Алкиндер. Номенклатурасы, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#124324
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алкиндер

Алкиндердің алынуы
1. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат — табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:
2СН4 → С2Н2 + ЗН2
Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.
2. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:
СаО + ЗС → СаС2 + CO
СаС2 + 2Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2
Қазіргі кезде кең қолданылатын кальций карбидін неміс химигі Ф. Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты. Ол қалай болды? Велер калцийді әктен көмір қатысында тотықсызданырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешқандай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады. Өкінген Велер ол массаны қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды. Түзілген қандай газ?
КЕЙС №1
Талдау белгісіз газдың 1836 жылы Э. Деви ашқан ацетилен газы екенін көрсетті. Өйткені кальций карбиді сумен әрекеттескенде ацетилен бөлінетіндігі анықталып, ашылды.
СаО + ЗС → СаС2 + CO
СаС2 + 2Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет