Алишерова Айжан боөЖ дер 9-10-11-12-13-14апта №9 сабақ



бет16/45
Дата07.02.2022
өлшемі100,46 Kb.
#97141
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
Микро БОӨЖдер Алишерова

11-апта
СОӨЖ тапсырмалары:
Moodle dis.kaznmu платформаларында
1. Дәріхана бөлмелері ауасының микробтық ластануын зерттеу әдістері.
2. Қоршаған орта объектілерінен шайындыларды зерттеу әдістері.
3. Тазартылған су мен инъекцияға арналған суды зерттеу әдістері.

1. Дәріханалардың жер учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар
Дәріханалардың жер учаскесіне 0,1-0,2 га жер бөлінеді. Ол жер құрғақ, жақсы желдетілетін, қалыпты рельефті болуы керек және ластанулар болмауы керек. Оңтүстік жаққа қараған шамалы көлбеуліктің болғаны жөн. Бұл инсоляцияның жақсы болуына және атмосфералық сулардың өздігінен ағып кетуіне мүмкіндік береді. Солтүстік және батыс көлбеуліктер дәріханалар құрылысы үшін ұсынылмайды. Жер асты суларының деңгейі жер бетінен 1,5 метр биіктіктен кем болмауы тиіс. Жер асты суларының жоғары болуы қабырғалардың, іргетастың, ғимараттың және бөлмелердің сыздануына әкеліп, дәрілік заттардың қасиетіне әсер етуі мүмкін.
Дәріханалардың ішкі жоспарлануы мен жабдықталуына қойылатын гигиеналық талапта Барлық дәріханалар олардың ұйымдық – құқықтық түріне, ведомстволық бағыныштылығына, меншіктігіне қарамастан екі топқа бөлінеді: өндірістік (дәрілік заттарды дайындау құқысы бар) және дайын дәрілік заттар дәріханалары. Екі топтағы дәріханалардың да тиісті бөлмелер саны мен жұмыс орындары саны жеткілікті болуы керек. Дайын дәрі-дәрмектер дәріханасы улы, есірткілік, психотропты заттарды және прекурсорларды сататын жағдайда аталған құралдарды сақтауға арналған бөлмелер негізгі сақтау бөлмелерінің құрамына кіруі мүмкін.
Дәріханада санитарлық және эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуы үшін бөлмелердің өзара орналасу гигиеналық тұрғыдан аса маңызды.

Дәріхана бөлме-жайларын жайлыландыруға қойылатын гигиеналық талаптар Технологиялық процеске, бөлмелердің әрленуіне, жайлыландыруына, дәріхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасына қойылатын гигиеналық талаптар тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханаларға қойылатын талаптардан айырмашылығы жоқ. ЕПМ дәріханалары мен тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханалары үшін ортақ гигиеналық нормативтер бекітілген.
Дәріхана бөлмелерін жасанды жарықтандыру люменисцентті және қыздыру шамдары есебінен қамтамасыз етіледі. Сумен қамтамасыз ету. Қалалық типтегі салынған дәріханалар қалалық су құбыры желілеріне жалғанған орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. Жылыту. Дәріхана қызметкері өзінің күрделі де жауапты жұмысын қалыпты микроклимат жағдайындағы бөлмелерде жүргізуі керек. Дәріхана бөлмелерінің микроклиматын анықтайтын параметрлер: температура (18—20 °С), салыстырмалы ылғалдылық (40—60 %) және ауа қозғалысының жылдамдығы (0,1—0,2 м/с).
Канализация. Қалалық дәріханалардың іркінді сулары канализация жүйесі бойынша шығарылады. Ауылдық жерлерде сұйық қалдықтарды тасымалдау жүйесі қолданылады. Қатты қалдықтарды аулада цементтелген алаңқайда орнатылған металдан жасалған тұмшаланған қоқыс жинағыштарға жинайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет