Аллергия. Аллергияның түрлері мен даму механизмі


Постгеморрагиялық анемия. Этиологиясы және патогенезі



бет43/48
Дата29.01.2022
өлшемі55,54 Kb.
#115661
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Tolyk pat fiz

Постгеморрагиялық анемия. Этиологиясы және патогенезі. Әр түрлі себептерден қансырау нәтижиесінде пайда болады.

Стресс. Стресс (Stress – ағылшынша - күш салу, зорлау) – организмге аса бір ерекше тітіркендіргіштің- стрессорлардың әсерінен ондағы бейімделу процесі ретінде гуморальды, неврогенді өзгеру комплексінің пайда болуы. Бұл ұғымды 1936 жылы Канаданың ғалымы Г.Селье еңгізген. Стрессорлық жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық, гематологиялық өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер: малдың халінің нашарлауы, әлсіреуі, тершеңдік, дене қызуының төмендеуі, қан қысымының жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан тамырлары, ас қорыту жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы; тимус, көкбауыр, лимфа бездерінің өлі еттенуі; асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының қанталауы; қандағы эозинофилдер мен лимфоциттердің, бүйрек бездері мен гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады. Стрессті 3 сатыға бөлуге болады:1)Жинақтау сатысы 2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия қоры пайдаланылады. Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді түрде болып, жүректің, қан тамырларының, бүйрек бездерінің (катехоламиндер, адреналин, норадреналин босап гликогенді пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары бөлініп, қандағы глюкозаның деңгейін арттырады.2)Резистенттік-адаптациялық сатысы бірнеше жұмаға созылады. Жүйке жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер қалыптасады. Организмнің стрессорға қарсы тұру қабілеті қалыпты жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.3)Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысы күшті стрессор ұзақ уақыт әсер еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-жітімге ұшырауы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет