Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
137
Жетіқоңыр құмы мен Бетпақ даланың арасында қатқыл атырап бар. Жел тұрса
құм сырғақтап жаяу борасындай бастайды. Ал ашық күндерде жарқырап жатады.
Бұл бабаларымыз ісләм дініне кірмей тұрған кезде отқа, суға табынған дәуірде,
көк тәңірісіне, жер тәңірісіне арналып адамнан құрбан шалынатын жер. Ежелден
сұсты, жұмбақ атырап. Жетіқоңырдың
өркеш-өркеш құмынан өтіп, жазыққа
шығысыменен, сонау қу заманның белгісі боп, тақыр дала шетіндегі екі адамның
бас сүйегі сонадайдан көзге түседі. Бастардың қасында атам заманда қадалған
жуан
діңгек
қада
бар.
Күн
күйдіріп,
жел
сүйіп,
әбден
қара-
қошқыл тас болып қатып қалған. Ол қадаға әлеміштер байланған. Бұл белгілеріне
қарағанда, сонау арғы дәуірде осы арадан көшіп жүрген елдер бұл атырапты
әулиелі жер санаған тәрізді. Әлгі қаданың теріскей жағында құлынжалданып,
ұзыннан созылған түйелі кісі бойындай жарнұра бар. Етек тұсынан жер астындағы
көзден жылап шыққан, мөлдір сулы шағын өзен ағады. Бұл өзен қарлы жылдары
қатты тасиды. Тасығанда бір кезде телі емген бұзаудай, қос өзен құйғандықтан
Телікөл деп атанған Телікөл-татаға құйып, бұл арадағы
басқа арадағы басқа уақ
қарасуларды қосып жатады. Сөйтіп сары ала сегіз сайға барып қосылады. Ал егер
қысы қалың қарлы, жазы жаңбырлы жылы Нұраның Қаратұзынан шығатын сай
суы жіңішке Сарыөзен — Сары Кеңгір мен Қара Кеңгір барып құятын
Боқтықарын көліне дейін жетіп қалады. Бұндай тасу он жылда, жиырма жылда бір
болады. Өзге жылдары Нұраның Қаратұз сайы сәл көпіріне көтеріліп, жаз
шықпай-ақ құмға сіңіп жоғалып кетеді.
Осы көпке беймәлім, жұмбақ атырапта Жетіқоңыр құмы мен Сарысудың
ортасынан өтетін қоба жол бар. Қоба жолды көк қияқ басып жатады. Адам тек
салт атпен ғана бара алады.
Жәнібек хан осы Нұраның Қаратұзына әдейі арнап керуен жүргізді. Жазтоқсан
болмай, басына елу үй тіккізіп, құмнан құдық қаздырып көнекпен су тартқызды.
Сай
бойына желі кердіріп, бие байлатты. Келетін қонақтарға деп әдейі
қысырақтардың үйірін айдатты. Өзі әдік, Қамбар, Қасым, Бұрындықты ертіп,
алдын ала келіп хан шатырын тіктіртті. Көп ұзамай адам түгел аң білмейтін
жолдарды тауып, құла дүзге көшіп үйренген ру басшылары — билері, батырлары
Нұраның Қаратұзының жан-жағынан ағыла бастады. Үйсіннен — Әбілқайыр
Үргенішке кетер алдында бөлінген Қылышбай, Қара Оспан батырлар,
Жалайырдан —
Бөрібай батыр, Дулаттан — Бахтияр би, Арғыннан — бір топ
батырларын ерткен Арғын би мен Қотан жырау, Қыпшақтан — Қара Қыпшақ
Қобыланды мен Қазтуған жырау, Найманнан — Қаптағай батыр мен Тұңғашық
батыр, Хақұлы би, Керейден — Қарақожа батыр, Қоңыраттан — Бағалы қожа мен
Орыс батыр, Алшыннан — Темір бидің өзі мен Шалкиіз,
Уақ пен Тарақтыдан
Жаубасар, Асылкерей батырлар мен Борық би келді. Бұлардың әрқайсысы ру
басы, Қаптағайдан басқасы мыңды айдаған шонжарлар. Әр ру басының қасында,
өзінің қарамағындағы кіші тарамдарының ондаған би, батырлары бар. Үйсін
Қылышбай, Қара Оспан батырлардың жанында Албан, Суаннан шыққан бірнеше
заржақ ділмар, шешен, көсемдер келген.
әр халықтың тарихында сан түрлі кезеңі болады: өсу, өркендеу, күйікке
ұшырау, күйреу... Осының бәрін басынан өткізген, заманының жақсылығын да,
жамандығын да көрген, келешегі үшін жан аямай күресе білген, ауыр күндерін,
басына төнген қауіп-қатерді жеңе білген халықтар ғана тарихта қалады. Өзінен