Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
177
Дәшті Қыпшақты қайтадан басқармақ болды. Осындай қарама-қарсы келген төрт
ниеттің тағдыры осы Түркістан өлкесіне кеп тірелді. Мұндай жағдайда Жәнібек
Жайық бойында қала алар ма? Кеше ғана өзі қожа бола бастаған Түркістаннан
айрылғысы келмеді. Түркістаннан айырылуы қайтадан қазақ хандығын жоғалтуы
еді.
Сондықтан
Жәнібек
Сарайшықты
тастап,
қайтадан
бұрын-
ғы қонысына көшуді ойлады. Түркістанды жаулап алу үшін құр ғана әскер емес,
ол жерді жайлайтын, бауыр басып қалатын ел керек. Сол себептен де ұлы жырау
Асан Қайғының:
«Қырыңды киік жайлаған,
Суында балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын
Жемде кеңес қылмадың.
Жемнен де елді көшірдің
Ойыл деген ойыңды
Отын тапсаң тойынды
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің»,
деп толғай ұрысуына қарамай, хандығының келешегін ойлаған Жәнібек бұл жолы
да өз айтқанынан қайтпады.
Жәнібек жорық үшін қайтадан қоныс етпек болған Шу,
Сарысу бойын Асан
Қайғы жамандап: Мына шіркіннің екі жағы борбас екен; баланың іші
қуырылмайтұғын, пышағы қынынан суырылмайтұғын, еркегі ат болатын,
ұрғашысы жат болатын жер екен» деп, не болмаса Жәнібектің көп елі жайлай
бастаған Қаратауды көріп: «Көкектен басқа құсы жоқ, көк шөптен басқа ісі жоқ,
жер азғыны мұнда екен, қатыны семіз,
ері арық ел азғыны мұнда екен, аты
бестісінде қартаятұғын, жігіті жиырма бесінде қартаятұғын жер екен» деп Еділ
мен Жайық бойын тастамауды айтса да, Жәнібек көнбеді. Түркістаннан айрылса,
Дәшті Қыпшақтан айрылатынын, Ордасы жоқ, ошағы жоқ, азық-түлік, сауда-
саттығы жоқ, бөтен жұртпен байланыс жасай алмайтын көшпелі елді
күншығысындағы Әбілқайыр
ұрпағы мен Темірлан тағы, күнбатысындағы
Ноғайлы, Астрахань, Қазан хандықтары бөлшектеп жұтып жіберетініне көзі
жеткендіктен өз дегенінен таймады. Ол енді ештеңеге қарамады. Өз жолының жөн
екенін біліп тұрғандықтан, Асан Қайғының дегеніне көнбеді. Бүкіл жұртты
шұбырта тағы көшті. Келе сала Сығанақ үшін Мұхамед-Шайбанимен соғысуға
дайындалды. Бірақ бұл кезде Мұхамед-Шайбани әжептәуір күшейіп алған-ды.
Екі жақ Сауран мен Яссының ортасындағы кең жазық далада кездесті. Бұ жолы
ешкім де жекпе-жекке шықпады. Жәнібек бастаған қалың әскер екінді кезінде
Мұхамед-Шайбанидың шебіне ат қойды. Жау жағы да қарсы шапты. Бірақ
Мұхамед-Шайбани қулығын асырды. Қазақ әскерінің
мақсаты қан майданда
жауын жалпы жеңу болса, Әбілқайыр Ордасының ойлағаны хан Жәнібекті құрту
еді. Бетпе-бет кеп тұра қашқан бір топ әскерді қуа түскен Жәнібек пен батыр Саян
кенет өздерінің Мұхамед-Шайбани мен Ақсофы батыр басқарған қосшы
омағының ер жүрек он сан жауынгерлерінің ортасына қалай түскендерін білмей