Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет16/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
31 
ажалын өзі тойлайды. Ал жақындары оған керемет құрмет көрсетуге борышты. 
Қолына ыдыс беріп, қымыз құйып, алдына ас қойылу міндет. Өлген адамның 
дәрежесіне қарай ақсарбас қошқардан бастап, үш тоғызға дейін оның құрметіне 
құрбан шалынған. Араб жазушысы Абу әль-Фидің айтуынша, құрбандыққа 
Қыпшақтар кісі де бауыздаған. Мынау оба тас пен балбалалар сол дәстүрдің 
ескерткіші-міс. Қолына ыдыс ұстаған оба тас — ас ішуге ыңғайланған, сол өлген 
адамның 
өзі, 
ал 
қасындағы 
балбалалар 
жанында 
жерлеп 
отыр- 
ған оның туыс-туғандары-мыс. Екінші аңыз бойынша, адамның тірісінде өлтірген 
жауы о дүниеде соның құлы болады екен. Мына тас мүсіндер осы аңызды 
бейнелейді делінеді. Мынау оба тас — қожасына ас дайындап тұрған сол өзі 
өлтірген бас жауы, ал балбалалар бас жаудың серіктері, ағайын-туыстары-мыс. 
Осы тас бейнеден бөтен жасыл шалғынға оранған кең далада ешбір мола, 
зират, қорған, бекініс жоқ. Желмен ойнап шулаған қалың көгал, күміс толқынын 
тынбай тербеткен шалқар көл... 
Көлдің солтүстік алқабына қонақтарға арнап ақ кигізден басылған он екі қанат 
үш жүз үй тігілген. Іштері Самарқант пен Бұқарадан тоғыз керуенмен тасылған 
қырмызы қызыл кілем, дүрия, торқа жібектен тысталған мамық жастық, түбіт 
көрпелермен безенген. Көлдің төрі батыс жағында, қырқа өңіріндегі оба тас, 
балбалалардан сәл төмендеу. Алыстан көгілдір тартып көрінген жасыл шалғында, 
көк теңіз үстінде ұшқан ақ шағаладай, сүттей аппақ кигіз үйлерді үштен-төрттен 
қосарлап тіккен хан ордасы. Көлдің оңтүстік алқабында хан ордасына жақын 
уәзір, Жошы ұрпақтарының ақ шатырлары мен ақбоз үйлері. Әсіресе солардың 
ішінде ортадағы он екі қанат ақ боз үйдің басына ақ жалау орнатқан, қатарлас 
тұрғызылған оюлы төрт кигіз үй — Жәнібек пен Керей сұлтандардың ордасы. 
Бұлар өзінің еңселі мүсіндерімен алыстан-ақ ерекше көзге түседі. 
Көлдің күншығыс жағында Мауреннахрдан әкелінген аспазшыларға, Арғын, 
Қыпшақтан келген той дәйекшілеріне, қаршыға, сұңқар-лашынға арнап тігілген 
жүз қоңыр кигіз үй... Осы ауылдан қозы көшіндей жерде қонақтарға әдейілеп 
байланған үш мың биенің құлындарына тартқан жиырма қатар қыл арқанды желі. 
Күніне үйірленіп сойылған семіздіктен мамырлаған жылқы, құйрығын көтере 
алмай жатып қалған қотандаған қой... Хан ордасының ар жағында бес 
шақырымдай жердегі тулай аққан мөлдір сулы кішкентай Мойылды өзенінің 
жағасында Шах-Будақтың жесірі — Алтын хан батыры Домбалықтың Аққозы 
қызының келіп қонған ауылы. 
Ас басталғалы жеті күн болған. Алғашқы күні осы арадан көшкен ел бір күн, 
бір түнде жетер Арғынаты тауының ең шетіндегі Шойынды көлден жіберілген үш 
жүз сайгүлік жүйріктен Әбілқайырдың Тарланкөгі озып келген. Атқа шапқан 
ханның жеті жасар немересі, Шах-Будақ сұлтанның баласы Мұхамед-Шайбанидің 
өзі еді. Хан немересінің жүлде алғанына арнап жеке той жасамақшы. Келесі 
күндері күрес, сайыс басталған. Күресте Найман Қаптағай батырдың немересі, 
кереге жаурын, жалаң төс Қаражал батыр бар балуандарды жығып, үстіне 
қырмызы фарсы кілемі жабылған араби қызыл аруананы бас етіп, үш тоғыз бас 
бәйгесін алған. 
Сайыста Қара Қыпшақ Қобыланды жан шыдатпаған. Екі бие сауымындай 
мезгіл оған тек Арғын биі Ақжол ғана төтеп берген. Бірақ ошақ тұяқ Көксеңгірдің 
тегеурініне шыдай алмай бір сайыста астындағы құшақ құйрық Ақжамбасы 
тізерлеп шөгіп қалып, сайыс төрешілері бас бәйгіні Қобыландыға деп шешкен. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
32 
Түйе жарыс, қатын күрес — бәрі аяқталып, бүгін астың ең қызығы, талай жан 
өкінер, талай бидің намысқа шауып қабырғасы сөгілер жыраулар айтысы 
басталған. Айтыс төрешісі жүзден асқан ұлы жырау Асан Қайғы. Ол бұл жолы 
желмаясымен Көкше теңіз тұсын шолып келген-ді. 
— Асан ата, Көкше теңіз маңы қандай жер екен? Сайын ордасын көшіруге
жарар ма? — деген Әбілқайыр ханның сөзіне Асан Қайғы: 
— Қақ үстін жайлау етем десе ханның еркі ғой. Ал мен көрген Көкше теңіз 
маңы: 
«Тас табаны төрт елі 
Атан жүрер жер екен, 
Төсегінен түңілген 
Адам жүрер жер екен». 
деп жауап берген. 
Осы Асан Қайғы айтыс төрешісі. Төреші боларында ол Әбілқайыр ханға: 
— Атамыз Майқы биден бері бәйге хан ордасын кім асыра мақтай алса соған 
беріліп келетін-ді. Бұл жолы ата жолын бұзбақпын. Егер соған көнсең төреші 
боламын, — деген. 
Бүкіл ел-жұртты ардақтаған Асан өтінішіне хан да қарсы келе алмаған. 
— Құп, айтқаныңыз болсын, — деген Әбілқайыр. 
Асан айтыс тәртібін өзінше құрған. Бас бәйге кім де кім жауға қарсы елдің 
ерлігін дұрыс айтып бере алса, соған беріледі. Орта бәйге өз руының жер-суын 
қорғаудағы істерін дұрыс суреттеп берген адамға тапсырылады. Ал аяқ бәйгеге 
Дәшті Қыпшақ елінің болашағын кім дұрыс болжай алса, сол ие.. Және жеңіс 
тәртібі де өзгеше. Бір жырау өз руының ерлігін паш етсе, қарсы жырау сол рудың 
айтылған ерлігінің кемшілігін, қатесін дат етеді. Қайсысының жыры жұрт 
көкейіне қонар болса, сол жеңді деп саналмақ. Шыңғыс ұрпақтарын мадақтайтын 
айтысқа да осы шарт. Бұл шарт үшінші айтыста да қолданылмақ: бір жыраудың 
болжауын екінші жырау сынауы керек. Егер сынай алмаса жеңілген болып 
саналады. 
Бас бәйгеге Қыпшақтың ұлы жырауы Қазтуған мен Арғынның ақиығы Сыпыра 
жыраудың ұрпағы Қотан тайшы түспек болды. 
Қазтуған тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай шымыр адам. 
Сондықтан да оны халық «қарға бойлы Қазтуған» деп атап кеткен. Бір тайпы елдің 
батыры және жырауы. Әбілқайыр тұсында қазақ, ноғай қауымдары (ноғайдың 
біразы Қазан жеріне ауып кетсе де) аралас-құралас көшіп жүрген. Хандар тұтатқан 
өшпенділікке қарамастан, тұтас бір рудың не бір тайпы елдің бүгін ноғай 
құрамында болып, ертеңіне қазақ жағына шығып кетуі әдеттегі жәйт саналған. 
әйтседе, екі ел арасындағы жанжал кейде үлкен ұрысқа айналып, бір жағы ата 
мекен қонысын тастап кететін кезеңдері де болған. Осындай бір айқаста Қыпшақ 
жағы жеңіліп, Ноғайлы дәуірінің жырауы атанған Қазтуған: 
«Салп-салпыншақ анау үш өзен 
Салуалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет