Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет88/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
174 
өзінен шыққан, тіпті сонау Жайықтың арғы бетінен келген жау екеніне ешкім де 
шек келтірмеді. Бұған киім үлгісі, көмкеруі, оюы куә еді. 
Жағанды бүкіл ел-жұрт боп арулап қойып, жетісін бергеннен кейін, Жәнібек 
тағы Қасымды өз ордасына шақырды. Қасым келгеннен соң, оның беліндегі 
қанжарды алды да, қолына ұстап тұрған, Жағанның кеудесінен суырылған 
қанжармен екеуін баласының алдына қойды. 
— Көрдің бе, екеуі бірдей, — деді Жәнібек, — саған осы екі қанжар қандай 
сыр айтып тұр? 
— Бір шебердің жасағаны ма? 
— Одан бөтен? 
— Есіңізде ме, анам марқұмға Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға 
тимеймін деп ант бергенімде менің қолымнан мынау қанжарды алып, «саған 
қадалар қанжар менің жүрегіме қадалсын» деп еді ғой? Анамның сол тілегі
орындалған тәрізді. 
— Рас, анаң адал жан еді. Адал жүрегінен тілеген тілегі орындалды. Топырағы 
торқа болсын. Ал бұдан басқа бұл қанжардың лақтырылуынан не ұқтың? 
— Қанжар не сізге, не маған арналып лақтырылған. 
— Дұрыс айтасың. Бұл қанжарларды Мекеге барған Ноғайлы хандығының бір 
биі Стамбулдан алып келген. Маған біреуін берген еді. Сен жеті жасқа толғаныңда 
әдейі беліңе байлағам. Ал қалғандары сол Ноғайлы елінде болатын. Мына 
қанжарды лақтырған адам не саған, не маған арнап лақтырды. Және өзі со жақтан 
келді. Бұдан не ұқтың? 
— Еділ бойындағы ағайындар да тек жатпайтын тәрізді ғой. 
— Дұрыс айтасың. Дәшті Қыпшақ жері — түйенің терісі тәрізді мол дүние. 
Әркім-ақ одан бір ұлтандық жұлып алып қалуға құмар. Тегі Түркістанға тым көңіл 
бөліп кеткен тәріздіміз. Біз бұ жақта әуре болып жүргенде, Еділ бойындағы 
Ноғайлы Темір би мен Астрахань Ордасының әміршісі Қасым сұлтан да бос 
жатпағаны көрініп тұр... Қазан мен Қырым хандарымен тіл табысқандай ма, қалай. 
Төрт жұрттың төртеуі де бізге дос емес. Түркістанды аламыз деп жүргенде, олар 
Дәшті Қыпшақтың бүкіл батысын басып қалуға дайындалып жатпағанын кім 
білсін. Жоқ, артыңды бекітпей тұрып алдыңды қармай берудің жөні болмас... 
Қандай ақылың бар? 
— Ақылым өзіңіз ойлағандай: жау екі жақтан. Астананы екі жағыңа бірдей 
қарай алатын жерге көшіру керек. 
— Оның Ұлытау ма? 
— Жоқ, Ұлытау екі жақтың дүбірінен де алыс. Бізге тегі қауіпті тұстан тақа 
алыс кетпеу жөн. Дәшті Қыпшақ хандығы бұл жақтағы шекарасын қазір әжептәуір 
бекітіп алды. Енді Сауранды жаулап алсаңыз өздері бүлініп жатқан Әбілқайыр 
мен Темірлан тақтарынан бәлендей қауіп әзірге туа қоймас... Қауіп дүмпуі 
Ноғайлы жақтан. Дәл Ноғайлы хандығы болмаған күнде де, ар жағында Түрік 
патшалығы бар. Біз о жақтан тым алыстап кеттік. Сығанақты — Бұрындық 
сұлтанға қалдырып, хан Ордасын Жайық бойындағы көне қала — Сарайшыққа 
көшірген жөн. 
— Өзім де осылай болжап едім. Дәшті Қыпшақ хандығы болу үшін 
қарамағымызда Еділ, Жайық, Жем, Торғай өзендерін жайлаған туыстардың бір 
бол- 
ғаны жақсы. Ал олар біздің құрығымыздың мойындарына түсуіне тым шалғай 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
175 
жатқанын місе тұтып, бөліне жайылып жүрген түрі бар... Оның үстіне ар жағында 
тағы қас жауларымыз тұр... 
Күзтоқсанның бас кезінде хан «Тағанақ кеңесін» шақырды. Бұл кеңес хан 
ұсынысын дұрыс деп тапты және қыс түсе Сауранды қайтарып алуды мақұл деп 
шешті. 
Жәнібек қыс түсе Сауранды басып алды да, келесі жылы жаз шыға Сығанақты 
— Бұрындыққа, Созақты — Махмұдқа, Сауранды үлкен баласы Жиреншеге 
тастап, өзі Жайық бойындағы Дәшті Қыпшақтың көне қаласы Сарайшыққа көшті. 
Баласы Қасым жөн айтқан сынды, егер тағы бір бес жылдай бұ жаққа көңіл 
бөлмегенде, бүкіл Еділ, Жайық бойы Мұғажар тауына дейін Ноғайлы, Астрахань, 
Қазан, Башқұрт хандарының үлесіне кетуі мүмкін екен. Оның үстіне Жәнібекті 
«бар қазақтың ханы» деп құр атағаны болмаса, бұл арадағы рулар оның 
ықпалынан тым алыс жатқан-ды. Хан өзінің тегеурінді мінезіне басып, тағы қауіп-
қатерлі, кейде қан төгіссіз бітпейтін жаңа айқастарға кірісіп те кетті. Енді ол өзіне 
арналған қанжардың неге батыстан лақтырылғанын ұқты. Оңаша отау, жеке хан 
болуды арман еткен басшыларының азғыруы салдарынан Еділ, Жайық, Елек, Жем, 
Торғай, Ор өзенінің бойындағы рулар Жәнібекке бағынудан айни бастаған. 
Жәнібек өзінің он мың атты әскерін ерсілі-қарсылы дүбірлетіп, көк құрыш 
алдаспанын найзағайдай жарқылдатып, енді оларды ойлануға мәжбүр етті. Осылай 
бұ жақтағы қазақ руларының басын біріктіріп, Дәшті Қыпшақ хандығына күшпен 
бағындырам деп жүргенінде балаларына тастап кеткен Дәшті Қыпшақтың 
күншығыс жағына Әбілқайыр ханның кезінен де зор қауіп туғанын білмей қалды. 
Әбілқайыр өзі өлместен бұрын Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды
өзінің бұрынғы атекесі Бай-Шайх ұйғырға тапсырған. Және оларға атеке етіп 
бұрынғы күкілташы қосшы руынан шыққан Дәулет-Қожа бектің баласы Дарвиш-
Хұсайын-Қарашыңды тағайындаған. Бұл екеуі де Әбілқайырмен бірге Көк Орданы 
тігіскен ер жүрек, сенімді адамдар болатын. Шайх-Хайдар өлгеннен кейін 
Әбілқайыр тағына отыру Мұхамед-Шайбанидың кезегі еді. Өйткені оның әкесі 
Шах-Будақ сұлтан Әбілқайырдың үлкен баласы. Ал өзі Шах-Будақтың Аққозыдан 
туған тұңғышы. Екі жылдан кейін, Махмуд-Сұлтан туған. Екеуі де түрге келбетті, 
алып күшті, жас жолбарыс тәрізді ер жүрек жандар. Оның үстіне екеуі де оқуға 
зирек, өнер-білімге жақын. Хан маңындағы адамдар түбі әлемге Сайбан 
тұқымының атын шығарар осы екеуінің бірі болар деп жоритын. Бар үміттерін 
олар Мұхамед-әкім эль Тарази тойында ақтағандай да еді. Осындай үміт күткен 
екі ханзаданы Әбілқайыр қайтыс болысымен, әмірлер кеңесі «көзіңнің
қарашығындай сақта» деп Әбілқайырдың ең сенімді, ең ер жүрек батыры 
Қарашыңға тапсырған. Сол себептен бұл батыр өзін осы екі ханзаданың өміріне 
жауапты санайтын. Жалғыз жанын құрбан етіп оларды қауіп-қатерден сақтауға 
ант еткен. 
Осы екі ханзаданы Шайх-Хайдар қаза болған ұрыстан алып шығысымен 
Қарашың батыр Хаджитархандағы, яғни Астраханьдағы Жошының үшінші ұлы 
Құтлық-Темірдің ұрпағы, Қасым ханға бірден тартқан. Мауреннахр жерінде 
жүрсе, тірі қалуларынан Қарашың батыр күдіктенген. Астрахань тағына отыруға 
кезінде Әбілқайыр үлкен жәрдем берген Қасым хан, қашып келген ханзадаларды 
құшағын жая қарсы алған. Қарашың батырмен ақылдасып, Қасым хан Мұхамед-
Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды жаудан жасырып бағуды Маңғыт руынан 
шыққан Темірбекке жүктеген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет