Бұйрек патологиясын тудыратын ренальды факторлар: нефроздар, нефриттер.Несеп бөлінудің бұзылуының бүйректік факторларының ішінде бүйректегі қабыну процестері-нефриттер,дегенератифтік процестер-нефроздар,қан айналысының бұзылуы-нефросклероздар,сондай-ақ бүйрек тасы ауруы елеулі орын алады.Нефрит-әртүрлі зиянды агенттердің,көбінесе қанның әсер етуінен бүйректің қабынуы.Малдың барлық түлігі ауырады.Процесс бір мезетте екі бүйректі,немесе шумақтарды,немесе ткань аралықтарынзақымдайды.Нефрит инфекциямен уланғанда,ден тұтастай күйгенде,кейбір дәрі-дәрмекті дұрыс қолданбағанда дамиды.Себепші фактор-дененің салқындауы.Нефроз-бүйрек паренхимасы,негізінен бүйрек өзекшесі өзгеріп,зат алмасуы бұзылатын ауру.Барлық малдарда,әсіресе жылқыда,шошқада,итте кездеседі.Нефроз орг-ң улануынан,ірің кеулеуден,бұзылған азық беруден п.б.
Бұйрек патологиясын тудыратын экстраренальды факторлар (қан, қан айналымы, ас қорыту, нервті-эндокринді реттеулер).Бүйректегі әр түрлі патологиялық процестеролардың функциясын бұзады,ал ол елеулі түрде ауытқығанда –бүйрек жетімсіздігі пайда болады.Мәселен,қан айналысы жетімсіз болған жағдайда бүйректің қалыпты қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады,ал артерия қысымы күрт түскенде несептің пайда болуы мүлде тоқталады.Қанның құрамы мен қасиетінің өзгеруі де бүйрек қызметінің бұзылуына едәуір ықпал етіп,зат алмасуға және де басқа да патологияға ұшыратуы мүмкін.