Аллергия. Аллергияның түрлері мен даму механизмі.Аллергия (грек
allos-басқаша ,ergon-әрекет, жауап) организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдетттегіден тыс сезімталдығы.Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (эзогендік) және организмнің өзінде өңдірілетін (эндогендік) болып ажыратады.Экзогендік аллергендерге өсімдік тозаңдары, жануарлардың түбіті, үй шаңы, кейбір тағамдық заттар вирустар мен микробтар жатады.Аллерген организмге алғаш түскенде иммундық жүйелерге
әсер етіп, оның сол алларгенге сезімталдылығын көтереді.Кей бұл алларгенің қайталап түсу салдарынан аллергиялық ауру пайда болады.Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық, демікпе,
есек жем,кванке ісінуі, поллиноздар жатады және анафилакциялық шок жатады.Аллергияның екі түрі бар:а) Жедел тиіпті сезімталдық (ЖТС), б) баяу типті сезімталдық (БТС).
Жедел тиіптегі аллаергиялар (ЖТС)- организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған, бірақ оны патологиялық күйге
әкелетін реакциялар, ЖТС реакцияларына анафлиаксия,
сарысу ауруы,Артюс феномені, адамның атопиялық аурулары –пішен қызбасы, демікпе, есекжем, тағамдық
дәрі-дәрмектіктік аллергиялар, аллаергиялық дерматиттер жатады.Анафилаксия (гр.ana- қарсы , phlaxis-қорғаныс )- ағзадағы жедел белгі беретін аллергиялық реакция.Ол денеге енген әртүрлі заттардың (дәрәлер, емдік сары сулар, витаминдер т.б) қатерлі ықпалынан пайда болады.Анафлаксия терминің ғылымға 1902 ж фр. Ғалымдары П.Портье мен Ш.Рише енгізген.Организмнің сезімталдығын қалыптастыратын антигендік бірінші
мөлшерін сенсибилиздеуші доза, ал анафилаксияны тудыратын екіншісін шешуші доза деп атайды.Анафлиакцияның клиникалық белгілері әртүрге жататын жануарларда түрлі болып келеді.
Баяу тиіптегі аллергиялар(БТС)-иммунологиялық икемділіктің бұл түріне сенсибилзиденген организмнің анигеннің шешуші дозасына бірнеше сағ немесе тәуліктен кейін(12-24 сағ) жауап қайтарады.БТС иммунитеттің жасушалық факторларын қалыптастырады, сондықтан да ол сау организмге тек сенсибилизденген жануардың Т-лимфоциттерінің көмегімен ғана көшіріледі.Антигеннің дозасы енгізілген жерге
лимфоциттердің шоғырлануы, қан айналымдағы антиденелердің жиналуына қарағанда ұзақ уақытты қажет етеді. Бұл жағдай БТС- тың баяу дамуын түсіндіреді.