Қалмахан Ержан Сейтұлы



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата16.06.2020
өлшемі407,48 Kb.
#73645
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
imammaturidi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИМАМ МАТУРИДИДІҢ 

ЕҢБЕКТЕРІ 


 

 

16 



Имам Матуридидің еңбектері 

Имам  Матуриди  ҿз  кезегінде  сенім  мҽселелерін  талқылау  ҽрі  қамту 

тұрғысынан  Ҽбу  Ханифаның  ілімінен  кҿп  сусындаған.  Ҿз  дҽуірінің  кемеңгер 

ойшылы  Ҽбу  Мансур  ҽл-Матуриди  артына  бірнеше  кітап  жазып  қалдырған. 

Олардың  бірі  «Китабу  Тҽуилати  Ҽһли  Сунна»  (немесе  «Тҽуилату-л  Қуран»). 

Бұл еңбек Құран кҽрімнің тҽпсірі.  Оның бірнеше нұсқасы бар. Кҿпшілігі ҽлем 

кітапханаларында  қолжазба  ретінде  сақталған.  Олардың  бірқатары  Түркия, 

Германия, Британия, Египет, Ҿзбекстан жҽне Дамаск кітапханалары.  

Бұл  −  Матуридидің  Құран  тҽпсіріне  байланысты  жазған  ең  құнды  еңбегі, 

ҿз  сҿзімен  айтқанда,  «Құран  тҽуилі».  Мұнда  имам,  орайы  келгенде  ақида 

мҽселелеріне тоқталып, бидғатшылардың пікірлеріне жауап беріп, оларға қарсы 

ҿз ойын айтып отырған. Ҿзге классик ғалымдардан ҿзгеше ҽр аятты жеке бҿліп, 

ақылдық  тұрғыда  түсіндіре  білген.  Ҽһли  сүннетті  қорғай  отырып,  мүшҽббиһа 

(мүжҽссима)

, мұғтазиланы сынға алған.  



Имам  Матуриди  ҿзінің  Құран  Кҽрімге жасаған  түсіндірмелерінде  (тҽпсір) 

бұл  тҽсілді  ҿмірлік  ұстаным  етті.  Десекте,  имам  Матуриди  Құран  Кҽрімге 

түсіндірме  жасағанда,  мутҽшаббих  (мағынасы  құпия)  аяттарға  мұхкам 

(мағынасы анық) аяттардың негізінде жорамал (тҽуил) жасады. Оның пікірінше, 

егер,  мүміннің  ақылы  тҽуил  жасауға  күші  жетпесе,  ол  мҽселені  Аллаһқа 

қалдырған жҿн. Имам Матуриди мүмкіндігінше Құран Кҽрім аяттарының мҽнін 

ашуға  тырысты.  Сондықтан  да,  бұл  маңызды  еңбекті  кҿптеген  ғалымдар 

зерттеген.  

Ҽбул  Муин  ҽн-Нҽсафи,  Ҽбул  Йуср  ҽл-Бҽздауи,  Ибн  Ҽбил  Уафа,  Хаджи 

Халифа, Муртада ҽз-Зҽбиди секілді ғалымдар Матуридидің бұл еңбегін жоғары 

бағалаған.  

Матуриди бұл еңбегінде семантикалық тҽсілді қолданған. Құранды Құран 

аяттарымен  түсіндірген.  Екінші  қайнар  ретінде  хадисті  (тек  сахих  болған 

хадистерді) пайдаланған.  

Матуриди  хадис  риуаяттарының  сенімділігіне  ҿте  кҿп  мҽн  берген. 

Сонымен  қатар,  ақылға  да  кереғар  болған  риуаяттарды  алмаған.  Бұған  мысал 

ретінде  «Бақара»  сүресінің  67-аятын  айта  аламыз:  Онда  «Бірде  Мұса  (а.с.)  ҿз 

қауымына:  «Аллаһ  Тағала  сендерге  бір  сиыр  бауыздауды  бұйырады»  деп  еді. 

Олар:  «Сен  бізді  тҽлкек  қылып  тұрған  жоқпысың?»  деді».  Матуриди  мұндағы 

мазақының надандықтан туындағанын айта келе, Мұса (а.с.) олардың «Сен бізді 

тҽлкек  қылып  тұрған  жоқпысың?»  деген  сҿздеріне  «Мен  надандардан  болмас 

үшін, Аллаһқа сыйынамын» деп жауап берген еді.  

Матуриди «Аллаһ Тағала оларға бауыздау керек болған сиырдың түр-түсін 

білдірмеген  еді.  «Егер  де  олар  ең  арық  немесе  сиықсыздау  сиырды  бауыздай 

салғанда,  олар  үшін  жеткілікті  болар  еді.  Алайда,  олар  ҿз-ҿздеріне  қиындық 

туындатты.  Аллаһ  Тағала  да  олардың  басына  қиындық  берді»  деген  хабарды 

сахих емес дейді. Яғни, осы секілді еңбегінде хадистердің сахихтығына ҿте кҿп 

мҽн бергендігін кҿруге болады.  

                                                 

 Сҿздің тура мағынасын негізге алып, Аллаһты басқа жаратылғандарға ұқсататын ақидадағы жаңсақ ағым. 




 

 

17 



Матуриди  Құрандағы  Мұсаның  (а.с.)  басынан  ҿткен  секілді  оқиғаларды 

кеңінен  түсіндеретін  қайнар  ретінде  Пайғамбарымыздың  хадистеріне  ғана 

жүгінеді.  Егер  де  қиссалар  жайлы  Пайғамбарымыздың  айтқандары  болмаса, 

қиссаны  дҽлме-дҽл  қабылдауды  жҿн  санайды.  Сонымен  қатар,  Құрандағы 

бұрынғы 

үмбеттер 

туралы 

айтылған 

қиссалар 

Пайғамбарымыздың 

пайғамбарлығына бірден бір дҽлел болмақ. Ал егер де осыған сенімсіз хабарлар 

қосылатын болса, қиссалардың жаңылыс түсіндірілуіне себеп болады дейді. 

Сондай-ақ, Матуриди Салихтың (а.с.) мұғжизасы ретінде танылған аруана 

туралы асыра сілтеп айтылған риуаяттарды терістейді.  

Жоғарыда  аталмыш  екі  мысалдан  түсінгеніміздей,  имам  Матуриди 

Исрайлұлдары  туралы  қиссалар  мен  олардың  тарихы  жайлы  риуаяттарға 

күмҽнді ҽрі «Исрайлиятқа»

 мейлінше сақтықпен қарағандығын кҿреміз.  



Имам Матуриди кез келген хабар/хадистің мазмұны аятқа сай келіп тұрса 

да,  оны  аятқа  «Кҿмекші»  етіп  кҿрсету  дұрыс  емес  дейді.  Негізі  бұл  ұстаным 

қазіргі заман үшін де маңызды. Ҽуелі хадисті толықтай зерттеп болғаннан кейін 

ғана ол туралы «Құранға кҿмекші» үкім беруге болады. Сондықтан да асығыс 

қабылдаған үкімнің нҽтижесі оң бола бермейді. 

Имам Матуриди мысал ретінде «Ағраф» сүресінің 204-аятын баяндайды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет