Ауыз қуысында ас қорытудың бұзылуы.Ас қорытудың бұзылуының негізгі формасы-мал тәбетінің болмауы немесе жойылуы,организмнің жүдеуі және өнімділігінің кемуі,талықсуы,құсуы және ас қорыту органдарындағы басқа да бұзылу функциялары.Сонымен ішек-қарын жолдарындағы бұзылулар оның негізгі-жиырылып-созылу,секрет бөлу,сору,бөліну функ-ң ауытқуы түрінде болады.Кейбір ауруларда аштықты сезіну-гиперорексия,булимия-аштық,тәбеттің кемуі-анорексия,тәбеттің бұзылуы-парорексия пайда болады.Ауыз қуысында шайнау,сілекей бөліну және жұту әрекеттері бұзылуы мүмкін.Шайнау әрекетінің бұзылуы.Ауыз қуысында азықтың жеткіліксіз майдалануы көп жағдайда шайнау аппараты жұмысының бұзылуынан болады.Сілекей бөлінудің бұзылуы.Гиперсаливация және гипосаливация түрінде байқалады.Қалыпты жағдайда қойдан 6-8л,сиырдан50-60л сілекей бөлінеді.Гиперсаливация немесе сілекей бөлінудің көбеюі сілекей безінің секреторлық нервтерінің рефлек-қ тітіркенуінде,буаздық кезінде,құсқанда,стоматитте,инфек-қ ауруларда байқалады.Гипосаливация немесе сілекей бөлінудің кемуісілекей безі функциясының рефлек-қ бұзылуынан,сондай-ақ су алмасудың бұзылуынан болады.Жұту әрекетінің бұзылуы.Жұту-күрделі рефлект-қ әрекет,ол өздігінен болатын және рефлекторлық түрде өтетін фазалардан тұрады.Жұтынудың бұзылуы өте қауіпті,өйткені мұндайда сілекей және азық кесектері тыныс жолдарына түсіп,аспирациялықпневмония тудыруы немесе өкпе гангренасына ұшыратуы мүмкін.