281
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
түйені кезектесіп мінуге тура келді. Алты адамның аяқ
артарына бір түйеден айналғандықтан, сүрпіл жүрістен
менің екі табаным да ойылып, тырнақтарым түсіп
қалды. Көмегі шамалы болса да, аяғымызды матамен
орап алып, сапарымызды жалғастырдық. Сол себептен
де бұл жорық «жамаулылар» деген мағынаны беретін
«Затур-риқа» деп аталып кетті»
259
.
4. АллАһ ПЕн РАСулы үшІн АшТыҚ
АЗАбынА дА МойыМАу
Пайғамбарымыздың аштыққа төзуі
Нұғман ибн Бәшир
(р.а.):
«Сендер қазір не ішіп, не
жеймін демейсіңдер, солай емес пе? Аллаһқа ант етемін,
мен Расулаллаһтың жүрек жалғайтын бір құрма да таба
алмаған сәттеріне куә болғанмын», – деген
260
.
«Аштыққа ұшыраған адамның азабы ауыр
болмайды»
Әбу Һұрайра
(р.а.)
айтады:
Бірде Пайғамбары-
мыздың
(с.а.с.)
намазды отырып оқып жатқанының
үстінен түстім. «Уа, Расулаллаһ,
намазды отырып
оқуыңның себебі не?» – деп сұрадым. «Аштық, уа, Әбу
Һұрайра», – деп жауап берді. Менің көзімнен жас ыр-
шып кетті. Бұл күйімді байқап қалған Аллаһ расулы
«Жылама, Әбу Һұрайра! Мына дүниеде аштық азабына
сабыр еткен адамның есебі қиямет күні ауыр болмай-
ды», – деді»
261
.
259
Әбу Нуайм, Хилия 1/260
260
Мүслим, Сахих 4/2285 (2978)
261
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/348 (18628)