мәтін бөліктеріне тақырып қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әңгімені түсініп оқы.
•
Сұрақтардың көмегімен әңгімені бөліктерге бөл. Әр бөлікке тақырып қой.
Омар атай бақшадан нені көрді?
Атай оған қандай қамқорлық жасады?
Оқиға қалай аяқталды?
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-
әр бөлікке сәйкес тақырып қояды.
Бозша торғай
Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы
жаңбыр жауған. Жер саз.
Омар атай бір топ жусанның ығында бүрісіп отырған кішкентай құсты көрді. Ұшуға
жарап қалған бозторғайдың балапаны екен. Тұмсығының жиектері сап-сары. Өзіне әбден
жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді.
Балапан Омар атайға жасқана қарады. Қорқып кетті. Салбыраған қанатын жиюға
шамасы келмей, сүйреткен бойы бір түп жусанды сырт айнала берді. Бірақ жүгіріп кете
алмады. Жығылып қалды. Омар атай бозша торғайды жерден көтеріп алды. Алақанына
қойып, аз ғана уақыт қызықтай қарады. Әрі тоңған, әрі қорыққан кішкене құс қалшылдап
тұр.
Омар атай бозша торғайды үйіне әкеліп, күн сәулесі түсіп тұрған терезе жақтауына
отырғызды. Алдына ыдысқа салып жем әкеп қойды. Бозша торғай жем жемеді. Омар атайға
жалт-жалт қарай берді. Омар атай оның сырын сезіп, жымиып қана күлді де, тысқа шығып
кетті. Сәлден кейін терезеден сығалап қарап еді, кішкене құс жемді теріп жеп жатыр екен.
Үсті де құрғап кеуіпті. Бозша торғай ыдыстың ернеуіне ұшып қонды.
–
Ә, әлденіп алдың ба? Өзіңе дос екенімді білген шығарсың? – деп қойды атай. Омар атай
ептеп келіп терезені ашты.
Бозша торғай сыртқа ұшып шықты.Көтеріліп барды да, әуеде қалықтап тұрып
әндете бастады.
17
Бөлімше 3.1 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты
3.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде
ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Ойын сурет арқылы жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма.
Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұны бойынша сурет сал.
Дескриптор
Білім алушы
-
өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады.
Күзде
Аспайды да саспайды,
Дайындалып болсын деп.
Күн суыта бастайды,
Малға пішен орсын деп.
Кең аспанды бұлт қаптап.
Қыс жақынын сездірер.
Жаздай жүрген тұрақтап,
Көкөкті де бездірер.
Балаларды қара, әні,
Жүрегі алып -ұшады,
Мектебіне барады,
Гүлге толып құшағы.
Қ. Баянбаев
18
Бөлімше 3.4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,
стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық,
пунктуациялық қателерді табу және түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіндегі стильдік қателерді анықтайды және
түзетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқы. Бірнеше рет қайталанып тұрған сөздерді тап. Оларды басқа сөздермен
алмастыра отырып, мәтінді қайта дұрыстап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
-
қайталанған сөздерді сәйкес сөзбен алмастырып жазады;
-
сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады;
-
каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.
Көршінің мысығы
Әсия мысықты қатты жақсы көреді. Көрші баланың әкесі бір күні көрші
балаға мысық әкеліп берді. Мысық әп-әдемі. Әсия мысыққа қатты қызықты. Әсия
есіктің алдында жүрген мысықты пыш-пыштап шақырып алды. Әсия мысықпен күні
бойы ойнады, мысыққа тамақ берді. Әсияның мысықты көршісіне көрсетпей тығып
қойғысы келді. Тарғыл мысықпен аулаға шыққаны сол еді, мысық Әсияның қолынан
секіріп түсіп, өзінің ауласына тұра қашты.
19
2-
ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды және жауап
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•
Жұбыңа мәтіннің мазмұны бойынша 3 сұрақ қой.
•
Жұптағы оқушының қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
-
мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Күн мен ай
Өте ерте заманда Жер-Ананы Күн мен Ай айналып жүріпті. Таң атқанда Күн төңірекке
нұрын шашыпты. Ол қызарып ұясына батқан шақта, толықсыған Ай сүттей жарығын көпке
сыйлапты.
Күн соңынан күндер, жыл соңынан жылдар өтіпті. Бірде Күн мен Ай «Күн жақсы ма,
Ай жақсы ма?» деген сұрақтың шешімін таба алмай, өзара өкпелесіп қалады.
Күн айтады:
–
Мен Жер бетіне сәуле, жылу таратамын. Адамдар ерте тұрып еңбек етеді. Жолға шығып,
ұзаққа сапар шегеді. Мен ұяма батқан кезде бүкіл тіршілік атаулысы бір сәт дамыл тауып,
демалады.
Ай да уәжді сөзден қалыспайды:
–
Мен Ай десе аймын. Сен айналаны қараңғыға бояған сәтте түндерді аппақ нұрға бөлеймін.
Балалар ай нұрына шомылып жасырынбақ ойнайды.
Күн мен Айдың өзді-өзін мақтай сөйлеген лебіздерін Жер - Ана байыппен тыңдап,
былай депті:
–
Күнім мен Айым, екеуіңнің сөздерің көңіліме дөп тиді. Сендер болмасаңдар, мен бусанып
жатпас ем. Бірің жылу дарытып, топыраққа түскен дәнге жан бітіресің. Ал Ай болса, мызғыған
тіршілікке сұлулық әкеледі. Шаршаған жанға қуат береді. Сондықтан екеуің де маған
қымбатсыңдар. Күн де, Ай да әманда бірі оңымнан, бірі солымнан туа берсін.
Содан бері Жер - Ананы мекен еткен төл перзенттері өздерінің ұлын еркелетсе «Күнім»
деп, қызына мейірлене «Айым» дейтін болыпты. Дүниеде одан жақсы теңеу болмайтынына еш
күмән келтірмепті.
20
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты
3.1.3.1
Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-
әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің
дамуын болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Мәтінді мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың?
Күн мен мұздың арасындағы
диалогті жалғастыр.
Дескриптор
Білім алушы
-
оқиғаның соңын болжап айтады;
-
тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.
Мейірім
Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден
жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып
алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден мейірім
күтіп, ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін.
Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеп:
—
Неткен сұлу едің? - деді Күн.
— ....
—
21
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаты
3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді,
вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
•
Энштейн неліктен ашуланды?
•
Гете уақытты қалай бағалаған екен?
•
Қытай халқы уақытты қалай бағалайды?
•
Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің? Мақал-мәтелдерді қолданып сөйле.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
уақытты бағалау туралы ойын айтады;
-
сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.
Бірде Эйнштейн көз ілмек болып қызметшісіне: «Мені жарты сағаттан
кейін оятыңызшы» — депті. Ғалымға жаны ашыған қызметшісі біраз тынығып
алсын деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған
ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал, жарты
сағатымды қайтарып беріңіз» депті.
«Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал қымбат
уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне
салғырт қарамаған екен.
Ал қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»
деген мақал бар екен. Ендеше, қайта айналып келмейтін алтын уақытты өте тиімді
пайдалану керек.
22
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
Достарыңызбен бөлісу: |