Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Расулаллаһ пен сахабалардың аштықтан



Pdf көрінісі
бет124/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Расулаллаһ пен сахабалардың аштықтан 
қарынға тас байлауы
Әбу Талха 
(р.а.)
айтады: «Бірде аштықтан бұра-
тылып, алдына келіп, жағдайымызды айттық. Тіпті сен-
бей қоятындай көйлегімізді түріп, қарнымызға не бай-
лап алғанымызды көрсеттік. Сонда Пайғамбарымыз да 
бізге киімін түріп көрсетті. Өзі бір емес екі тас байлап 
алған екен»
273

270
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/52
271
Бұхари, Сахих 5/2066 (5097)
272
Табарани, әл-Муғжамул-әусат 1/273 (891)
273
Мүнзири, әт-Тәрғиб 4/96 (4964)


285
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Ибн Бужәйр 
(р.а.)
айтады: «Бірде Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
аштықтан қарнына тас байлап алған екен, бізге 
былай деді: «Сөзімді мұқият тыңдаңдар. Дүниеде іш-
кені алдында, ішпегені артында талай адам бар, олар 
қиямет күні аш, жалаңаш қалады. Жақсылап тыңдаңдар. 
Талай адам ішіп-жегеніне мәз, тәнқұмарлығын күйттеп, 
өзімді жарылқадым деп ойлайды, шын мәнінде, олар 
өздеріне өздері қиянат жасап жүргенін білмейді. Ал 
нәпсінің айтқанына жүріп, айдауына көнбегендер түбі 
жақсылыққа кенеледі»
274
.
Айша 
(р.а.)
анамыз Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден 
өткеннен кейін тоқшылық орнап, тоғышарлық белең 
алғанын айтады: «Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
арамыздан 
кеткеннен кейін, оның үмбетінің арасында байқалған 
алғашқы нәубет ит басына іркіт төгілген ас та төк 
молшылық болды. Мұсылмандардың қарны тоқ, көйлегі 
көк, уайымсыз-қайғысыз өмірден бар есіл-дерті дүниеге 
ауып, күннен-күнге көздеріне шел бітіп, жақсылық пен 
жамандықты айырудан қалды»
275
.
Пайғамбар мен оның отбасының, Әбу 
бәкір мен омардың аштық азабын тартуы
Ибн Аббас 
(р.а.)
айтады: «Бір күні Әбу Бәкір (р.а.) 
аптап ыстыққа қарамай Пайғамбарымыздың мешіті-
не тартады. Әбу Бәкірдің келгенін естіген Омар (р.а.): 
«Уа, Әбу Бәкір, күн жанып тұрғанда, көшеге шыққаның 
қалай?» – деп сұрады. Әбу Бәкір (р.а.) өзін мұнда өзегін 
талдырған аштықтың айдап келгенін, тіске сыздық та-
былар деген үмітпен сыртқа шыққанын айтады. Омар да 
өзінің басындағы күйдің осы екенін айтады. Олар осы-
274
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 15/1335 (43502)
275
Мүнзири, әт-Тәрғиб 3/100 (3239)


286
Сахабалар салған сара жол
лай сөйлесіп тұрғанда, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
көрінеді. 
«Қарғаның миы қайнайтын мына ыстықта не істеп 
жүрсіңдер?» – дейді. Олар көшеге өздерін аштықтың 
дедектетіп алып шыққанын айтқанда, Нәбиаллаһ: 
«Аллаһқа ант етемін, мен де осы себепті сыртқа 
шықтым. Жүргенге жөргем ілінеді, кеттік», – дейді. 
Олар Әбу Әйюб әл-Ансаридің (р.а.) есігін қағады. Әбу 
Әйюбтің әрдайым Пайғамбарымызға тамақ не сүт алып 
қоятын әдеті бар еді. 
Аллаһ расулы сол күні күндегі уақытында келме-
ген соң, оған деп сақтаған тамақты балаларына беріп, 
өзі шаруамен айналып құрма бауына кеткен болатын. 
Есікті Әбу Әйюбтің әйелі ашып: «Қош келдіңіздер!» 
– дейді. Аллаһ расулы 
(с.а.с.):
«Әбу Әйюб қайда?» – 
деп сұрайды. Пайғамбарымыздың даусын естіген 
Әбу Әйюб (р.а.) құрма бауынан жүгіріп келіп «Қош 
келдіңіздер! Уа, Расулаллаһ, мұндай уақытта келмеу-
ші едіңіз, тыныштық па?» – дейді. Аллаһ расулының 
не мақсатпен келгенін айтқызбай ұққан Әбу Әйюб 
(р.а.) бау-бақшасынан шырыны сыртқа теуіп, толысып 
піскені бар, әлі піспегені бар құрма сабағын әкеледі. 
Расулаллаһ: «Сонша әуре болғаның не, бізге кепкен 
құрма да жететін еді ғой», – дейді. Әбу Әйюб: «Уа, 
расулаллаһ, әр түрін татып көргендеріңізді қаладым. 
Отыра тұрыңыздар, өздеріңізге арнап мал соямын», 
– дейді. Аллаһ расулы: «Олай болса, сауынды малды 
сойып қойып жүрме», – деп ескертеді. Әбу Әйюб (р.а.)
ұрғашы лақ, басқа риуаят бойынша еркек лақ сояды.
Әбу Әйюб лақтың жартысын асып, жартысын 
қақтайды. Буы бұрқыраған асты Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
бен жолдастарының алдына қойғанда, Аллаһ расулы 
бір жапырақ етті нанның үстіне қойып: «Әбу Әйюб, 


287
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
мынаны қызым Фатимаға беріп жіберші. Ол мұндай 
тамақты жемегелі қашан?» – дейді. 
Әбу Әйюб (р.а.) Фатиманың сыбағасын бала-
сынан беріп жібереді. Ас желініп, қарын тойғаннан 
кейін, Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Нан, ет, кепкен құрма, 
жас құрма, піскен құрма», – дейді де, көзіне жас 
алып: «Аллаһқа ант етемін, күмәнсіз, қиямет күні 
осы нығметтерден есепке тартыласыңдар», – дейді. 
Бұл сөзі сахабаларына ауыр тигенін біліп: «Осындай 
нығметтерді қолдарыңа алғанда «бисмилләһ» деңдер. 
Тойған кездеріңде «Бізді аштық азабынан құтқарған, 
бізге нығмет берген және артығымен берген Аллаһқа 
шүкіршілік айтамын» деңдер. Шүкір ету арқылы 
Аллаһқа алғыстарыңды білдіре аласыңдар», – дейді.
Сосын Аллаһ расулы Әбу Әйюбқа: «Ертең бізге 
кел», – дейді өзіне жақсылық жасаған адамның қолын 
құр қайтармайтын әдетіне салып. Әбу Әйюб (р.а.) 
күйбеңдеп жүріп Аллаһ расулының не дегенін есті-
мей қалады. Омар (р.а.) оған Расулаллаһтың оны ертең 
өзіне шақырғанын жеткізеді. Ертеңіне Әбу Әйюбке 
Аллаһ расулы бір күңді тарту етіп тұрып: «Әбу Әйюб, 
оны ренжітіп алып жүрме, біз одан тек жақсылық қана 
көрдік», – дейді. Әбу Әйюб ол күңді азат етеді
276
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет