325
Һижрет
сұрайды. Мұсылмандар: «Бұл дінді арамыздағы бір кісі
әкелді. Біз өзін де, ата тегін де жақсы білеміз», – деп
жауап берді.
Одан әрі мұсылмандар: «Аллаһ бізден бұрынғы
қауымдарға пайғамбарлар жібергені секілді оны да
бізге пайғамбар етіп жіберді. Ол бізге жақсылық жа-
сауды,
садақа беруді, уәдеге берік болуды, аманатқа
қиянат жасамауды бұйырды, пұтқа табынуға тыйым
салды. Жалғыз, теңдесі жоқ Аллаһқа
құлшылық жа-
сауды бұйырды. Біз оны растап, Аллаһтың сөздерін
үйрендік, әкелгендері Аллаһтан екеніне шын жүректен
сендік. Біз осы айтылғандарды өмірімізде жүзеге асы-
ра бастағанымызда, өз қауымымыз Пайғамбарымыз
бен
бізге қарсы шығып, зорлық-зомбылық көрсетті.
Сөздерін өтірікке балап, өзін өлтірмек болды, бізді
пұттарға табынуға күштеп бақты. Біз өз өміріміз бен
дінімізді сақтап қалу үшін, өз жерімізден кетуге мәжбүр
болдық», – дейді.
Мұны естіген Нәжаши: «Уаллаһи,
сендер айтып
тұрған мына дін Мұсаның айтқандарына өте ұқсас
екен», – дегенде, Жағфар
(р.а.):
«Сәлем беру мәселесіне
келсек, Пайғамбарымыз бізге жұмақ халқының сәлемі
«әс-сәләм» болатынын айтты, бізге осылай сәлем бе-
руді бұйырды. Сондықтан да біз саған осылайша сәлем
бердік. Мәриямұлы Исаға келетін болсақ, ол Аллаһтың
құлы және елшісі, – Хақ
тағаланың Мәриямға тарту
еткен «сөзі»
320
,ар-намысы пәк, абыройлы Мәриямның
ұлы» деді. Сонда Нәжаши: «Мәриямұлы Исаның
айтқандары мына адамның айтқандарына ұқсайды
320
Сөзі – яғни Аллаһ тағаланың «Бол!» деген әмірімен пайда
болған.
326
Сахабалар салған сара жол
екен», – деді.
Нәжаши осылай дегенде, қасындағы
хабаштық көсемдер: «Уаллаһи, халық мына сөзіңді есті-
се, сені тақтан тайдырады», – дейді. Нәжаши: «Аллаһқа
ант етемін, Иса (а.с.) туралы бұдан артық нәрсе айта
алмаймын. Хақ тағала мына патшалықты маған берер-
де, мен туралы халықтың пікірін тыңдаған жоқ қой,
мен Аллаһтың діні турасында халықтың дегеніне неге
бағынуым керек? Құдай мені мұндайдан сақтасын» де-
ді.
321
Имам Ахмәдтің Пайғамбарымыздың әйелі Үммі
Сәләмадан алған басқа бір риуаятында былай делін-
ген: «Нәжаши сахабаларды шақыруға адам жіберді.
Нәжашидің елшісі барып хабар айтқан соң сахабалар
дереу жиналып, Нәжашиге барады. Иса (а.с.)
туралы
Нәжаши сұрай қалса, не дейтінін алдын-ала ақылдасып:
«Уаллаһи, бар білетінімізді айтамыз. Пайғамбарымыз
бізге бұл мәселеде не бұйырған болса, біз соны айта-
мыз» дейді.
Нәжашидің алдына келгенде, христиан білгірлері
алдарына кітаптарын ашып қойып, Нәжашидің қасында
сахабаларды күтіп отыр екен. Нәжаши сахабалардан:
«Ел-жұрттан безуге дейін апарған бұл діннің ерек-
шелігі неде? Сендер менің дінімді де, басқа діндерді
де қабылдамапсыңдар, солай ма?» – деп сұрады. Сонда
Жағфар: «Ей, патша! Біз сауатсыз, жабайы қауым едік.
Пұттарға табынып, өлексе жейтінбіз, адамгершілікке
жат әдеттерге бой алдырған ел едік. Туыстарымыз-
бен байланысты үзіп, көршіге қиянат жасайтынбыз.
Күштілер әлсіздерге зорлық-зомбылық көрсететін. Со-
дан Хақ тағала бізге тегі белгілі, турашыл, сенімді және
321
Ахмад
ибн Ханбәл, Мүснәд 1/201 (1740)