оны біз қорғаймыз», -делінген.
Құран – жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағаланың
ҿзгермес сҿзі. Хаким Абай айтқандай: «Алланың ҿзі де рас, сҿзі де рас. Рас сҿз
ешуақытта жалған болмас». Жаратушы Жаппар Ие оны қияметке дейінгі жалпы
адамзаттың екі дүниелік бақыты үшін, Жебірейіл періште арқылы адамдар
арасындағы ақырғы елшісі Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу алҽйһи уҽ
сҽллҽм) уахимен жеткізген еді.
Хазіреті Адам заманынан басталған Ислам діні Мұхаммед пайғамбар
(саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) дҽуірінде толық түсіп кемеліне келді.
Сондай-ақ, Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) ҿмір сүру
барысында мұсылмандардың ойында шешімін таппай жүрген сұрақтарға дер
кезінде жауап беретін. Алайда 632 жылы Мұхаммед пайғамбарымыз
(саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) дүниеден ҿткен соң, Ислам діні ҽкелген ой
еркіндігінің нҽтижесінде мұсылмандар Құран мен хадиске түрлі түсінік беріп,
ағымдарға бҿліне бастады.
Құрандағы күрделі ҽрі кең мағыналарды қамтитын сҿздердің қай мағынада
қолданылғанын анықтау үшін ҽр нҽрсенің парқын білетін мамандарға
қажеттілік туды.
Исламдағы ақылдың орнын бағамдайтын ҽһли сүннҽт кҽламы ғылым
саласы пайда болды. Бұл ғылымның негізін Ирактық Ҽбу Хасан ҽл-Ҽшғари
жҽне Самарқандық жерлесіміз имам Ҽбу Мансур ҽл-Матуриди қалады. Имам
Матуриди – Ҽһли-сүннет мектебі бойынша екі ғалымның бірі ҽрі Матуриди деп
аталатын үлкен теологиялық мектептің құрушысы.
Бүгінгі ҽлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер, ал қалған 10
пайызын шииттер құрайды. Статистикалық есепке сүйенсек, сол тоқсан пайыз
сунниттердің 87,2 пайызын «Матуридилік» пен «Ҽшғарилік» мектебін
ұстанатын Ҽһли сүннет уҽл-жамағаты құрайды. Ҽһли сүннҽт фиқһта Ханафи,
Шафиғи, Ханбали, Малики болып бҿлінсе, сенім мҽселесінде Матуриди жҽне
Ҽшғари мектептерінің қағидалары арқылы танылған.
4
Қазіргі таңда ҽлемдегі суннит мұсылмандардың жартысынан кҿбі Ханафи
мҽзһабын ұстанады. Ал Ханафилердің басым кҿпшілігі имам Матуридидің бір
жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Бұл жүйе Орта Азия,
Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пҽкістан аймағындағы мұсылмандар
арасында кеңінен жайылған. Ҽсіресе, түркі халықтары арасында кҿбірек
таралған. Ҽрине, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары да бар.
Олар ғасырлар бойы исламның сенім тұрғысынан матуридия бағытын, ал
тағат-құлшылықта Ҽбу Ханифа мҽзһабын ұстанған. Оны Қазақстан
Республикасының Президенті - Елбасымыз Н.Ҽ.Назарбаев «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында да «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Ҽбу Ханифа
мҽзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-
дҽстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та ҽлемдегі ең
ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дҽстүрін ардақтағаны абзал», - деп
айтып ҿтті.
Алайда Ҽбул-Хасан Ҽшғари, Ғазали секілді танымал тұлғалармен
салыстырғанда, Имам Матуриди белгісіз себептерге байланысты ҿз деңгейінде
зерттеліп, танылмаған.
Сондықтан да асылдың сынығы имам Матуриди жайында қысқа болса да
мағлұмат беруді жҿн санадық.
Достарыңызбен бөлісу: |