ЖОБА
35
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»
Оқу мақсаты
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы
кейіпкер бейнесін ашып,
үзінділерді жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Кейіпкер бейнесін ашады
Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
Өлең жолдарын орынды қолданып, кейіпкер бейнесін талдаңыз.
Дереккөз:
http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq
Кейіпкер
Кейіпкер бейнесі
Пристав
Халық
Дескриптор
Білім алушы
-
өлең жолдарындағы
кейіпкер бейнесін талдайды;
-
шығарма үзінділерін жатқа біледі;
-
кейіпкер бейнесі қарастырылған өлең жолдарын орынды
қолданады.
ЖОБА
36
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»
Оқу мақсаты
7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ,
синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора,
аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б.)
қолданысын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы көркемдегіш
құралдарды анықтайды
Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін
талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, өлеңнің идеясын ашудағы
маңызына талдау жасаңыз.
Дереккөз:
http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq
Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,
Не боларын бұл
істің біле алмастан,
Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы бітірді кек алмастан.
...Шулайды абақтыға қамалған көп,
Сырттағы жүр: «Біз енді қайтеміз?» - деп,
Губернатор жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп.
Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,
Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.
Бекболат бола қалса ту көтерген,
Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп.
Қалиқұлды бірге жазды дарасына,
Байбосын қоса кетті арасында.
Абақтыда қалғандар естен танды,
Көзінің қамшы тиіп қарасына.
Дескриптор
Білім алушы
-
өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдерді анықтайды;
-
көркемдегіш құралдардың өлең идеясын ашад;
-
маңызына, қолданылу ерекшелігіне талдау жасайды.