Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 хАлиФАлАРдың бІР-бІРІнЕ ЖӘнЕ



Pdf көрінісі
бет216/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

19. хАлиФАлАРдың бІР-бІРІнЕ ЖӘнЕ 
ӘКІМдЕРгЕ АйТҚАн өнЕгЕлЕРІ
 Әбу бәкірдің омарға айтқан ұсыныстары
Мәлікұлдарынан әл-Әғар айтады: «Әбу Бәкір 
(р.а.) Омарды (р.а.) өзінің орнына қалдыруды ой-
лап, оны шақырып алып, былай дейді: «Менен кейін 
жауапкершілігі ауыр халифалық қызметті сенің өз 
мойныңа алғаныңды қалаймын. Ей, Омар, Аллаһтың 
бұйрықтарына мойынсұнып, Одан қорқатын бол, 
өйткені тақуа адамға қауіп-қатер төнбейді. Халифалық 
қызмет оны атқара алатын, алып жүре алатын адамға 
ұсынылуы тиіс. Кімде-кім басқаларға ақиқатты айтып, 
өзі бұрыс жолмен кетсе, халыққа жақсылықты насихат-
тап, өзі жамандық істейтін болса, қысқасы, сөзі мен ісі 
бір жерден шықпаса, ол адам ұзаққа бармайды, сенімі-
нен айырылады, жасағандарының барлығы зая болады. 
Мұсылмандарды басқаруды өз міндетіңе алып жатсаң, 
олардың обалына қалма, тіліңе ие бол, олардың намы-
сына тиме. Құдірет Аллаһтың қолында»
488
.
Әбу бәкірдің демі үзілер алдында айтқан 
өсиеті
Абдуррахман ибн Сабит айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) 
қайтыс боларында Омарды (р.а.) шақырып, оған мына-
дай өсиет айтады: «Ей, Омар! Аллаһтан қорық! Мынаны 
біл, Аллаһ қалаған істің өз орны, өз уақыты бар, күндіз 
атқарылатын, бірақ түнде орындалғаны қабыл болмай-
487
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/930 (14316)
488
Табарани, Кәнзул-уммал 5/930 (14316)


459
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
тын істерін айтуға болады. Адам парыздарын толық 
орындамаса, нәпіл ғибадаттар қабылданбайды. Қиямет 
күні таразыда кейбір адамдардың сауабы ауыр тартса, 
бұл – оның дүниеде Аллаһқа басыбүтін мойынсұнғаны. 
Ақиқат салынған таразының ақыретте ауыр басаты-
ны айқын. Қиямет күні таразыда кейбір адамдардың 
сауабының жеңіл болу себебі – олардың бұл дүниеде қате 
жолға түсуінен. Есептен қателік кетсе, таразының ертең 
жеңіл тартатыны белгілі. Аллаһ тағала жұмақтықтарды 
ескерерде оларды ең ізгі істерімен еске алады. Олардың 
жаман әрекеттеріне қарамайды. Мен жұмақтағылар ту-
ралы ойланғанда, «Оларға қосыла алмаймын ба?» деп 
қорқамын. Хақ тағала тозақтықтарды ең жаман істері-
мен еске алады, олардың жақсы әрекеттерін беттеріне 
ұруда. Олардың жағдайын ойлаған кезде, «Солардың 
қатарында кетіп қалмаймын ба, мен мұндар» деп жа-
ным түршігіп, аза бойым қаза болады». 
Риуаятшылар айтады: «Әбу Бәкір кейін Құран 
кәрімнен көптеген рақымдылық және азап аяттарын 
оқиды да, былай дейді: «Ей, Омар! Мүмін құл үміт 
пен үрейдің арасында болуы керек. Аллаһтан тек 
жақсылыққа бастайтын ізгілікті тілеуі керек, Аллаһтың 
рақымынан үмітін үзбеуі тиіс. Әркім өзін қатерге 
итермелемеуі керек. Ей, Омар, егер өсиетімді берік 
ұстанатын болсаң, өлімді қуана-қуана қарсы аласың. Ал, 
өсиетіме немқұрайды қарасаң, өлімнен асқан сұмдықты 
таппайсың. Ал өлімнен қашып құтылу мүмкін емес!»
489
489
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/878 (14180)


460
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет