Тапсырма Наурыз мейрамы туралы топта көрініс дайындаңыз. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу
этикеті формаларын қолданыңыз.
1, 2-
топ
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық
түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін
әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер
адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне
игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге
шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен)
қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді.
Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы
алдында арылады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық
ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады.
Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
3, 4-
топ
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
56
ЖОБА Оқу мақсаты 8.3.6.1 -
тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген
мәселелерді салыстыра отырып, баға беру
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Білім алушы •
Мәтіндердегі ортақ мәселелерді айқындайды
•
Таңдалған мәселелерге бүгінгі күнмен байланыстыра
отырып баға береді
Жоғары деңгей дағдылары