Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Амр ибн Ас (р.а.) пен омар (р.а.) арасында



Pdf көрінісі
бет185/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

 Амр ибн Ас (р.а.) пен омар (р.а.) арасында 
болған оқиға
Абдуллаһ ибн Йәзид айтады: «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Затус-Сәласил жорығына әскери 
жасақ аттандырды. Арасында Әбу Бәкір (р.а.) мен 
Омар (р.а.) бар еді. Баратын жерлеріне жақындағанда, 
Амр ибн Ас қасындағыларға от жақпауды бұйырады. 
Омар ашуланып, Амрдың қасына баруға оқталады, 
бірақ Әбу Бәкір (р.а.) жібермей: «Пайғамбарымыз оны 
соғыс тәсілін жақсы білетіндіктен, саған қолбасшы етіп 
қойды», – дейді. Әбу Бәкірдің осы сөзінен кейін Омар 
(р.а.) сабасына түседі»
414

Қолбасшыны құрметтеу туралы ияз ибн 
ғунмның сөзі
Жубәйр ибн Нуфәйр айтады: «Ирак өлкесінен 
Дара бағындырылған кезде, Ияз ибн Ғунм әл-Әшғари 
413
Әбу Дәуіт, Сүнән 2/179 (2719)
414
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/788 (35768)


411
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Дараның әміршісін ұрған болатын. Хишам ибн Хаким 
Иязға барып, баршаның алдында адам ұрғаны үшін оған 
кейіп, көңіліндегі қыжылын білдіреді. Хишам бірнеше 
күннен кейін кешірім сұрауға Иязға барып жолығады, 
«Ей, Ияз! Сен Аллаһ расулының «Қиямет күні ең ауыр 
азапқа ұшырайтындар – дүниеде адамдарды қинап, азап 
шектіргендер» дегенін естімедің бе?» – дейді. 
Сонда Ияз: «Ей, Хишам! Сенің естігеніңді біз де 
естідік, сенің көргендеріңді біз де көрдік, сен қатысқан 
сұхбаттарға біз де қатыстық. Бірақ сен Аллаһ расулының 
«Қандай адам болса да, қолбасшыға және ел басшы-
сына ішкі қыжылын, наразылығын жұрттың алдында 
ашық айтпасын. Оңаша жерге барып айтсын. Сенің 
айтқаныңды жөн деп тапса, нұр үстіне нұр, ал өзінің 
міндетін қабылдамаса, өзінің дұрыс деп тапқанын жа-
сайды» дегенін естімедің бе?
Уа, Хишам, басшыға осылай әрекет жасауға қалай 
батылың барады? Аллаһтың бұйрықтарына бағынған 
басшының сені өлтіріп, басшыға бағынбағандықтан 
өлтірілген адам болудан қорықпайсың ба?» – деді»
415
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет