Процесс- нақты нәтижеге жетуге бағытталған кезектескен әрекеттің жиынтығы.
Механизм: - үрдістерді реттеу тәсілі. Түрлері: нервтік және гуморалдық
Физиологияның негізгі түсініктері
Үрдіс - белгілі бір нәтижені орындауға бағытталған әрекеттердің дәйекті түрде алмасуы.
Тетік - үрдістерді реттеу тәсілі.
Физиологияның негізгі түсініктері
Физиологиялық қалып (норма) тірі организм тіршілігінің шегі, нәтижелі деңгейде сақталады.
Реттеліс - ағзалар мен жүйелердің іс әрекетін қамтамасыз ету үшін оның ауытқуларын шектеу немесе қалпына келтіру.
Оның түрлері: жергілікті, гуморалды және
жүйкелік.
Физиология және медицина
1. Физиологиялық қалыпты көрсеткіштер адам денсаулығы туралы ақпарат береді.
2. Физиология медициналық білім алу барысында ауруды емдегенде өте қажет ғылым.
3. Адам организміне профилактикалық жұмыстарды, еңбек және тынығу тәртібін ұйымдастыруда маңызды орын алады.
4. Адам организмінің бейімделу әрекеттерінің жақсарту жолдарын анықтайды.
Физиологияның негізгі бөлімдері
Жалпыфизиология организмнің көптеген структуралық бөлімдеріне бірдей тән негізгі тіршілік процестерінің қасиеттерін зерттейді.
Жеке физиология әр түрлі ұлпалар (ет, жүйкелер т.б.) және ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.б.) қасиеттерін, олардың жүйелер құрамындағы атқаратын қызметтерінің ерекшеліктерін тексереді.
Қолданбалы физиология адамның әлеуметтік жағдайы мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды.
Жалпы физиологияға түсініктеме
Жалпы физиология организм құрамындағы бөлімдерінің сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, қозу, тежелу, тітіркену, зат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды.