Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


хаббаб ибн Әрәттің көрген қорлықтары



Pdf көрінісі
бет115/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce
6 grade I БЖБ үшінші тоқсан (1)
хаббаб ибн Әрәттің көрген қорлықтары
Әбу Ләйла әл-Кинди айтады: «Хаббаб ибн Әрәт 
(р.а.)
Омар 
(р.а.)
қатысып отырған әлдебір мәжілістің 
үстінен түседі. Омар оған: «Кел, жақында! Аммар ибн 
Ясирды қоспағанда бұл жиынның есте қалатындай
айта жүретіндей мәнді боп өтуіне септігін тигізетін се-
нен лайық адам жоқ», – дейді. Аммар жанынан таспа 
тілген мүшріктердің қаныпезерлігіне мұсылмандардың 
тағы бір мәрте көзін жеткізе түскісі келгендей көйлегін 
түріп, қанталап күлдіреген жотасын отырғандарға 
жағалай көрсетіп шықты
249

Хаббаб 
(р.а.)
айтады: «Мен темір ұстасы болатын-
мын. Көбіне алдыма келген адамдар қолма-қол есеп 
айырыса алмай, қарызға жаздырып кететін. Бір күні 
сондай кісілердің бірі Ас ибн Уаилден алашағымды 
сұрап бардым. Ол беті бүлк етпестен: «Жоқ, уаллаһи, 
248
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/177-178
249
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/353 (37026)


270
Сахабалар салған сара жол
Мұхаммедтің пайғамбарлығын жоққа шығармасаң
алашағыңды бермеймін», – деді. Мен оған: «Буы-
нып өлсең де, қайта тіріліп келсең де мен бәрібір 
Мұхаммедке қарсы шықпаймын», – дедім. Мына 
дүниеден кейін ана дүниенің барына, өлімнің дәмін 
татқан соң, қайта тірілетініне сенбейтін адамға дауа 
жоқ. Ол мені мазақ етіп: «Жарайды, өліп-тірілген 
кезімде кел, малым да, жаным да сенікі. Берешегімді 
сол кезде қайтарамын», – деді. Осыған орай, Хақ 
тағала мынадай аятты түсірді: 
«
Ол ғайыпты білудің 
жолын тапты ма, әлде Рахманнан нақты уәде алды 
ма? Тіпті де олай емес! Міне, оның осы сөзін алдына 
келтіреміз және азабын үсті
-
үстіне еселейміз. Ол сөз 
еткен мал мен жанға біз иеміз, ол біздің құзырымызға 
жалғыз келеді»
(Мәриям, 19/78-80).
250
Хаббаб ибн Әрәттің 
(р.а.)
тағы бірде былай дегені 
бар: «Мүшріктердің кезекті бір жан төзгісіз азабына ду-
шар болғанымды Пайғамбарымызға айтып: «Аллаһқа 
біз үшін дұға етпейсіз бе?» – деп сұрадым. Ол ғайыпқа 
барып-келіп жатқандай айрықша алабұртып, толқи 
сөйледі. «Өткен-кеткен әр қауымда сондай адамдар 
бар: темір тарақпен етінен өтіп, сүйегіне жеткенге дейін 
таралса да, олар діннен бас тартпады. Күмәнсіз, Аллаһ 
бұл істі ақыр аяғына дейін жеткізеді. Бірақ ерте ме, кеш 
пе атты адам Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпастан, 
Санадан Хадрамаутқа дейін қауіп-қатер қайдан келеді 
деп алаңдамай сапар шегетін мамыражай күн туады. 
Алайда сендер тым асығасыңдар», – деді.
251
250
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 5/111 (21112)
251
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/60


271
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет