Артериалық гиперемия кезіндегі микроциркуляцияның бұзылуы. Гиперемия- жеке бір органда неме тканьучаскесінде қанның әдеттегіден көп болуы. Артериалық және веноздық гиперемия деп бөлінеді. Артериалық гиперемия- ұлғайған қан тамырлар арқылы өтетін қан мөлшерінің органға қанның толуының артуы. Артериалық гиперемия этиологиясы: әдеттегі физиологиялық тітіркендіргіштер(күн сәулесі,жылу) әсерінің нормадан артып кетуі; нерв жүйесінің бастапқы зақымдануынан парезге және параличке шалдығуы.Белгілері: қызару ,температураның көтерілуі ,органдар мен тканьдердің көлемінің ұлғаюы. Артериалық гиперемия тканьдердегі қан айналысын өзгертіп, жеке органдағы қан қысымын артырады.Сондықтан кейде патологиялық жағдайда артериалық гиперемия әсерінен тамырлар жарылып,қан құйылу пайда болады.