Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу ләхабтың қызы дүрраның һижреті



Pdf көрінісі
бет151/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу ләхабтың қызы дүрраның һижреті
Ибн Омар, Әбу Һұрайра және Аммар ибн Ясир 
(р.а.)
айтады: «Әбу Ләхабтың қызы Дүрра һижрет етіп, Му-
алла әз-Зүракидің 
(р.а.)
үйіне түсті. Оны көруге барған 
Зүрәйкұлдарының бір топ әйелі Дүрраға: «Сен Әбу 
Ләхабтың қызысың. Аллаһ ол туралы 
«Әбу Ләхабтың 
екі қолы құрысын. Құрыды да. Оған малы да, табысы да 
пайда бермеді»
деген. Сондықтан да һижретіңнен саған 
пайда жоқ», – деп тиіседі. Тамағына өксік кептеліп, ызаға 
338
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 22/431 (1051)


346
Сахабалар салған сара жол
булыққан Дүрра Пайғамбарымызға 
(с.а.с.)
мұңын шағып 
барады. Аллаһ расулы оны жұбатып: «Қане, отыршы», 
– дейді. Жамағатқа бесін намазын оқытып болғаннан 
кейін мінберіне шығып: «Әй, адамдар! Әхли-бәйтіме 
тиісіп, мені неге ренжітесіңдер? Аллаһқа ант етемін
қиямет күні менің шапағатымнан Ха, Хакәм, Суда және 
Сәхләп тайпалары құр қалмайды», – деді
339
.
339
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир24/259 (660)


347
Б
Есінші
 
Бөлім
МұһАЖырлАрҒА қАМқОр 
БОлҒАн АнсАрлАр
Ансарлар тура жолға апаратын осы ұлы дінге 
қалайша жан-тәнімен берілді? Олар не себепті Исламға 
қолдау көрсетті? Осы ізгі істері мен жомарттықтарын 
келер ұрпаққа қалай өнеге етіп қалдырды? Дүниелік 
нәрселерден неліктен, бас тартты? Осынау қаптаған 
сауалдардың бір-ақ жауабы бар: олар бұлардың 
барлығын Аллаһтың разылығына бөлену және расулы-
на бағыну мақсатында жасаған еді.
1. АнСАРлАРдың ұлы МІндЕТТІ 
оРындАуғА КІРІСуІ
Айшаның айтқаны
Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
жыл сайын араб тайпаларын аралап, Аллаһтың сөздері 
мен хабарларын еркін уағыздауы үшін олардың өзіне 
қамқор болуын сұрайтын және мұның қайтарымы 
ретінде оларға жұмақты уәде ететін. Алайда, бірде-бір 
араб тайпасы оған қолдау көрсетпеді.
Ақырында, Хақ тағала өз дінін жеңіске жеткізді. 
Расулына көмектесіп, уәдесін орындады. Расулаллаһты 
ансардың арасына жіберді. Олар Пайғамбарды 
(с.а.с.)
жылы қабақпен, құшақ жая қарсы алып, Аллаһ тағала 


348
Сахабалар салған сара жол
олардың жерін өзінің пайғамбары үшін һижрет орны 
етті»
340
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет