Еңбекшіл ерді қабылдап, олармен әңгімелесу -- жетекшілер мен басшы қызметкердің қарамағындағы адамдармен пікір алысып, олардың әр түрлі жағдайларының, жай-жапсарын білім отыру мақсаттарына бағытталған болуы керек. Еңбекшілерді қабылдау, олармен әңгімелесуде басшылар істің түйнің шешетін мақсаттарға бағытталады, әрбір адамның. талап-тілектері мен мұн-мұқтажына жете мән беріп әңгімелесудің қолайлы жағдайда өткізіліп отыруына жете мән береді. Әңгімеге қатысушылардың өзара сенімділігі мен мүддесін көздейтін жәйттерге терең бойлап, келушілердің сөзің бөлмей ықылас-ынтамен тыңдау қажет. Әңгіме кезінде басшы қызметкерлердің еңбекшілердің жан дүниесінің сырына же - те мән беріп, оларды барынша өзіне іш тарта сөйлесуі керек. Қарамағындағы адамдарға басшылардың, өз пікірлері мен талап-тілегін зорлап тыңдатуы, айтқанын қалайда істетуге ұмтылуы тиісті нәтиже бермейді Әсіресе еңбекшілерді өтініш тілектеріне жете зейін аударып, олардың талабын жүзеге асырудың амал-тәсілдерін, тиімді жолдарын ойластырғаны әрбір адамның көңіл күйін көтеріп өз ісіне деген сенімін, атқаратын қызметіне жауапкершілігін арттырып, олар - ды рухтандырады. Бір сөзбен айтқанда басшы қызметкер қарамағындағы адамдардың көкейтесті істерін терең аңғарып, оларға қамқорлық көрсетуді өзінің негізгі міндеті деп санауы керек.
Жиналыстар өткізу -- еңбекшілердің ұжымдық ой-әрекетін ортаға салып, оны жүзеге асырудың неше алуан шиелінісіп мәселелерін шешудің тиімді жолдары мен амал-тәсілдерін көпшілік болып іздестіреді. Еңбекшілермен өткізілетін жиналыстарды барынша тиімді етіп ұйымдастыру жоспарланған істін нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, жиналыстың өткізілетін орны мен қаралатын мәселе, оны өткізу мерзімінде маңызы үлкен. Жиналыста басшы қызметкерлер әр алуан істің күн тәртібіне қойылып, оларды талқылап іске асырудың жолдарын іздестіреді, еңбекшілердің іскерлігі мен бастамашылдырын арттырады. Жиналыста сөйлеушілердің өз пікірлерін ашық айтып, ортаға салуын, өзгелердің көтерген мәселелерің толық естіп тыңдауына қолайлы жағдай жасалуы қажет. Сөйтіп, жиналысқа қатынасушылардың талқыланған мәселелер бойынша тек іскерлік бастамасын арттырумен бірге, оларға тәлім-тәрбие беруде, ұжымдары адамдардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға ұйымдастыру маңызы зор шара екендігін көрсетеді.
Еңбекшілердің хат-хабарларымен жұмыс істеу. Еңбекшілер жазған арыз-шарымдар ұсыныс пікірлер мен әр алуан хабарлардың соныңда жеке адам бар екенін үнемі есте тұтып, олармен сергек жұмыс істеуді талап етеді. Еңбекшілердің хат-хабарларында:
1-ден әр алуан хабарлар мен істің мән-жайы туралы мағлұматтар болады.
2-ден, хат-хабарларды жеке адамдармен бірге, көпшілік бұқараның ой-пікірлер, сезім күйлері, мақсат-мүдделері айтылады.
3-ден, әрбір хат-хабарда көтерілген мәселенін түйінін заңды түрде шешіп оты - ру -- басшылар мен жетекші қызметкерлердің қоғамдық борышы және азаматтық-адамгершілік міндеті болып саналады.
4-ден, хат-хабар иелері өздері көтерген мәселе тек жеке бастары үшін ғана емес бүткіл қоғамның, әлеуметтін ортақ ісі екендігін сөзінін, атқаратын істеріне деген жауапкершілігі мен қызығуы арта түседі.
5-ден, мекеме басшылары көпілік көтерген мәселелер жөнінде тиісті шешімдер қабылдап, оларды сол ұжымның мақсат-мүддесіне айналдырып отыру керек. Басқару ісіндегі мұндай тәсіл жетекші қызметкерлердің абырой-беделін көтеріп, халыкпен тығыз байланысты түрде жұ - мыс істеуін қамтамасыз етеді.
Көпшілік алдына шығып сөйлесу басшылар мен жетекші қызметкерлердің бойындағы бірсыпыра тұрақты қасиеттердің болуын талап етеді. Сөйлеушінің бойындағы сондай қасиеттердің бірі -- мыщбеден сөйлегенде өз тыңдаушыларын баурып аларлық ерекшелігі. Көпшілік алдына шығып сөйлеушінің сөз жүйесі қатысушыларға түсінікті, ісі мен мамандырына, атқа - ратын жұмыс түрлерінің, көкейкесті жәйттерін қамтып, тыңдаушылардың ақыл-ойына қонымды, сана-сезіміне әсер ететіндей болуы керек. Сөйлеушінің даралық мінез-құлқы мен білім денгейі, кәсіптік іскерлік тәжірибесі өз тыңдаушыларына қалайша ықпал етуінен айқын байқалып тұрады.
Адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас орнатуда сөйлеу өнерінің жетекші қызмет атқаратыны баршаға мәлім. Осы орайда халқымыздың, <<Өнер алды -- қызыл тіл>> деген ұлағатты мәтелі бекер айтылмаса керек.
Сөйлеушінің өз тыңдаушыларына әсер етуі үшін оған бірнеше талаптар мен қажетті шарттар қойылады. Ондай қасиеттерге: 1) Сөйлеушінің сөйлеу мәнері мен ой жүйесінің дәйекті болуы. Ойдың, дәйекті болуы пікірлердің өзара жымдасып, фактілердің нақты да және көпшілікке әсерлі болуы.
2) Сөйлеуші өз тыңдаушыларына әсер ету үшін олардың жан дүниесін тәбірентерлік сана-сезіміне әсер етуі. Мұндай қасиеттерге ие басшы қызметкер қарамағындағы адамдарға ықпалды да және көпшілікке беделді болады. Басшылардың өздері басқарған ұжымдардың әлеуметтік тұрмыстың жағдайы мен жеке бастарының қадір-қасиеттерін, олқылықтары мен кемшіліктерін жете біліп, оларға мән беріп отыруы жалпы өндіріс орнында жағымды психологиялық ахуал орнатудың қажетті шарты.
Өнеркәсіп орындағы мен өзге де мекемелердегі адамдар - дың талап-тілектерін ескеру, жеке топтар мен ұжымдық ұй-ымдардың мақсат-мүдделері мен санасып отыру жалпы коллективтің қоғамдық-әлеуметтік тіршілік бейнесің олардын бірлігі мен ұйымшылдығын, іскерлігігі мен еңбек өнімділігін арттыру жолындағы іс-әрекеттерін жүйелі түрде басқарып, оларға қолайлы, жағымды психологиялық, ахуал орнатуға байланысты екендігін өмір тәжірибесі сан алуан фактілермен дәлелдеп отыр.