339
Һижрет
(Ниса, 4/97) деген аят түсті. Осыған орай, Меккедегі
мұсылмандар «Мынау жерді асты-үстіне келтіретін ес-
керту ғой. Енді һижрет етуден басқа шара жоқ», – де-
седі. Сонда
«Тек мүмкіндігі жоқ және һижретке жол
таба алмаған еркектер, әйелдер мен балаларға бұл
үкім жүрмейді. Өйткені, олар Аллаһтың кешірімінен
үміт ете алады. Аллаһ, шынында да, асқан кешірімді»
(Ниса, 4/98) деген аят түсті.
Осы аят түскеннен кейін Ләйсұлдарынан көзі
көрмегенімен, дәулеті мол Дамра ибн Әбул-Айс: «Мен
ол үкімнен шет қалатын адам емеспін, мен һижрет етудің
бір жолын табармын. Өйткені менде мал да, құл да бар.
Қане, мені түйеге мінгізіңдер», – дейді. Жұрт науқас
Дамраны сүйемелдеп түйеге мінгізеді. Ол Тәнғим де-
ген жерге жеткенде, қайтыс болады. Денесі Тәнғим
мешітінің қасына жерленеді.
«Кім үйінен Аллаһқа және
расулына һижрет ету ниетімен шығып, жолда ажа
-
лы жетіп, қайтыс болса, ол да сыйға лайық және оны
сыйға бөлеу Аллаһқа тән. Аллаһ өте кешірімді, аса
рақымды»
(Ниса, 4/100) деген аятта Дамра туралы
айтылған еді
331
.
Достарыңызбен бөлісу: