Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің бәдір соғысына



Pdf көрінісі
бет180/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу бәкірдің бәдір соғысына 
қатысқандарды басшы етіп сайлаудан тар-
тынуы
Әбу Бәкір ибн Мұхаммед әл-Ансари айтады: 
«Әбу Бәкірге (р.а.) «Ей, Аллаһ расулының халифа-
сы! Бәдір соғысына қатысқандарды неге басшы етіп 
тағайындамайсың?» – деп сұрағанда, Әбу Бәкір: «Мен 
олардың қадірін жақсы білгендіктен, мына өмірдің 
уақытша мансабымен кірлеткім келмейді», – деп жауап 
берген»
402
.
омардың басшы тағайындау туралы хаты
Хариса ибн Мударриб айтады: «Омар (р.а.) бізге 
мынадай хат жазған еді: «Сендерге Аммар ибн Ясирді 
басшы, Абдуллаһ ибн Мәсғудты мұғалім әрі көмекші 
етіп жібердім. Екеуі де Расулаллаһтың таңдаулы саха-
балары, екеуі де Бәдір соғысына қатысқан. Діндеріңді 
солардан үйреніңдер және оларға бағыныңдар. Мен 
сендерді өзімнен артық көргендіктен, Абдуллаһ ибн 
401
Тирмизи, Сүнән 5/156 (2876)
402
Әбу Нуайм, Хилия 1/37


402
Сахабалар салған сара жол
Мәсғудты жіберіп отырмын. Осман ибн Хунәйфті 
Ирактың ауылдарына жібердім. Олардың еңбекақысына 
күніне бір қой берілсін. Еттің жартысы мен ішек-қарын, 
бас-сирағы Аммар ибн Ясирдікі. Қалғаны үшеуінің ара-
сында өзара үлестірілсін»
403

басшылық қызметті мойындарына ала 
тұрып, ақыретін аман сақтап қалғандар
Шақиқ ибн Сәләма айтады: «Омар Хауазин 
тайпасының зекеттерін жинауға Бишр ибн Асымды 
(р.а.) жұмсайды. Бірақ Бишр бұл істен бас тартады. 
Омар оған: «Неге бармадың? Бізді тыңдап, бағынуға 
міндетті емессің бе?» – деп сұрайды. Бишр ибн Асым: 
«Әрине, елдің басшысына бағынуға міндеттімін. Алай-
да мен пайғамбардың «Кімде-кім мұсылмандардың ісі-
не жауаптылықты (басшылық) мойнына алатын болса, 
қиямет күні ол адам тозақ көпірінің үстіне әкелінеді. 
Жақсы әрекет жасаған болса, құтылады, жаман әрекетке 
барса, басып тұрған жері қақ жарылып, тереңдігі жет-
піс жылдық қашық шыңыраудан төмен құлдилайды» 
дегенін естіген едім», – деп жауап береді.
Бишрдің осы уәжінен кейін Омар жаны жабырқап, 
зілмеауыр жүктің астында жаншылып, ілби басып, 
жолда келе жатып Әбу Зәррмен кездесіп қалады. 
Әбу Зәрр: «Ей, мүміндердің әмірі! Қамығулысың 
ғой?» – дегенде, Омар: «Қалай қамықпаймын, Бишр 
ибн Асымды көрдім. Маған Аллаһ расулының «Кім 
мұсылмандардың басқару ісін өз жауапкершілігіне 
алса...» деп басталатын хадисін айтты», – дейді таусыла 
сөйлеп. Әбу Зәрр: «Сен мұны Расулаллаһтан естімеген 
бе едің?» – деп сұрайды. «Жоқ», – дейді Омар. «Куәлік 
403
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 4/878 (11636)


403
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
етемін, мен де Расулаллаһтың «Кім мұсылмандардың 
біріне қандай да бір міндет жүктесе, ол адам қиямет 
күні тозақ көпірінің үстіне тұрғызылады. Егер ол 
өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса, сол 
тапсырманы берген адам да құтылады. Ал міндетін 
дұрыс атқармаса, көпірдің тұрған жері қарс айыры-
лып, тереңдігі жетпіс жылдық қашықтықтан тұратын, 
тас қараңғы шыңырауға құлайды» дегенін естідім. Ей, 
Омар, сені осы екі хадистің қайсысы қынжылтты?» – 
дейді Әбу Зәрр. Омар: «Екеуі де жүрегімді сыздатты. 
Мұндай қауіп төніп тұрғанда, халифалықты кім мойны-
на алсын?» – дейді. Әбу Зәрр: «Халифалыққа тек Аллаһ 
мұрнымен жер иіскетіп, төмендеткен адамы ғана та-
лаптана алады. Я, Омар, біз сені тек жақсы жағыңнан 
білеміз. Егер халифалықты әділетсіз адамға тапсырсаң, 
оның обалынан құтыла алмайсың!» – деді
404



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет