Алкиндер. Номенклатурасы, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#124324
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алкиндер

ЖАУАБЫ
КЕЙС №2
Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарынан изомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей (СnН2n-2) алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар. Алкиндердің кеңістіктік изомерлер болады ма? Класаралық изомерлерге мысал келтіріңіз.
КЕЙС №3
Полимерлену реакциясын А.М.Бутлеров ашқан. Полимерлену реакциясы қыздыру арқылы, өте жоғары қысым беру арқылы, сәуле әсерімен, бос радикалдар не катализатор қатысында жүреді. Егер мономерлер қоспасы полимеризацияланса – сополимеризация деп аталады. Жылу не жарық әсерінен заттар бос радикалдарға айналатын реакция теңдеулерін көрсетіңіз, олар полимерлену реакциясы бола алады ма?
Полимерлену реакциялары механизміне байланысты: а) радикалды; ә) ионды болып 2-ге бөлінеді.
Радикалды полимерлену механизмі кезінде жылу не жарық әсерінен заттар бос радикалдарға айналады:
КЕЙС №4
Алкиндердің негізге өнімі – ацетилен органикалық синтезде көп қолданылады. Ол синтетикалық каучук алуда, поливинилхлорид бастапқы өнім ретінде жұмсалады.
Ацетиленнен сірке қышқылын, еріткіштер, (трихлорэтилен и 1,1,2-трихлорэтан) алады. Сонымен қатар ацетиленнен өндірісте маңызды заттардың бірі поливинилхлорид алынады. Поливинилхлоридтің қолданылуы жайында ақпараттар беріңіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей, бірақ молекула құрамындағы байланыстар өзгеше.
Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерле тән. Сонымен қатар алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарына изомері болады.
  • Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті.
  • Миллер С. Ацетилен – «Наука», 1969 – 680 бет.
  • Темкин О.Н., Шестакова Г.К., Трегер Ю.А. Ацетилен: Химия. Реакция механизмі. Технология. – «Химия», 1991 – 416 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет