49
Тән тазалығы
сын санамалар болсақ, дәрет барысында бетін жуған
адамның мақшар таңында жүзі жарқын болады деген
үміт бар. Қолды жуғанда, қолы береген әрі жомарт
болады. Сондай-ақ амал дәптері оң жақтан берілуі
мүмкін. Аяқты жуғанда ақиретте жақсылыққа жетер
жолдағы кедергілерді оп-оңай басып өту мүмкіндігі
шығады. Міне осындай үмітпен дәрет алу – адамның
Аллаһ тағаланың разылығына бөленуге септігін
тигізеді.
Дәрет алу барысында тән тазалығымен қоса жан
тазалығын да шыңдау үшін мынадай кеңес беріледі:
қолды жуғанда жүректі дүниеқоңыздықтан арылту
қажет. Ауызға су бергенде тек қана жақсылық сөйлеуге
бекінген жөн. Бет жуғанда Хақтан басқаға мойын
бұрмауға уәде ету керек. Аяқты жуғанда, тек тура
жолда жүруді мұрат қылу керек.
Дәрет – Аллаһтың құзырына барудың алдын-ала
жасалатын дайындығы. Аллаһ тағаланың құзырына
баруға бекінгендер іштей және сырттай тазаруға ден
қоюы керек. іші-сыртының біркелкі болғанын жан
дүниесімен қалайтын адам іштей тазаруға да жіті көңіл
бөледі. Сыртқы тазалық сумен, іштей тазалық тәубе
етумен жүзеге асады.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:
«Ашу-ыза – шайтаннан. Шайтан болса оттан
жаралған. Олай болса, бойыңызды ашу-ыза керне-
генде оны жеңу үшін дәрет алыңыз»
37
, – деп, дәреттің
физиологиялық және рухани тұрғыдан пайдаларына
тоқталған.
37
Әбу Дәууд, Сүнән, Әдәб