Аллитерация (лат adlittera дыбыстас) – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс



бет6/14
Дата16.05.2022
өлшемі178 Kb.
#143544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Теория

Тұрақты метафора – ойды тыңдаушыға естен кетпестей етіп жеткізу үшін қолдану. Кейде поэтикалық метафора деп атайды. Мысалы, түйені шөл кемеге, комбайнды жер кемеге балау т.с.с.
Индивидуалды метафора белгілі бір ақын-жазушының туындысында өмір сүреді.
А. Байтұрсынұлының лұғат ауысуымен ұқсас болып келеді.
Жалпы, метафораның тілдік сипатын зерттеген Бақытжан Хасенов. Сол сияқты
З. Ахметов, З. Қабдолов, Р. Сыздық, Ә. Болғанбаев еңбектерінен де метафора жайлы мәлімет кездестіруге болады.
З. Ахметов: “Соңғы жылдары (90-шы ж.) әдебиеттануда метафора термині жаңа, кең мағынада қолданылып жүр. Батыс Еуропада, Латын Америкасында роман жанрының соны мүмкіншіліктерін іздестіру нәтижесінде туған бірқатар шығармалар (Гессенің, Маркестің, Берхестің т.б. романдары) “метафоралық роман” деген сипаттамаға ие болды”, - дейді.
Троптың бір түрі – алмастыру, яки метонимия (грек. metenymia – қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет. А. Чехов былай депті: “Сұраншы әйелдің жоқ-жітіктігін аңғарту үшін көп сөз жұмсап, оның бейшара мүшкіл қалпын қазбалаудың қажеті жоқ, иығындағы өрім-өрім жирен жамылғысын әншейін атап өтсең жетіп жатыр”. Осынау жирен жамылғы секілді әр нәрсенің бар болмысын бір-ақ танытар шағын деталь – метонимия. Жалпы, алмастыру терминің алғаш рет енгізген
А. Байтұрсынұлы.
Сөгетін Гомер, Феокритті,
Оқыды бірақ Адам Смитті...
Өзі сұлу, өзі ақын
Пікірлері Кантқа жақын.
(А. С. Пушкин)
Бұл арада әдеби, не философиялық шығармалар жайлы көп пікір, ұзақ әңгіме орнына авторлар ғана аталып отыр. Бәрін А. Пушкин ащы шектей шұбатып жатпайды, алмастыру тәсілімен атап өтеді.
Үйі мәз боп қой сойды
Сүйіншіге шапқанға.
(Абай)
Абай отбасын, туған-туысқанын түгел тізіп жатпай, бәрін “үйі” деген бір ғана сөзбен алмастырады.
Қасиетті қабірге қасіретті Герат жас төкті.
(Айбек)
Автордың айтып отырғаны – Науаидің қазасына Герат тұрғындарының түгел қайғыруы.
Алмастыру қазақтың батырлар жырында да кездесіп жатады. Мысалы:
Көк темірді киініп
Шықты батыр жекеге.
“Метонимия метафора тәрізді полисимия құбылысын тудыратын тілдегі негізгі тәсілдің бірі”, - дейді Ә. Болғанбаев. Оның туу жолдары:

  • Зат пен ішкі мазмұнының шектестігі: қазан піскенше, бәрі машина көруге кетті

- Жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл, әрекет атауларымен байланыстылығы. Бұлар контекстік синоним ретінде жұмсалады: Қарабай, Сарыбай, Шығайбай бар сараңдықтың белгісі.
- Сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарына байланысты: қара – зат; бір көрінген бейне, нәрсе.
- Автор мен шығармасы немесе шығарма мен ішкі мазмұнымен байланыстылығы: Абайды оқыдым, Қастеевті тәмәмдадым т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет