Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Зубәйр ибн Аууамның басынан өткен



Pdf көрінісі
бет113/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce
6 grade I БЖБ үшінші тоқсан (1)
Зубәйр ибн Аууамның басынан өткен 
қиыншылықтар
Әбул-Әсуәд (р.а.) Зубәйр ибн Аууамның сегіз жа-
сында Исламға кіріп, он сегізге толғанда һижрет ет-
кенін айтады. Көкесі Зубәйрді өндірдей жас болғанына 
қарамастан шиге орап, отпен азаптап, Исламнан бас 
тартуға мәжбүрлейтін. Алайда Зубәйрді дегеніне 
көндіре алмай кетті
239

Хафс ибн Халид (р.а.) Мусулдан келген бір қарт 
адамның былай дегенін айтады: «Бірде Зубәйр ибн 
Аууаммен бірге сапарға шықтық. Иен далада ол жүніп 
болып қалады. Жуынып жатқанда, көзім еріксіз денесі-
не түсіп кетті. Жалаңаш тәні жарақат ізінен көрінбейді. 
«Уаллаһи, мұншалықты көп тыртықты ешқашан 
көрген емеспін» дедім. Ол «Аллаһқа ант етемін, осы 
жарақаттың барлығын Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.)
қол 
астында шайқасып жүріп алдым» деді. 
Тағы бір риуаятта былай делінген: «Көргендердің 
айтуынша, тозған киімге түскен жамау секілді Зубәйрдің 
денесіндегі қаптаған тыртықтан көз сүрінетін»
240
.
238
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/29
239
Хаким, Мүстәдрәк 3/406 (5547); Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 
9/212 (14833)
240
Әбу Нуайм, Хилия 1/90


265
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Алғашқы азаншы біләлдің көрген 
қорлықтары
Ибн Мәсғуд 
(р.а.)
айтады: «Исламға алғашқы бо-
лып кіргендер және мұсылмандығын бірінші болып 
жариялағандар: Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
, Әбу Бәкір, Ам-
мар, Аммардың анасы Сүмәйя, Сүхәйб Руми, Біләл Ха-
баши және Миқдат 
(р.а.)
.
Аллаһ расулына көкесі Әбу Тәліп, ал Әбу Бәкірге 
өз руы қолдау білдіргендіктен, мүшріктер ол екеуіне 
тек сырттай аузын ақситқаны болмаса, тіс батырған 
емес. Ал басқа мұсылмандардың ізін аңдып, ұстап 
алып қи-найтын, темірден сауыт кигізіп, шақырайған 
күннің көзіне тастап кететін. Жалғыз Біләлден басқасы 
мүшріктердің айтқандарына амалсыз көніп, айда-
уына жүгіретін. Біләл ғана Аллаһтың жолында жа-
нын пида етуге бар екенін дәлелдеп қана қоймай, 
Пайғамбарымыздың ең жақын серіктерінің біріне ай-
налды. Біләл (р.а.) мұсылмандардың ішінде ең көп 
қиындық көрген мүміндердің бірі еді. Оны балалар да 
мазақтайтын. Мекке көшелерімен алып жүрген сәтті 
ұтымды пайдаланған Біләл (р.а.) былайғы жұртқа 
ақиқат үшін ақыр аяғына дейін қандай қорлыққа да 
төзетінін көрсетіп, бірыңғайда сол арқылы, дәлірегі, 
осы қасіретімен қараңғылықты серпіп, тәухидті наси-
хаттады. «Ахад, Ахад, яғни Аллаһ жалғыз! Аллаһ бір!» 
деп айқайлаудан танбады»
241

Уруа ибн Зубәйрдің риуаяты бойынша, Біләл (р.а.) 
Жумахұлдарынан тарайтын әлдебір әйелдің құлақкесті 
құлы болатын. Мүшріктер қайткен күнде де оны діннен 
қайтару үшін, шоқтай қарыған құмға жалаңаш күйінде 
жатқызып қинайтын. Қол тигізу былай тұрсын, бет 
241
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/28


