Жедел жәрдем науқас жағдайының ерекшелігіне байланысты. Ауыр және өршімелі тыныс жетіспеушілігі болған кезде, жедел жәрдем шаралары тыныс жетіспеушілігін жоюға бағытталады. Ереже бойынша емдеу көктамырға адреналин енгізуден басталады. Бұл дәріні 0,1% 1-2 мл-ін 20 мл 0,9% натрий хлориді, 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп баяу көк тамырға енгізеді. Адреналинді әрі – қарай енгізу науқастың жағдайына байланысты. Қызметінің қалыпқа келуіне осы дәрінің 5-6 мл кетуі мүмкін.
Келесі дәрі преднизолон оны адреналинмен бір шприцте енгізуге болады. Бастапқы мөлшері жағдайының ауырлығына байланысты 60-90-120 мг. Басқа да глюкокортикоидты гормондарды қолдануға болады.
Жағдайы жақсарғаннан кейін 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізеді, ісіктің алдын – алу үшін. Анафилактикалық шок болған науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Науқастарды зеңбілге жатқызып тасымалдайды. Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жасауға дайын болуы қажет.
Науқастың жағдайы ауыр болса реанимациялық немесе үстемелі ем бөлімшесіне жатқызады, жағдайы жақсарған соң терапия бөліміне ауыстырады.
Егер медициналық көмек уақыттылы және дұрыс жасалған болса өлім болмайды. Ерте өлімнің себебі көбіне адренергиялық дәрілердің, глюкокортикоидты гормондардың, сұйықтықтардың уақыттылы жеткілікті қолданылмағандығынан және реанимациялық шаралардың кеш басталғандығынан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |