Исламдағы тазалық
білуші. Ал біле-білгенге дәреттің адам үшін мың сан
пайдасы мен игілігі бар.
дәреттің тән тазалығы тұрғысынан маңызы
жоғарыда қысқаша тоқталған аузымызды, мұр-
нымызды, жүзімізді, аяқ-қолымызды жуу арқылы
жүзеге асатын тазалықты – дәрет дейміз. Дәретті
күніне бірнеше мәрте аламыз. Ауру-сырқаудың көбіне
ауыз, мұрын секілді ас қорыту, тыныс алу жолдары
арқылы тарайтынын ескерсек, дәреттің пайдасының
ұшан-теңіз екенін аңғарамыз. Медицинада дәлелден-
ген гидротерапияның көптеген элементтері дәретте
түгелдей қамтылған.
Аллаһ тағала белгілі жағдайларда мұсылмандарға
дәрет пен ғұсыл алуды бұйырған. жиі-жиі жасалатын
мұндай тазалықтың денсаулыққа профилактикалық
пайдаларын санамаласақ, бір ғана дәретте қаншама
пайда барын аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |