сөйлемнің ең негізгі мүшесі әдейі бүгіліп қалады. Бұл көбіне монолог, диалогтарда кездеседі. Мысалы: “Келіп қалды! Ойбай, келіп қалды!..” дегенде сөйлемнің негізгі мүшесі “жау” деген сөз айтылмай қалған. Кейде ол не қатты қуанғандағы, не қатты қайғырғандағы сезім құбылысын көрсету үшін де қолданылады.
Айшықтаудың тағы бір түрі – егіздеу, яки параллелизм (грек. parallelos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Оның негізгі мынадай түрлері бар:
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Ба ауырып, іш жанар.
(Абай)
Бұл –
Достарыңызбен бөлісу: |