266
Сахабалар салған сара жол
қаратпайтын тандырдай шарпыған құмның үстінде қу 
жаны көзіне көрінсе де, Біләл мойымай: «Ахад! Ахад!» 
деумен болды. Қару қылар қайраны жоқ Уарақа ибн 
Нәуфал: «Ахад! Ахад деуіңнен танба, Біләл!» – деп 
сөзбен дем беріп, әрі «Егер оны өлтірсеңдер, басына 
кесене тұрғызамын», – деп Біләлді жігерлендіретін
242

Хишам ибн Уруа әкесінің былай дегенін айтады: 
«Уарақа ибн Нәуфал адам айтқысыз азап тартып жат-
са да, «Ахад! Ахад!» деуден танбаған Біләлға: «Ей, 
Біләл! Ахад! Аллаһ бір!» – деп жігер беретін. Уарақа 
мұнымен ғана тынбай Біләлға қорлық көрсеткен Умәйя 
ибн Халафқа қыр көрсетіп: «Аллаһқа ант етемін, оны 
өлтірсеңдер, мазарын елдің бәрі қастерлеп, тәу ететін 
зиярат орнына айналдырамын», – дейтін. 
Мүшріктердің Біләлға көрсетіп жатқан кезекті 
қорлығының үстінен түскен Әбу Бәкір (р.а.) Умәйяға: 
«Мына бейшараға көрсеткен қорлықтарың үшін 
Аллаһтан қорықпайсыңдар ма? Бұл қашанға дейін 
жалғасады?» – деп сұрайды. Әбу Бәкірдің жазғыра 
сөйлеген сөзіне Умәйя: «Оны жолдан тайдырған сен 
болатынсың, енді өзің құтқарып ал», – дейді мізбақпай, 
азғыра жауап қатып. Әбу Бәкір (р.а.): «Менің бұдан да 
денелі, өгіз қара күші бар бір құлым бар. Оның үстіне, 
ол сенің дініңнен. Егер хош көрсең, Біләлді маған бер 
де, орнына сол құлымды ал», – дейді. Умәйя келіседі. 
Әбу Бәкір Біләлді осылайша азат етеді. Әбу Бәкірдің 
Мәдинаға һижрет етпей тұрып, азат еткен құлының 
саны Біләлді қосқанда жеті адамға жеткен еді».
Ибн Ысхақтың жеткізуі бойынша, күннің шыжыған 
аптап ыстығында Умәйя Біләлді жалап тұрған жалаңаш 
тастың үстіне шалқасынан жатқызып бір қинаса, 
242
Ибн Хажар, әл-Исабә 3/634


267
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
бұған да айызы қанбай үстінен қой таспен бастырып, 
екі қинайтын. «Не осылай ауыр азаптан көз ашпай 
ит қорлықпен өлесің, не болмаса Мұхаммедке қарсы 
шығып, Лат пен Узза пұттарына табынасың», – дейтін 
жекіп. 
Аммар ибн Ясир, Біләл мен жолдастары, олардың 
шеккен азаптары, Әбу Бәкірдің Біләлді азат еткенін есі-
не алғанда, мына мағынадағы бірнеше шумақ өлеңді 
оқиды:
«Аллаһ Біләл мен досы Атиқты (Әбу Бәкірді) 
сый-құрметке бөлесін! Факих ибн Муғира мен Әбу 
Жәһілдің сазайын берсін. Олар ымырт үйіріле Біләлға 
қастық ойлап, қарау ниеттерін жүзеге асыруға асығады. 
Бұ жолы да Біләлға (р.а.) адам ойына келмейтін аза-
пты көрсетуден шіміріккен жоқ. Біләлдің бар айы-
бы – Құдайдың бір екеніне сенді және «Раббым – 
Аллаһ» деп шаһадат айтуы еді. «Мені өлтірсе өлтірсін, 
өлімнен қорқып Рахманға серік қоспаймын» дегені 
еді. Біләл (р.а.) «Ей, Ибраһимнің, Жүністің, Мұсаның 
және Исаның Раббысы, құтқар мені. Мені жақсылық 
пен әділдіктен жұрдай, зұлымдыққа жұнттай ала-
тын жауыздардың озбырлығынан құтқара гөр!» – деп 
Аллаһқа жалбарынатын»
243
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет