Клиникалық көрінісі ағзада ауыр жайылмалы бұзылыстар болуымен сипатталады. Әдебиеттерде анафилактикалық шоктың ағымы бойынша 4 вариантын ажыратады
Асфиксиялық
Гемодинамикалық
Церебральды
Абдоминальды
Егер дәрілік заттардың әсерінен ДАШ болса, дәрігер субьективті белгілерді бақылауы қажет: науқаста дискомфорт болуы, өзін ауыр сезіну, өлімнен қорқыныш, «күйік сезімі» болады. Бұндай жағдайда жылдам түрде дәріні енгізуді тоқтатып және шұғыл шаралар жасауға дайын болу қажет.
ДАШ гемодинамикалық көрінісі АҚҚ кенет төмендейді, кейде тіпті аныкталмайды, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы, ауыр жағдайда брадикардия болады. Пульсі жиі, толымсыз. Жүрек үндерінің бәсеңдеуі, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті бұл кіші қанайналым шеңберінде жүктеме болғанын және оң қарыншалық жетіспеушілік дамитындығын көрсетеді. Гипотония болуы қантамырларының өткізгіштіктерінің және қанның сұйық бөлігінің шығуына байланысты болған вазодилатацияға және гиповолемияға байланысты, ол ісік тудырады.
Тыныстың бұзылысы кеуденің ауруымен, инспираторлық және экспираторлық ентікпемен көрінеді, өкпеде әр – түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі, ол дамып келе жатқан өкпе ісінуі туралы ойландырады. Кеңірдектің ісінуі және бронхоспазм дамуы мүмкін.
Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады, беті ісінеді, тершеңдік болады. Құсу, жүрек айнуы, іштің ұстама түрінде ауруы, диарея, өздігінен дәрет шығару – бұлар асқорыту жүйесі бұзылысының көріністері.
Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылысы естің бұзылысы тіпті оны толық жоғалту, қарашыктарының кеңеюі, тонико – клоникалық тырысулар болады. Басқа мүшелермен жүйелер қызметінің аз мөлшерде бұзылысы бас миының ауыр гипоксиясына байланысты.
Бірінші науқасты көргенде дәрігер ДАШ неден басталғанын бұзылыстың ауырлық дәрежесін, науқастың жағдайын анықтауы қажет, бірақ бұл жедел жәрдем шараларын жасауды тежемеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |