Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет55/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
108 
біледі? Мұсылман дініндегі адамдарға да қиянат етуі мүмкін ғой. Жағатай 
1
тағының құруы да осындайдан басталуы ықтимал. Әйел жүрген жерде — қашан да 
болса қауіп жүреді. Шыңғыс бабамыздың төртінші ұлы Төленің үш баласы бірдей 
— Қытайды басқарған Құбылай, Иран мен Египетті алған Құлағу, ақырында 
Қарақұрымдағы үлкен Орданың ханы Мөңке — Арғын руынан әйел алғанынан не 
шықты? Көп істерді жасырын осы әйелдері басқарды. Құбылай Арғын қызы 
Жауһар ханымның айтқанын екі етпеді, тіпті Қытай мемлекетінің көп істеріне де 
Арғындар 
қатынасты. 
Құлағу 
Арғын 
әйелінің 
айт- 
қанын орындап, қарамағындағы бүкіл Қара теңіз маңындағы елге бас басқақ етіп 
Арғұн батырды отырғызды. Ал сол Арғұн басқақ бір кездегі Жағатай ұлысына 
Жетісу арқылы жүргізілген Батыс пен Шығыстың ұлы жолын өзінше бұрмақ 
болды. Қара теңіз бен Азов теңізінің жағасындағы қалалардың Күншығысқа 
баратын сауда керуендерін ол енді Дәшті Қыпшақ жерін қақ жарып, Арал теңіз 
даласы арқылы өткізуге кірісті. Жолдың бұлай өзгеруі Шығыс пен Батыстың 
керуен сарайы боп тұрған Алмалыққа қанша зиян келтірді. Ал, Мөңке хан өзі 
Қарақұрымда отырса да, қытай мен ұйғыр қызына үйленді. Ақылгөйлерінің көбін 
қытай, ұйғырлардан алды. Осының бәрі ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының өз тілін, 
өз хандығын жоғалтуға аз себеп болған жоқ. Жоқ, жоқ ақымақ балаңның сүйері — 
өз тілегіндегі қатын болмаса, оның зияны аз тимейді. Сондықтан да Исан-Бұғы 
жақсы көрген насрани қызы тірі қалуға тиісті емес. Ол өлуі керек». 
Хан уәдесінде тұрған. Жазығы жоқ, уылжыған жас сұлуды Орданың екі нөкері 
Исан-Бұғының көз алдында бауыздаған. Бұл оқиға Исан-Бұғының жүрегіне бітпес 
жара салған. Ол өзінің сүйген адамының көз алдында қалай ажал тапқанын 
көргеннен кейін, жас жаны енді аяушылықты мүлдем ұмытып, тірі пендеге 
рақымсыз, тасбауыр болып алған. Соңынан алғашқы махаббатының өшін талай 
қас-жауынан қайтарған. Осы өштің ең алғашқы құрбаны әкесі бір, шешесі басқа, 
өзінің ағасы Жұныс еді. Исан-Бұғы әлгі оқиғадан жеті жыл кейін әкесі Уайстың 
орнына Моғолстан тағына отырған күні, ағасы Жұнысты ұстауға әмір берді. 
Ондағы ойы тек «түбі осы менімен хандыққа таласады» деген қауіп қана емес, 
баяғы кәпір қыздан айыртқан өшін алуы да еді. «Таста тамыр, ханда бауыр жоқ» 
деген міне, осылай келетін. Бірақ Жұныс қолға түспей қашып кетеді. 
Исан-Бұғы өзі хан болғаннан кейін, осы кәпір қыздың өлген жеріне құлпытас 
орнатқызып, ескерткіш қойдырған. Әлдеқалай қайғырса, не жол таба алмай 
қиналса, хан үнемі осы араға келетін. Сүйген адамының сол күнгі көз алдында 
бауыздалған суретін елестетіп, сөйтіп босай бастаған көңілін қайтадан 
қатуландыратын. Хан жолының мейрімсіз жол екенін есіне түсіріп, толқуын 
тоқтататын. 
Соңғы кезде Моғолстан шекараларының тыныштығы тым бұзыла бастаған-ды. 
Осыдан бір апта бұрын жеткен хабарға қарағанда, Қашқар, Құлжа қалаларына 
Қытайдың көп әскері шабуыл жасамақ тәрізді. Үйсін Арқалық батырдың жіберген 
шапқыншысының жеткізуі бойынша, шабуылға шықпақ Қытай әскері тым көп 
көрінеді. Егер хан тағынан жәрдем келмесе, Қашқар, Қырғыз сыпайлары ұзақ 
ұрысқа төтеп бере алмайды депті жиені, Қашқар ханы Сетәлі. Сондай-ақ Қара 
Ертіс бойындағы Найман, Керейлерден де арғы жақтарындағы ойраттар қазақ 
жеріне аттанбақ болып жатыр деген хабар жеткен. Ойраттар жеңіл жау емес, оның 
1
Жағатайды қазақтар Шағатай деп те атайды. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
109 
үстіне қолтығына су бүркіп, оларды құтыртып отырған тағы да сол Қытай 
богдахандары. Қытай Қытай болғалы, осыдан мың жарым жыл бұрын өткен 
Қошан патшалығы кезінде де Орта Азияға, қала берді осы күнгі Моғолстан жеріне 
көз тігумен келген. Бірақ осы күнгі Орта Азия, Ауғанстан, Күншығыс Дәшті 
Қыпшақ және Иранның шығыс жағын жайлаған Жүзші, Үйсін, Сақ, Қыпшақ, 
Басмалы, Ұйғыр тәрізді көшпелі елдердің бірігуінен, соңынан Үнді, Ауған, Иран 
халықтарының бас қосуынан туған ұлы қауым қытайдың ықпалына түспек түгіл, 
өз ықпалын жүргізген. Будда діні осы жердегі Қошан патшалығынан Қытай, 
Жапон, Кореяға тараған. Бірақ құмырсқадай қаптап өскен Қытай халқы сол кездің 
өзінде-ақ өз жеріне сыймай бара жатқан соң, богдахандары көне Қытай 
қабырғасынан шығып, әлсін-әлсін жан-жақтағы елге ауыз сала берген. Әсіресе, 
олардың көздегені Көкше теңізге дейін осы күнгі Жетісу болған. Жерін қорғаған 
Үйсін, Дулат, Жалайыр, Басмалы 
1
, Ұйғыр жұрты мен Қытай богдахандары 
арасында сан түрлі ұрыс, қан төгіс айқастар өткен Қара Ертіс, Құлжа, Қашқар 
бойларында Қытай әскері талай жеңілген... Демек, бұдан олар сабақ алмаған, 
қарапайым халқының өлімін шыбын өлімі құрлы көрмейтін Қытай богдахандары 
кей кезде өз шекарасынан өтіп, Көкше теңізге дейін жеткен. Бірақ айбынды, Сақ, 
Қыпшақ атты әскерлері оларды өздерінің «Қытай қабырғасына» қайта қуып 
тыққан. Соған қарамай міне, тағы Моғолстан жеріне шабуыл жасамақ. Әрине 
Қытай шабуылы үйреншікті ауру. Ол басынан ұрылып, таяқ жеп, әбден әккі 
болған жылқы тәрізді, қанша көптігін мес тұтып, қоқан-лоқы көрсеткенмен де, 
Жоңғар қақпасынан бері өтуге батылы бармайды. Жоңғар қақпасына келіп, 
шүлдірлеп азан-қазан болып жатқандарында, бер жағынан біз де жетеміз... Кілең 
атты қазақ, сойылға қарсы келе алмайтын өңшең жаяу қытай әскерін қайтадан өз 
жеріне қуып тығады. Бұл оларға да, бізге де үйреншікті әдет. Сондықтан да бәлен 
ғасырдан бері Қытай богдахандары біздің жерімізге ең болмаса бір қаласын 
тұрғыза алмай келе жатқан жоқ па? әрине бұның бәрі күші жетпегендіктен. 
Әйтпесе қазақты аяйын деп отырған Қытай богдахандары жоқ. Қасқырға бата 
алмаған бұралқы, үреген, сабалақ майлыаяқтар тәрізді, құр байбаламымен 
қорқытпақ. «Құлжа, Қашқарға аттанамыз деп күні бұрын дабыл қағып мазаны 
алмақ...» 
«Расымен бұ жолы да олардікі құр байбалам ба? Жоқ, бұ жолы құр қор- 
қыту емес тәрізді... Моғолстанның бір күшсіз, қамсыз кезін дәл басып отыр. 
Моғолстанның шығыс жағын билейтін Моғол хандары мен солтүстік жағын бас- 
қаратын Жағатай ұрпақтарының арасындағы өзара алауыздықтың аса бір қатты 
шиеленіскен уақытында бас салмақ. Ел басқаратын хандар арасында бірлік жоқ 
кезде, сырттағы жау әдеттегісінен анағұрлым қауіпті...» 
әйтсе де Исан-Бұғының құтын қашырып тұрған бұл жәйт емес. Басқа. 
Ақсақ Темір ұрпағы мен Жағатай ұлысының хандары бабалары өлгеннен бері 
жан аяспас қас. Бұл қастық әсіресе Самарқант тағына әбусейіт отырғаннан кейін 
күшейе түскен. Көк Орда ханының жәрдемімен таққа отырғанын әбусейіт тез 
ұмытқан. Енді ол өзін-өзі бір ұлы сайыпқыран патша санап, жан-жағына 
алабұртып қарай бастаған. Моғолстан жеріне де көз жіберіп, бір-екі рет Түркістан 
өлкесінің оңтүстік жағына да бас сұғып көрген, бірақ соғыс ісіне шебер, Уайс пен 
1
Б а с м а л ы — кейде Басым елі деп аталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет