Қалмахан Ержан Сейтұлы


«Раббың қалағанын жаратады да, таңдау жасайды»



Pdf көрінісі
бет5/36
Дата16.06.2020
өлшемі407,48 Kb.
#73645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
imammaturidi

«Раббың қалағанын жаратады да, таңдау жасайды» («Қасас» сүресі, 68) 

деген  аятты  оқып,  Матуридиді  мақтайтын.  Тіпті  ұстазы  Ҽбу  Мансур  ҽл-

Матуриди келмей дҽрісін бастамайтын.  

Кейінгі дҽуір ғұламалары да «Матуриди алдыңғы қатарлы имамдардан. Ол 

хақ дінді тура түсіндіру жолында ерекше қызмет еткен тұлға» деп мақтан еткен. 

 

 



 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИМАМ МАТУРИДИДІҢ  

ӚМІР СҤРГЕН ДӘУІРІ 


 

 

10 



Имам  Матуридидің  ҿмір  сүрген  кезеңі  Аббаситтер  мемлекетінің  ҽлсіреп, 

соның нҽтижесінде бірқатар Ислам мемлекетінің пайда болған уақытпен тұспа-

тұс  келеді.  Маураннаһрда  Саманидтер  мемлекетінің  құрылғаны  тҽрізді, 

бастапқыда  Иран,  Хорасан,  Систан  жҽне  Кирманды  құрамына  алған 

Саффариттер мемлекеті пайда болған еді.  

Имам  Матуридидің  ислам  ҽлеміндегі  сенімге  байланысты  арпалыстың  ең 

ҿршіген  уақытына  тап  келген.  Бұл  кезде  Ислам  халифаты  күн  ҿткен  сайын 

ұлғайып,  кҿптеген  халықтар  Ислам  дініне  кіріп  жатты.  Бір  жағынан  халифа 

Мҽмун (813-833) дҽуірінен бастап, ежелгі грек жҽне үнді пҽлсапасы араб тіліне 

кҿптеп  аударылды.  Мұсылмандардың  ҿзара  мҽзһабқа  бҿлінгендері  аздай, 

сырттан  келген  яһуди,  христиан  пҽлсапашылары  мен  дін  басылары  сенімге 

байланысты  түрлі  пікірлер  айтып,  халықтың  санасына  кҿптеген  күмҽнді 

мҽселелерді  ұялатып,  дел-сал  күйге  түсіріп  қойды.  Осындай  сҽтте  исламның 

иман негіздерін қорғау мақсатында ақыл мен қисындық қағидаларды пайдалану 

қажет  болды.  Нҽтижесінде,  иман  негіздерін  ҽрі  аят-хадиспен,  ҽрі  ақылмен 

бекітетін  «Кҽлам»  атты  жаңа  ҽдіс  пайда  болды.  Мұның  латынша  ұғымы  − 

«теология».  Имам  Матуриди  осы  дҽуірде  шыққан  ҽйгілі  мутакаллим,  яғни 

теолог еді. Имам Матуридидің шыққан жері Мауараннаһр ҿлкесі болғандықтан, 

ғалым  сол  аймақтағы  Ханафилардың  ақида  мектебінің  имамы  атанып,  сенім 

негіздерін жүйеге келтіруші болып саналады. 

Матуриди  ақида  саласында  ұстаздарының  тізбесі  Ҽбу  Ханифаға  барып 

тіреледі.  Ол  Ҽбу  Ханифаның  ақидаға  байланысты  еңбектерін  оқып,  ҿз 

кҿзқарасын  Ҽбу  Ханифаның  пайымдауларының  шеңберінде,  «кҽлам»  ҽдісі 

арқылы жүзеге асырған. Сол себепті имам Матуриди Ҽбу Ханифаның ізбасары 

ретінде саналып, мҽзһабы ханафи мҽзһабы болып саналған. 

Ҽбу Ханифа мен Матуриди еңбектерін салыстыра зерттеген Ҽбу Зҽһра Ҽбу 

Ханифа  кҿзқарастары  Матуриди  тұжырымдарының  қайнар  кҿзі  екенін,  мұны 

Матуридидің  ҿзі  де  мойындағанын  дҽлел  ретінде  келтіреді.  Ханафи 

мҽзһабының  үлкен  ғалымдарының  бірі  Захид  ҽл-Кҽусари  де  ҿзінің  еңбегінде 

Матуридидің  Ҽбу  Ханифаның  еңбектерін  нақты  қолданып,  оларды  жете 

зерттегенін айтады. Бұл жерден имам Матуриди мен имам Ағзамның сенімдік 

кҿзқарастарын тереңдете зерттелгенін аңғарамыз.  

Шынтуайтында,  Матуриди  Ҽбу  Ханифаның  кҿзқарастарын  оқып  үйреніп, 

осы  кҿзқарас  аясында  аят  хадистерді  қолданып,  ақыл  ойға  да  аса  мҽн  берген. 

Самарқанд  аймағындағы  ағымдар  мен  бағыттарға  қарсы  пікірталастарында 

кҽлам ҽдіс арқылы үлкен жетістіктерге жеткен. 

711-жылы  Мауараннаһрды  Құтайба  ибн  Муслим  басып  алады.  Басқару 

жүйесі  Ҽмауи  халифаты  Мҽмуннің  Саман  ұлдарына  яғни  Ҽсад  ибн  Саманға 

берілгенше, (819ж.) орталықтандырылған халифалық арқылы басқарылды. 

Мұғтасым  дҽуірінде  (833-842жж.)  Мауараннаһр  тұрғындары  толықтай 

мұсылман  болып,  шапқыншылыққа  қарсы  тұрды.  Сол  кезде  олар  ханафи 

мҽзһабын ұстанатын.  

Саманидтер  ҽулеті  дҽл  осы  кезеңде  жаңа  мемлекет  құрып,  Мауараннаһр 

аймағына иелік етті. Мҽселен: 819-жылы Нұх ибн Ҽсад − Самарқандқа, Ахмед 




 

 

11 



ибн  Ҽсад  −  Ферғанаға,  Йахия ибн  Ҽсад  −  Шашқа,  Илиас ибн  Ҽсад  −  Хератқа 

ҽкім болды. 

Орталық  Бұхара  қаласы  болғанымен,  Самарқанд  халқының  саны  кҿп 

болатын.  Ірі  қалаларға  жағдай  жасалып,  олар  ғылым  орталықтарына 

айналдырылды. Мҽзһабаралық пікірталастар кеңінен етек алып, қызу тартыстар 

жүргізілгендіктен,  ел  билеушілері  оқымыстылар  мен  діндар  ғұламаларды,  дін 

мен ғылымды жандандыруға жағдай жасады. Сҿйтіп, Саманидтер ҽулеті Ислам 

дініне  қатысты  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  дұрыс  жолға  қойылып, 

кемелденуіне елеулі үлес қосты.  

Абдулла ибн Тахирдің (829-844ж) «Ғылыммен айналысатын адамға жағдай 

жасалу  керек.  Ғылым  –  жалқаудың  емес,  ізденушінің  жанынан  табылады», 

деген сҿзінен сол дҽуірде ғылымға ҿте кҿп мҽн берілгендігін кҿруге болады.  

Мауараннаһрдың  Хорасаннан  басқа  аймақтарында  мұғтазилиттердің 

сенімге  байланысты  кҿзқарастары  кеңінен  тараған  еді.  Бұған  Матуридидің  – 

«Бҽйану  уҽһмил  мұғтазилҽт»  деген  мұғтазилиттерге  бағытталған  шығармасы 

дҽлел  бола  алады.  Сондай-ақ,  танымал  хадисші  ғұламалардың  шығуына  да, 

бҽлкім, осы мұғтазиланың кҿзқарастары бірден-бір себеп болуы керек. Ҿйткені, 

хадис ҽдебиетінде бірнеше маңызды қайнаркҿздерді жинақтаған ғалымдар осы 

аймақтан шыққан. Олар ислам ҽлемін шарлап Пайғамбарымыздың (саллаллаһу 

алҽйһи уҽ сҽллҽм) хадистерін бір жерге жинаған.  

Мауараннаһр  аймағынан  шыққан  Кутуби  Ситта  яғни  ең  сенімді  деп 

табылған  6  хадис  жинағы  имамдары  секілді  бірқатар  танымал  хадис 

ғұламаларын кездестіруге болады.  

Сондай-ақ,  Мауараннаһр  аймағы  тек  ғылыми  жҽне  мҽдени  тұрғыда  ғана 

дамып қоймай саудамен де ҿзін таныта білген. Мҽселен Абдулла ибн Тахирдің 

тұсында мемлекеттің кірісі 40 миллион дирхамнан асқан екен.  

Осы  саманидтер  дҽуірінде  Матуридидің  жұлдызы  оңынан  туған  еді. 

Себебі,  Саманидтер  874-999-жылдар  арасында  Иранды  толығымен  қол  астына 

алғаннан  кейін,  ғылым  мен  ҽдебиетке  белсенді  түрде  қамқорлық  кҿрсетті. 

Сарайларға кҿптеген ғалымдарды жинады. Қала кітапханаларымен қатар, ҽрбір 

мешіт жанында арнайы кітапханалар жұмыс істеді.  

Саманидтер мемлекеті (999) қолынан билік кеткенге дейін ҿз ғалымдарын 

ұдайы қорғап, қолдап отырды. Имам ҽл-Матуриди сондай ғылымға құрметі мол 

ортада ғылым-білімнен ҽбден қаныға сусындап, жемісті еңбек етті.  

Ірі  қалаларда  бай  кітапханалар  ашылды.  Олардың  ең  үлкені  −  Мерв 

қаласында  еді.  Мҽселен,  ҽл-Мақдиси  (990)  ҿз  еңбегінде:  «Бұл  ҿлкенің 

ғалымдары ғылым-білімнің шырқау шыңына қол жеткізген. Ол жер – оқу-білім 

мен  жақсылықтың  қазынасы,  Исламның  алынбас  биік  қамалы.  Бұл  жерде 

шариғат ғалымдары патшалардай сыйлы» деген мҽлімет келтіреді.   

Ҿмірін білім жолына сарп еткен  Имам Матуриди түрлі діни мҽліметтерді 

игере  отырып,  ҿз  дҽуірінің  беделді  ғалымдарының  бірі  болған.  Бір  ҿкініштісі, 

ғалымның құнды еңбектерінің басым бҿлігі күнімізге дейін жетпеген.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет